Тексерген: Калиева С. Е. Орындаған: Нұрбек Д. Н тобы


Консонантизмдер (дауыссыздар жүйесі)



бет2/7
Дата06.01.2022
өлшемі37,4 Kb.
#12526
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Фонетика

Консонантизмдер (дауыссыздар жүйесі).

Тіліміз дыбыс жүйесін сингармофонологиялық бағытта зерттеуші ғалымдар Ə.Жүнісбек пен М.Жүсіпұлы қазақ тіліндегі сингармофонеманың ерекшеліктерін жан–жақты қарастырды. Ə.Жүнісбек қазақ тілінде 17 дауыссыз сингармофонема бар деп көрсетеді [6, 22-32-бб.]. Ғалым осы дауыссыз сингармофонемалардың (п,б, т, д, с, ш, з, ж, г-ғ, к-қ, л,м, н,ң,р,й,у) сингармониялық варианттарын зерттеді. Ə.Жүнісбек қазақ фонетикасында фонологиялық статусы жөнінде əр түрлі пікір айтылып жүрген к,қ фонемасы жайында нақты көзқарасын білдіреді. «В силу этого исследователи считали их родными фонемами, что они равноправные сингармонические оттенки одной глухой смычной среднеязычно-увулярной фонемы»,- дейді [6, 25-б.]. дауыссыз г – ғ дыбыстары жөнінде осындай пікір айтады.

Ə.Жүнісбек қазақ тілінде 17 дауыссыз сингармотип 66 сингармодыбыстан құралатындығын анықтады [6, 31-б.]. Яғни, бір дауыссыз сингармотип төрт тең сингармодауыссыздан жасалады деген қорытынды жасайды. Ескеретін жай, дауыссыз у сингармофонемасы екі түрлі, яғни жуан еріндік, жіңішке еріндік үндесім арқылы ғана дыбыстала алады. Езулік үндесімде айтылмайды. М.Жүсіпұлы бұл 66 сингармовариация тек əлді позицияда, ал əлсіз позицияда тағы да 39 сингармовариант бар екенін, барлығы 17 дауыссыз 105 сингармодыбыстан тұратындығын дəлелдеді [7, 116-б.]. Ғалым осы он жеті дауыссыз сингармофонеманың тоғызының (т, ж, ш, м, р, ң, й, л, у ) құрамында сингармовариант жоқ, ал одан басқа сегіз сингармофонема (п, б, д, з, с, г-ғ, к-қ, н) құрамныда сингармовариант та, сингармовариация да бар екенін анықтады [7, 115-б.]. Осы сингармодауыссыздардың əлсіз позициялардағы сингармовариацияларын төмендегі мысалдар арқылы көрсетеді:

[б] - [п] тап барды (таппарды), есеп берді (есепперді);

[з] - [с] жазса (жасса), озса (осса), езсе (ессе);

[з] - [ж] саз жаға (сажжаға), біз жүрдік (біжжүрдүк);

[з] - [ш]қобызшы (қобұшшұ), ізші (ішшү), сөзшең (сөшшөң);

[д] - [т] қаз – дан, қас –тан, көз – ден, ес – тен; [ғ-г]- [қ-к]таға- ға, қат – қа, сөз – ге, ет – ке;

[қ-к]- [ғ], [г] ақ боз (ағбоз), көк жиек (көгжиек);

[н] - [м] қан ба (қамба), он ба (омба), сен бе (сембе);

[н] - [ң] Асанғали (асаңғали), Есенкелді (есеңгелді);

[п] - [б] жап – жарық (жабжарық), көп жерде (көбжерде);



[с] - [ш] басшы (башшы), түсші (түшшү); [8, 115-116-бб.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет