(М, Ұ) 3-тапсырма. Орындау. «Жез киік» күйінен оқушылар үзінді орындайды. Мұғалім күйді нотамен де немесе ля буынымен де орындатуына болады.
4-тапсырма. Шығармашылық жұмыс.
(Т) Мұғалім оқушыларды екі топқа бөледі.
1-топ. «Жезкиік» күйін нотаға қарап, ля буынымен айтады.
2-топ. Берілген үлгіге қарап, күй ырғағын соғады.
(Ұ) Мұғалім ұрмалы аспаптар болмаған жағдайда қолды соғу арқылы да ұжымдық аспаптық орындаушылық əрекет ұйымдастыруына болады.
|