Тексерген: Болат Г. Б



бет5/6
Дата15.05.2023
өлшемі28,62 Kb.
#93191
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Жетістік дегеніміз – рухани әрі дене қуатын бір мақсатқа бағыттау, сол мақсатқа жету. Қандай да бір істі тындырымды да тыңғылықты істеу де өз алдына жетістік. Ойдағыдай істелген іс, жоспарланғандай атқарылған жұмыс, мұрат етілгендей орындалған арман – жетістіктің нақ өзі. Бқл көзді қаншалықты аршыған адам қмірде соншалықты бақыт табады. Адамның шаттыққа оранып, құмарлана өмірден ләззәт алатын, қуанышқа бөленіп, рахаттана шат-шадыман болатын бақытқа жету жолдарының бірі – осынау жетістік.

Жағдайдың болмауы, қаржы тапшылығы жетістікке кері әсерін тигізбей қоймайды. Дегенмен, бұл жетістікке кедергі емес, сылтау ғана. Айталық, Моцарттың дүниеде ең үздік болуына оның кедейшілік өмірі кедергі бола алмаған.


Адамның өзіне деген ішікі сенімі барлық нәрсені жеңе алады. Іші қуыстанып тұрып жетістікке жетем деу бос әурешілік. Басқаға жалтақтау, қзгенің көмегіне сену, әке-шешеге иек арту келешекте басқа үлкен қайғы әкеледі. Өйткені, ер жеткенде жалтақтайтын ешкім болмай қалады, өзіңе, тек өзіңе ғана бағыт бере алмақсың.


Еңбектенбей жетістікке жету мүмкін емес. Кісі еңбегі – оның маңдай тері. Еңбек тынымысыз үнемі болып тұрса ғана табыс үзілмейді. Кім қандай биікке жетсе – ол оның еңбегінің арқасы.


Адам баласы өмірде жемісті ғұмыр кешуді әрі бақытты болуды армандайтыны шындық. Табысты жұмыс жасасам, аңсаған арманыма жетсем деп тілейді. Алға қойылған мақсаттарының орындалуын көксейді. Ал осы үшін әрекет жасайды, тірлік қылады. Дегенмен әркім әрқашан діттеген жерінентшыға алмайды, көксегені де орындала бермейді.Содан барып кейбіреулер тағдырға шағынады. Тіпті жолым байланып қалған деушілер де көптеп кездесіп жатады. Осындай көзқарастарға илеуінде кетіп, тағдырдың тәлкегіне ғана көнуді жол тұтып, алға мақсат қоймай ғұмыр кешетіндер де баршылық. Шынымен де адам тағдыр жолымен жүреді, бірақ та тағдырды ағыс боымен жүзіп жатқан кеме ретінде санасақ, ішіндегі адам кеменің сол жаққа (бұрыс жолға) немесе оң жаққа (дұрыс жолға) бұрылатының таңдап, қадағай алады. Сонымен, адам таңдау жасай алады, дегенмен, жеттістікке жете алады. Ал жетістікке жету үшін оның не екенің білуі керек және оған қалай жетуге болатының білуі керек.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет