Міндеттері: Оқу жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және \немесе\ кәсіби дағдылар тізбесі.
Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы жаңа бағыттарын және жанрларды сипаттау;
халықаралық мәдени кеңістікке кірігу процесін түсіндіру;
ұлттық мәдениет туралы білімді қорытындылау;
халықтың тарихи мәдени мұрасының маңызын зерттеуде «Туған жер» ұғымын қолдану
1.Қажетті ресурстар: Интерактивті тақта, слайд, Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасы туралы 2014 жылғы 4 қарашадағы № 939 Жарлығынан үзінді мәтін.http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1400000939#z17
2.Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі – 5мин Үй тапсырмасын сұрау – 20 мин
1. «Ой қозғау» Сұрақ – жауап.
1.Кеңес өкіметінің исламға қатысты саясаты қандай болды?
2.Әліпби реформасы неліктен исламға қарсы күрес тәсілі болды?
3.Неліктен жаңғырту мен индустрияландыру үнемі жалпы білімді дамытумен қатар жүрді?
4.20-30 жылдардағы қазақ мәдениетінің жағдайы несімен ерекшеленді?
5.Социалистік реализм әдісі дегеніміз не? Түрі – ұлттық, мазмұны-социалистік деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Жаңа тақырып – 25 мин
БЫМ.Мұғалім барлық оқушыға төмендегі суретті көрсете отырып сұрақтар қояды.
Суретте не көріп тұрсыз?
Суреттер қандай салаға жатады?
Суреттер қандай жанрларға бөлінген? - деген сұрақтарды қоя отырып, сабақ тақырыбына шығады
Мәдени саясат - мемлекеттің басты идеологиялық тұғырнамасы
Мәдени саясат – қоғамның негізгі құндылықты бағыттары мен тұлғаның жасампаз бастамасын қалыптастыратын әрбір дамыған мемлекеттің басты идеологиялық тұғырнамасы. Мәдени саясатты жаңғыртудың қажеттілігін түсіне отырып, ҚР –ның тұңғыш президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті мәдени ментальдігін қалыптастыруға, заманауи мәдениет кластерлерін дамытуға бағытталған елдің мәдени саясаты дамуының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын әзірлеу және бекіту» туралы нақты міндет қойды. Бұл міндетті жүзеге асыру – 2050 жылға дейін Қазақстанның әлемдік мәдениет пен өнердің даму орталықтарының біріне айналуына мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда мәдениет – әлемдегі барлық мемлекеттер дамуының маңызды басымдықтарының қатарына кіреді. Ұлттық және әлемдік мәдени мұраны сақтау мен байытуды, сапалы мәдени құндылықтарды құруды, трансляциялау мен қолдануды қамтамасыз ететін мәдени институттар мен механизмдердің тиімді жұмыс жасайтын инфрақұрылымдарының болуы дамыған мемлекеттің өлшемін көрсетеді.
Ол өлшемдер:
2050 жылға дейін Қазақстанның мәдени саясат пайымы және дамуына жаңа импульстер беру;
Қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті мәдени ментальдігін қалыптастыру механизмдерін көрсету
«Мәңгілік Ел» идеясы мәдени саясат тұжырымдамасы жобасының негізгі құрамдасы;
Мәдениеттің сапалы өнімдерін әзірлеу;
Мәдениетті өсу факторы және әлеуметтік дамудың қуатты ресурсы ретінде тану;
елдің мәдени сан алуандығын құрметтеу;
полиэтностық Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрлерін қолдау және дамыту; шығармашыл тұлға мен мәдени өзін өзі көрсету нысандарының еркіндігі;
жаңа институттық бірлестіктер құру;
қазіргі заманғы мәдени кластерлер мен озық технологиялар базасында мәдени орта бірлігі;
қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті жаңа мәдени ментальді құндылықтар жүйесін құру;
Мәдениет өз алдына күрделі сала, себебі, мұнда қандай да бір есеп жасау, дамудың нақты болжамын анықтау немесе белгілі бір формуланы жасау мүмкін емес. Әлемнің қай мемлекетінде болсын, мәдениеттің нақты стандарттары мен нормативтері жоқ деп сенімді түрде айта аламыз. Қазіргі таңда мәдениетті адамды оқитын кітабы, көретін фильмдері, тыңдайтын әндері, өмір сүріп жатқан айналасы тәрбиелеуде. Сондықтан, мәдениеттің сапалы өнімін әзірлеу, дұрыс құндылықтарды қалыптастыру өте маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |