Тексерген: Жанузакова Құралай Лириканың жанрлық түрлеріне ақындар шығармаларынан мысалдар теру Жанр


Табиғат лирикасы: Мұқағали Мақатаев «Қыс келген күні»



бет3/4
Дата26.11.2023
өлшемі82,27 Kb.
#128307
1   2   3   4

Табиғат лирикасы: Мұқағали Мақатаев «Қыс келген күні»


Тысқа шықсам,
Күн шыңылтыр, қар жауған.
Ызғар, аяз атырылып бар маңнан,
Асып анау асқар-асқар таулардай,
Қыс жетіпті тонын теріс аударған.
Қыс жетіпті,
Сол баяғы кезіндей,
Қуырып жүр дүниені көз ілмей,
Күн нұрынан еш жылылық сезілмей,
Әйнектенген маскүнемнің көзіндей.
Шуылдаған шау қарғадай жар салып,
Сәбилер жүр кәрі атасын қарсы алып.
Махаббаттан ұмыт қалған ұстаз қыз,
Терезеге қарап отыр тамсанып.
Терезеге қарайды да, тамсанып,
Мұңая ма, қуана ма ән салып?!
Жібір емес терезеге қатқан мұз,
Жылуымен жылытса да қаншалық.
Аттанасың аяқтамай арманды,
(Рас екен жалған десе, жалғанды!)
...Қыз жанарын оқулыңқа аударды,
Шешпек болып көп белгісіз сандарды...

Саяси-азаматтық лирика: М.Мақатаев «Революция жаңғырығы»


Екі дүние ерегісіп жатқанда
Сұңқар құлап жартасқа,
Дауыл тұрған шақтарда,
Күшігендер ақпанда,
Сай,жыраны паналап,
Жемтік іздеп баққанда,
Жұмыр жерді аралап,
Кетті бір үн ғаламат.
Ұшты ақнық Дауылпаз
Қанатына жүк артқан.
Қалды тобыр мұнартқан,
Сұлулардың иісіне құмартқан
Қалды небір кеселдер:
Қорқақ. күншіл, мешелдер,
Бола алмаған көсемдер,
Көбік езу шешендер.
Соқты дауыл үйіріп,
Ұшты жасын, жай-оттар.
Болаттан құрсау киініп,
Шықты жалаңаяқтар.
«Дауыл бұлтты тіледі...»
Үндеген сонда кім еді?
Ол - Данконың жүрегі,
Ол - Еділдің ұлы еді.
Революция байрағын
Қанатына қыстырған
Дауыл бұлтты серпеді!
Жаратылған ұшқыннан
Ол - алапат өрт еді.
Құдіретіне Адамның
Дауылпаз басын иеді.
Горький - ұлы заманның
Ұрпаққа тартқан сыйы еді.
Горький - ойлар тартысы,
Ақиқат пен ардың ұлы.
Горький - революция жаршысы,
Революция жаңғырығы!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет