Тексерген: Болат Г. Б


Ерік күшінің қайнар көзі – табандылықта



бет2/6
Дата15.05.2023
өлшемі28,62 Kb.
#93191
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Ерік күшінің қайнар көзі – табандылықта.
Жігерсіз адам ешқашан алдына нақты мақсат қойып, соған жетуге құлшынбайды. Оған оның шамасы да жетпейді. Жігерсіз адам әдетте «бұл менің қолымнан келмейді, ол өте қиын, қолға алған күнде де еш нәтижеге жете алмаймын» деп алдын ала өзін құрдымға құлатып қояды. Адамды биіктерге жетуге құлшындыратын күш – ерік-жігер десек, оның өзі табандылықтан бастау алады.

«Тамшы – тас теседі» деген сөз бар. Яғни, тырсылдап тынымсыз таматын кішкентай тамшы гранит тасты тесіп, қақ айырады. Сол сияқты ерік күші күнде жасайтын тынымсыз әрекеттен бастау алады. Ал ондай әрекетті күнде жасап отыру үшін табандылық қажет. Мәселен, сіз күн сайын таңертең 25-30 минут дене жаттығуын жасадыңыз делік. Демалыс, мереке күндері ме, бәрібір сіз еш үзіліссіз күнде дене жаттығуын жасайсыз.


Осының арқасында көп ұзамай сізде ерік күші жиналады. Ал ерік күші арқылы ойыңызға алған мақсатыңызға жетуге қажетті құлшыныс туындайды. Онсыз сіз ешқашан мақсатыңызға жете алмайсыз.




Жігерлі жанның жеңбейтіні жоқ.
Күнделікті қолданып жүрген кәдімгі электр лампасын ойлап тапқан американдық өнертапқыш Эдисон лампаны жасау үшін 10 мыңнан астам тәжірибе жасапты. Соншама мәрте сәтсіздікке ұшыраса да алған бетінен қайтпаған ол 10001-ші әлде онан да кейінгі жасаған тәжірибесі сәтті болып, электр лампасын ойлап тапқан.

Ал ұшақты жасаған ағайынды Райтерлер 365 рет сәтсіз тәжірибеден кейін 366-шы рет жасаған батпырауықтары көкке көтеріліп, соның арқасында ұшақ дүниеге келген. Алған бетінен қайтпай, мақсатына жетуде сонша өлермендік танытқан мұндай адамдар тарихта аз болмаған. Біздің қазіргідей биікке көтерілуімізге дәл солардың тигізген ықпалы аз болмағандығы анық.


Өмір жолы тақтайдай тегіс деп ойлайтын адам ақымақ және ол ешқашан мақсат биіктеріне көтеріле алмайды. Өмірде біз күтпеген неше түрлі кедергілер мен қиындықтар көп. Ойға алған мақсатқа жету үшін сондай қиындықтарды түгел жеңуге қажетті ерік күш болуы керек. Ал ондай ерік-күш табандылықтан пайда болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет