Терме – қазақ халық поэзиясында қалыптасқан лирикалық шығарма.
Терме өнегелі, тəрбиелік мəні бар нақыл сөздерден құрылады.
Онда көбінесе күнделікті тұрмыс-тіршілікке қатысты жайттар айтылады. Термеде сөз бен əуен сабақтасып келгендіктен, ол синкреттік өнерге жатады. Терме көбінесе домбыра аспабы сүйемелдеуімен орындалады. Əн – вокал музыкасының ең қарапайым, кең тараған
түрі. Ол поэтикалық сөзден (өлең) жəне əуеннен тұрады.
|