Тексерген: Калиева С. Е. Орындаған: Нұрбек Д. Н тобы


III. Қазақ тілінің фонетика, фонологиялық қоры



бет5/7
Дата06.01.2022
өлшемі37,4 Kb.
#12526
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Фонетика

III. Қазақ тілінің фонетика, фонологиялық қоры

Қазіргі қазақ тілі фонетикасының «типтік оқу бағдарламасында пәннің бағдарламасы қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен фонетикалық заңдылықтары туралы теориялық білімді жүйелі әрі сапалы меңгертуге негіз болады» делінген. [12] Бағдарлама негізі дұрыс жақта.

1-шіден, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі;

2-шіден, фонетикалық заңдылықтар - деп көрсеткенмен пәннің мақсатында басқаша айтылған: «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы» пәнінің мақсаты-сауатты жазу мен дұрыс сөйлеу заңдылықтарының негізінде студенттерге тілдің дыбыстық жүйесінен, дауысты, дауыссыз дыбыстардан, қазақ тілінің дыбыстық құрамы мен ерекшеліктерінен, үндестік заңынан, орфоэпия мен орфографиядан, сонымен қатар қазақ тілінің фонетикалық даму заңдылықтары туралы теориялық тұрғыдан жүйелі білім беру» - деп мақсатын айқындаған. Осы мақсатты бірнеше теориялық қателіктер жіберген. Олардың негізгілері:

1.Маханбет Жүсіпұлының «Ахмет Байтұрсынов және қазіргі қазақ тілі фонологиасы» еңбегінде, [13, 2] оның екінші тарауы «Сингармонизм - қазақ тілінің дыбыстық жүйесін зерттеу негізі» тақырыппен ашқан, бағдарламада сингармонизм ұғымы атауымен жоқ. Жүйе жоқ жерде нақты ілімде жоқ.

2.Қазақ тілі энциклопедиясында: «Фонетика (грек phonetikis - дыбыстық дауыстын) - тілдің дыбыстық жағын зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Фонетика дыбыстардың жасалым (артикулияциялық) айтылым (акустикалык) және естілім (перуепцтикалық) белгілерін зерттейді» - деп [14, 435] нақты көрсеткен. Ал бағдарламада мүлдем көрсетпеген, фонетикалық заңдылықтар деп орфография, орфоэфия, үндестік заңы т.б. алынған. Бұл дыбыс жүйесін бұзу деп ойлаймыз, оны Әлімхан Жүнісбектің «Қазақ фонетикасы» еңбегіндегі. «Қазақ фонетикасында қалыптасқан ұғымдар мен атаулар жүйесіне көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Себебі, осы күнгі ұғым-атаулар, дәстүрлі үнді-еуропа тілтанымына байланып қалғанда, көбінесе қазақ тіл табиғатты не жансақ, не жартылай түсіндіріліп жатады» - деген тұжырымы дәлел.

Қазіргі қазақ тілі дыбыс жүйесінің табиғатын қазақ (түркі) тіл танымына негіз ақиқат дыбыс құрамы мен жүйесін төл теория тұрғысынан анықтаудың түмкіндігі туды. Ол үшін төл құбылыстардың мәні мен табиғи қалпын анықтап алуымыз керек. Төл құбылыстың негізі - фонология. Қазақ тілі энциклопедиясында: «Фонология (грек phone - дыбыс, logos-сөз, ілім) - тілдің дыбыс құбылысы мен ондағы дыбыстардың қызметтін зерттейтін тіл білімінің саласы» - деген [15, 436] анықтамадан көруге болады.

Қазақ тілінің табиғаты бұрын дәстүрлі үнді-еуропа тілтанымына байланып жансақ немесе жартыкеш түсіндіріліп келеді.

Сөз құрамындағы дауысты, дауыссыз дыбыстарды ұйыстырып, бас-аяғын бір бүтін сөз етіп тұратын лингвистикалық құбылыс болады. Ондай құбылыс барлық тілге бірдей ортақ болмайды, бір не туыстас тілдер тобына ғана тән болады. Ә. Жүнісбектің «Қазақ фонетикасы» еңбегінде: «Әлем тілдерінің әзірге белгілі үш туыс тобы бар. Олар – үнді- еуропа, тайланд қытай және орал-алтай тілдері. Оларды топтастырудың жіктеуші белгілері ретінде кейде сөз просодикасын, кейде морфологиялық құрылым желісін алып отырады. Сөз просодикасын (сөз құрауыш) алатын болса, онда: екпін, буын және сингармонизмге сүйенеді, морфологиялық құрылымына қарайтын болса, онда қопарылмалы (флектив), жағдай (изолетив) және жалғалмалы (агглютинатив) сипатына сүйенеді»- деп [4,18], көрсетеді.

Қазақ (түркі) тіліне тән мұндай құбылыс-үндесім (сингармонизм) құбылысы немесе үндесім заңы (сингармонизм заңы).

Үндесім заңы дыбыстарды алдымен буынға біріктіреді (егер сөз бір буынды болса), содан соң буындарды сөзге біріктіреді (егер сөз екі не көп буынды болса).

