Сабақтың басы
|
(М) Сабақ өткен сабақпен жалғасып, қазақтың ардақты əндерінің бірі – əнші, ақын Естайдың «Құсни-Қорлан» əнімен танысады. Арқа мектебіне тəн сал-серілік дəстүрдің жалғастырушы Естай Беркінбайұлының есімін білмейтін қазақ кемде-кем.
«Құсни-Қорлан» əнінің қысқаша тарихы: «Иса деген бір мықты Маралды еліне құдалыққа баратын болады да, Ақкөлдің болысы Əбілқасым Шыманұлына хат жазып, ақын Естайды алдырады. Естайдың жасы жиырманың үстіне шыққан екен. Сері үшін бұл сапар қызықты көрінеді. Сол заманда Маралды болысы Ұрық ауылында түбі Қыпшақ – Сұңқар, Сұлтан деген белгілі адамдар болады. Сұңқар – болыс, Сұлтан – би. Екеуінің де ел арасында беделі жоғары, ауқатты кісілердің қатарында болған. Сұлтанның Құсни жəне Қорлан есімді екі қызы бар екен. Естай келіпті дегенді естіген Сұлтан ауылының күллі қыз-бозбаласы жиналып, той-думан ұйымдастырады.
Осындай көңілді кештердің біріне Құсни мен Қорлан да келеді. Естай сол жерде ару қыздарды көріп, жақын келіп танысады. Қорлан мен Естай бір-бірін ұнатып қалады.
Дегенмен махаббаттары баянсыз болады».
|