музыкалық ұғымдарды, шығармаларды талдау барысында қолдана алады;
музыкалық мəдени мұралардың жанрлық ерекшеліктерін сипаттай алады.
Құндылықтарды дарыту
Халық музыкасын тыңдау арқылы мəдени тұлғаларды тəрбиелеу
Пəнаралық
байланыстар
Тарих. Əдебиеттік оқу
Бастапқы білім
Домбыра – асыл мұра
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-əрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
(МК, Ұ,О) 1-тапсырма. Талқылау.
Сабақта мəдени мұраларымыздың бірі – қобыз аспабы, оның жасалу технологиясы көркем əдеби тіл арқылы жаңа контексте таныстырылады. Оқулықта ұсынылған мəтін
І. Жақановтың «Ықылас» романынан алынған. Белгілі жазушы, атақты қобызшы, композитор Ықылас Дүкенұлының өмірі мен шығармашылығын бейнелеумен қатар, қобыздың жасалу технологиясын да өте көркем баяндаған. Мəтінді түсініп оқу мақсатында оқушыларға
сөздік те берілді.
Оқулық,
нота хрестоматиясы, үн-бейне хрестоматия
И. Жақановтың
«Ықылас» романы
Мəтін мазмұнын толықтай талдап болғаннан кейін мұғалім қобыздың жасалу тəсілін сипаттаудағы алгоритм түрінде дайындалған сұрақтарды ұсынады:
?! 1. Алтынбек ұста қобыз жасауда қай ағаштың түрін пайдаланған?
Шанақты қалай ойған?
Қобыз бетін қай малдың терісімен қаптаған?
Қобыз ішегі қалай жасалған?
Дыбысты шығару үшін шанақ пен ішектің арасында не орналасады?
Ысқышты неден жасаған?
Ықыластың түсіне енген Қорқыт туралы не білесің? Оқулықта Қорқыт туралы қысқаша мəлімет беріліп, оның есімі ЮНЕСКО-ның мəдени мұралар тізіміне енгендігі айтылған.
(М, Ұ, ОТ) Ықыластың күйін тыңдауда екі бейнебаян көрсетіледі. Бірінші бейнебаянда:
Ықыластың туған жері, асыл қобызы, немересі Шырын жəне жеке күйші Ақнар Шəріпбаеваның қылқобызбен жеке орындауында шығармалар берілген. Екінші бейнебаян Н. Тілендиев атындағы академиялық фольклорлық-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің орындауына арналған. Екі бейнебаяндағы күй сипатын оқушылардың өзіндік тəжірибелік талдалынымдарына сүйеніп жүргізген дұрыс. Оқушы сыныптық талқылаудан кейінгі алған білімін, түсінгенін жəне оны қолдана білетінін көрсетеді.
Оқулықта төмендегідей сұрақтар берілген:
Ықыластың «Жез киік» күйін екі нұсқадан да тыңда
(жеке қобыз, оркестр).
Екі орындаудағы киік бейнесін қалай елестетер едің (тастан тасқа секіріп ойнақтайды, желіп жүреді, жайылымдажүр)?
(ОТ) Күйді тыңдау мен берілген сұрақтар балаларды түйінді ұғым жасауға үйретуі керек.