Үндесім құбылысы төрт әуездік (жуан, жіңішке, еріндік,езулік) араласымынан пайда болады. Араласым төртке жіктеледі.Олар:

1.Жуан- еріндік-езулік;

2.Жуан-езулік;

3.Жіңішке-еріндік-езулік;

4.Жіңішке-еулік.

Қазақ сөздері осы төрт әуездің бірімен айтылады.

Буын не сөз құрамындағы дыбыстардың (дауыстылар мен дауыссыздардың) бір әуезбен айтылуын үндесім құбылысы дейді.

Дәстүрлі қазақ фонетикасы дауысты дыбыстарды үндесім (фонология) тұрғысынан, ал дауыссыздарды «әліпби-дыбыс» (бей үндесім) тұрғысынан қарастырып келеді. Сөйтіп, қазақ дыбыстарының жартысы бір қисынмен, екінші жартысы бір қисынмен түсіндіріледі.

Адамзат тілі - дыбыстық тіл. Осы дыбыстық тілдесімдегі обьектісі - тіл дыбыстары. Қазақ тілі тілтанымының басты мақсаты - тіл дыбыстарының табиғатын ашу.

Тіл дыбысы дегеніміз фоноциялық ауа мен сөйлеу мүшелерінің соқтығысынан пайда болған үн. Сөйлеу мүшелері барлық ұлттарға ортақ болғанымен (биологиялық тұрғыдан), әр тілдің өзіне ғана тән сөйлеу мүшелернің дыбыс жасауға топтала қатысуы әр тілде түрлі болады. Дыбыстық жасалым қорының нүктелері болады. Қазақ тілінде 9 жасалым нүкте бар. Әр дыбыстың жасалуына кемі үш жасалым нүктесі қатысады. Нүктелердің аралысымынан қазақ тіл дыбыстары түгел тізіліп шығады.

Қазақ тіліндегі дыбыстардың саны шектеулі болғанымен, олардың жасалым варианттары көп. Дыбыс пен дыбыс арасындағы ортақ және айырым белгілерінің басын ашып алу керек. Дыбыстардың ақиқат белгілері мен көмескі белгілерінің түрлері ажыратылады, осыдан барып, дыбыстардың ортақ, айырым, көмескі белгілілерінің жүйесі шығады.

Дыбыстардың нақты санын анықтау үшін сөйлеу мүшелерінің қозғалысының әр түлі араласымын есептеп шығару керек. Дыбыстық үйлесім (ассимилятив) және үндесім (сингармонизм) варианттарын тауып, оларды сипаттап шығу және күрделі талдау жүргізу қажет.

Фонетикада дыбыстық жасалым, айтылым, естілім, ол фонологияда дыбыстардың үндесім сипаты анықталады, сондықтан оларды араластырмау және шатастырмау керек.

Сӛзді табиғи есту үшін дыбыс түрленімінің барлығын сақтап сөйлеу (дыбыстық сөз бен сөз тіркесіндегі орны, көрші дыбыс әсері, логика-экспрессив үстемелер және әуен) керек.

Дыбыстардың көмескі белгілері дыбыс пен дыбыс, буын мен буын, сөз бен сөз, сөйлем мен сөйлем арасындағы дәнекер байланыс жасап, сөздің табиғи үлгісін жасап, сөздің табиғи үлгісін, яғни айтылымын сақтау қызметін атқарады.

Үндесім құбылысының орны ерекше.Үндесім адам тілі шыға қалыптасқандықтан, ол жеке дыбыстардың үндесім белгілерін аңғара бермейді. Үндесім варианттары көмескі белгі қатарына жатады. Дыбыстар негізгі (ақиқат) және үстеме (көмескі) жасалымнан тұрады.

Қазақ тілінің фонетикасына арналған зерттеу баршылық. Дәстүрлі фонетикамызда фонетикалық және фонологиялық талдау сипаттамалар жіктелмей, дербес сала ретінде сараланбай, араласып кеткен еді. Тіпті типтік бағдарламада қазақ тілі фонетикасы мен фонологияның обьектілері оқытудан көрінбей, жалпы фонетика мәселелері ғана жарты-жартылай, жүйесіз оқытылып жүр.

Ал, қазір қазақ фонетикасыда алғаш рет қазақ тілінің дыбыс құрамы мен жүйесі жеке-жеке, талданып отыр. Оған ғылыми еңбек жазылып, монографиялар басылып, ғылыми-теориялық негізі қаланып отыр. Негізгілерін атап өтсек, бірі – «Қазақ грамматикасы» - сипаттамалы және нормативті грамматика [15] мен Әлімхан Жүнісбековтың «Қазақ фонетикасы» еңбектерін [13] жатқызуға болады. Бұл еңбектерде қазақ тілінің дыбыс құрамы мен жүйесі:

1.Дыбыстық жасалымы (артикуляциясы), яғни дыбыс жасалуы;

2.Дыбыс айтылымы (акустикасы), яғни дыбыс айтылуы;

3.Дыбыс естілімі (перцепциясы), яғни есітілуі, бұлардың әр қайсысының ӛзіне тән ұғымдары мен атаулары бар. Бұл – фонетикалық талдаудың жолы;

4.Дыбыс үндесімі (сингармонизм), яғни дыбыстардың үндесімі. Дыбыстарды үндесім заңы тұрғысынан талдап, сингорманизм, яғни үндесім заңына лайық фонологиялық талдау жасау фонологиясы ӛз алдына дербес сала ретінде қаралады.

Қазіргі қазақ тілі дыбыс жүйесіндегі төл құбылыстардың мынандай танымдық ерекшеліктері бар:

1.Әлем тілдері жіктелімі тұрғысынан:

а) географиялықжагынан: орталық-батыс Азия құрлығынан таралған;

ә) ұлы туыстық жағынан: орал-алтай бірлестігінен құралған;

б) орта туыстық жағынан: түркілік негізгі тіл;

е) кіші туыстық жағынан: қазақ тілі жүйесі;

г) морфологиялық жағынан: жалғамалы тілдік құрылым;

д) просодиялық жағынан: үндесімді;

ж) құрылымдық жағынан: көп әуенді;

з) бөлшекті жағынан: сингемдик;

и) түрленім жағынан – аллосингемдік.


Бұдан шығатын қорытынды, қазақ тіліне тән сөз мағынасын өзгертетін немесе түрлендіретін дыбыс бӛлшек сингема, ал түрлендіретін аллосингема болып табылады. Бұл әлемдік фонологиялық құбылыстың негізгі ерекшелігі болып табылады. Орыс тілінде фонема-аллофонема, қытай тілінде тонема-аллотон болады.

2. Жалпы фонетикалық жақтан. Жалпы фонетика екіге бөлінеді:

1. Қалыпты (синхрон) фонетика;

2. Тарихи (диохрон) фонетика.

Жалпы фонетиканың басты салалары іштей тағы жіктеледі. Бұл жерде тарихи фонетика сол күйінде қалады. Ал синхронды фонетика просодология, сегменталогия және интология болып тарамдалады. Қазақ тілінің төл құбылысы осы жалпы фонетикалық құбылысты толығымен игереді.

3.Просодиялық бірліктер жүйесі тұрғысынан. Жалпы фонетикада кіші тіл бірліктерінің басын құрап, көлемді бірліктер құрастыратын лингвистикалық құбылысты (заңдылықты) просодика немесе сөзтаным деп аталады. Ол:

А) дыбыстардан буын құраса - буын просодикасы;

Ә) буындардан сөз құраса - сөз просодикасы;

Б) сӛздерден сөйлем құраса - сөйлем просодикасы болады.
Мұнда тек сөз просодикасы - тілдік құбылыстың негізі болады. Өйткені тілдік дыбыстың жүйесінің құбылысы (фонология) сӛз просодикасынан ғана танылады. Бірақ лингвистикалық сөздіктерде просодика, акцентология, сөз екпінін зерттейтін фонетика саласы дейді. Ал тон мен сингармонизм шеттен тыс қалады. Тағы бір мәселе акцент (екпін), тон, сингармонизм жүйесі нақтыланбай, тіл білімінде жеке-жеке құбылыс ретінде қарастырады. Ә.Жүнісбековтың ұстанымы «акустология, тонология, сингармонологияның

басын біріктіретін атау просодология болу керек» - деген [4,28] ғылыми тұжырымына біз толығымен келісеміз. Яғни сөзтаным жеке бір құбылыс екені даусыз.

4.Сегментология (дыбыстаным) жайынан. Жалпы фонетикалық анықтамада «фонология- фонема жайлы ғылым» - дегенді айтады. Ал тонема, сингема жайлы ғылым айтылмайды. Дегенмен:

1.Фонеманы зерттейтін ғылым – фонемология;

2.Тонеманы зерттейтін ғылым – тонемология;

3.Сингеманы зерттейтін ғылым - сингемология атауларын ғылымда дыбысты зерттейтін фонемологияны аналогия жаймен тонемология және сингемология деп қарастыруға болады. Осы дыбыстанымдық бірліктердің жүйесін Ә.Жүнісбеков «сегментология» деп атауды [13.30] ұсынады. Дыбыстанымның ең кіші бӛліктері болғандықтан солай атаған жӛн деп ойлаймыз.

5. Әуентаным (интология) деңгейінен:

Қазақ мәтінінің әуені күрделі фонетикалық құрылым болып табылады. Оның құрамы:

1. Қарапайым қатысымдық әуенмен;

2. Үстеме әуен, бірліктерінен турады

Қатысым әуен сөйлемнің өне бойына тән болса, үстеме әуен сол сӛйлемнің белгілі бір бөлшегіне ғана тән.

Қорыта келгенде, қазақ тіліне тән үндесім құбылысы: сингема, аллосингема, синхромды фонетика, проседология, сигментология, интология сияқты тілтанымдық ұғымдармен атаулардан құралады. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі жайлы қазір ғылыми еңбектер жазылып, толығымен танылуда. Біз осы ұғымдарды жай сипаттамасын беріп отырмыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет