Тексерген: Болат Г. Б


Табандылық қалай қалыптасады?



бет3/6
Дата15.05.2023
өлшемі28,62 Kb.
#93191
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Өз мұратыңа жету

Табандылық қалай қалыптасады?
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, табандылық қасиет бірден келмейді. Оған ұзақ уақыт тынымсыз жүргізілген жұмыстың нәтижесінде жетуге болады. Мәселен, мен өзіме күн тәртібін белгіледім және соны біраз жылдардан бері қатаң сақтап келемін. Таңертең 6-те тұрамын. Мұздай суға шомылып, бір сағаттай медитациямен айналысамын. Содан кейін 40-45 минут дене жаттығуын жасаймын. Күніне бір сағаттай таза ауада серуендеймін. Кешкілік 22.00-де ұйқыға жатамын.

Міне, осы күн тәртібін қатаң сақтауға тырысамын. Рас, алғашында қиналып, өзімді өзім зорлап жасап жүрдім. Бірақ кейін келе күн тәртібін орындау жеңіл бола түсті. Ал қазір онсыз өмір сүре алмастай сезінемін.




Нәтижесі қандай?
Денсаулығым жақсарып, жұмысқа деген қабілетім артты. Бүгінде мен екі көптеген курстарды оқып, білімімді ұдай жетілдіріп келемін. Бәріне үлгіріп, уақыт табамын.
Күнделікті өмірімізде жетістік, жетістікке жеткен адам кім? деген сұрақты өзімізге қоямыз. Жетістікке барлық адамдар болмаса да көпшілігі жеткісі келеді. Жетістікке жету туралы Шығыс және Батыс мәдениетінде әр түрлі түсініктер қалыптасқан.

Батыс мәдениетінде – бұл мақсатқа жету мәдениеті, адам іс әрекет жасау керек, яғни ертеңгі жаңа асуларды алу үшін сен дәл қазір іс әрекет жасау керексің дегені. Мақсатқа жету дегеніміз құмарлық, жеңіске жетіп жаңа асуларды алуға деген құлшыныс, оның рахатына бөлену.


Нағыз жетістікке жеткен адамның өмірін құрайтындар осы. «Жетер, күттік– енді қимылдау керек!» деген оның, яғни жетістікке жеткісі келетін адамның ұраны осындай. Бұл жетістіктің басқа да жағы бар екенін біз жақсы біліп алуымыз керек, үнемі жан таласқа түсіп, іс әрекетіміздің «бітпейтін әрекетке» айналуы адамға көптеген зардап шектіруі мүмкін.


Тұлғаның дамуы барлық сфераларда толығымен үйлесімділік табуы қажет. Ішкі бастаулар сыртқы дамуды анықтайды, тартады.


Жетістікке жету неден басталады?
Әлемдегі ең атақты бизнесмен, миллиардер Уоррен Баффеттің ережелеріне сүйенсек, ең бірінші тұлғаның өзінен басталады. Яғни, өз-өзіңді өзгертуден, жетілдіруден.

Нағыз шынай байлық – бұл біздің талантымыз, осы талантымызды дамытуға деген қабілеттіліктеріміз. Олар біздің ішкі жан дүниемізде жатыр, олар әруақытта дамиды, көрінеді. Бұл байлығымыз толығымен дамуы және көрінуі үшін ішкі жан дүниеміздегі ұмтылыстар мен ниет, тілегімізбен үйлесімді түрде дамуы керек. Тілек, ниетіміз іштей қарама — қайшылықта, ойымыз басқа, ал ішкі ұмтылыстарымыз тіптен басқа болуына жол бермеу керек.


Жетістікке жету – тұлғаның өмірдегі үйлесімді дамуы болып табылады.Тұлғаның потенциалды мүмкіндіктерін оңтайландырудың басты жағдайы – белсенділік белгілі бір іс-әрекет түріне бағыттылық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет