Тексерілді: Әдіскер: Айтимбетова Г. С


Мәдени саясат - мемлекеттің басты идеологиялық тұғырнамасы



бет7/9
Дата12.05.2023
өлшемі0,88 Mb.
#92579
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ҚМЖ -Жусипбаева Гульназ

Мәдени саясат - мемлекеттің басты идеологиялық тұғырнамасы
Мәтінді және өз біліміңізді SWOT талдауға қолданыңыз
Мәдениет өз алдына күрделі сала, себебі, мұнда қандай да бір есеп жасау, дамудың нақты болжамын анықтау немесе белгілі бір формуланы жасау мүмкін емес. Әлемнің қай мемлекетінде болсын, мәдениеттің нақты стандарттары мен нормативтері жоқ деп сенімді түрде айта аламыз. Қазіргі таңда мәдениетті адамды оқитын кітабы, көретін фильмдері, тыңдайтын әндері, өмір сүріп жатқан айналасы тәрбиелеуде. Сондықтан, мәдениеттің сапалы өнімін әзірлеу, дұрыс құндылықтарды қалыптастыру өте маңызды.
Қазіргі жағдайлар әрбір адамға қолжетімді және түсінікті басты бағыттарды қалыптастыратын, сондай-ақ, тарата алатын мәдениеттің сапалы жаңа өнімдерін әзірлеуді талап етеді. Ең маңыздысы отбасы, адамгершілік, ізгілік, жасампаздық құндылықтары.Отандық кино, әдебиет, сурет өнері қорларында елдің тарихи оқиғалары мен мәдени мұралары үшін маңызды жобалар орын алуда.
Отандық анимация қазақстандықтардың жаңа буынын қалыптастырудың ең әсерлі және қолжетімді құралы.Ұлттық өмір салты, дәстүрлер, кейіпкерлер құндылықты бағытқа айналуда.The World Disney Company тәжірибесі балаларға арналған заманауи кейіпкерлерді қалыптастыра отырып, оларды көлемді тираждау мен ықпалдастыру құралын жасады.Бұл үлкен бизнес және ауқымды индустрия. Заманауи мәдени кластерлер креативті индустрия дамуының оңтайлы түрі.
Қазіргі мәдени саясат міндеттері:

  • шығармашылық кадрларды даярлау, олардың әрі қарай дамуы, кәсіби бағыттылығы мен білім алуының дуалды қағидасын іске асыру;

  • дарынды тұлғаларды жүйелі қолдауды қамтамасыз ету, шығармашылық даму үшін бастапқы жағдайлар жасау;

  • мәдениеттегі ұлттық бірегей білім беру моделін қалыптастыру;

Мәдени өнім әр азамат өзінің елін мақтан тұтатындай тәрбиелеуі қажет.ҚР тарихи-мәдени мұраға бай. Елде бірегей мәдени және табиғи объектілер, тарихи ескерткіштер, мінәжат орындары жеткілікті.Лайықты дамуға жетуде барлық ресурстарды біріктіру, бар құралдарды қолдану және бәсекеге қабілетті мәдени ортаны қарқынды дамытуға жағдайлар жасалуда.
Олар:

  • отандық мұражайлар мен қорық-мұражайлардың функциялары кеңеюі.

  • жұмыс форматын тарихи ғылыммен, археологиямен, қайта жаңғыртумен, өнертанумен, этнографиямен тығыз байланыстыруы.

  • Қазақстан мұражайларының зерттеу қызметі, ғылым, мәдени ақпарат пен шығармашылық инновацияның тірек орталықтарына айналуы.

  • Отандық кітапханалардың қызметі жаңа форматта жұмыс жасауы.

Жаңа мәдени саясаттың басымдылықтарының бірі – әлемдегі қазақстандық мәдениеттің мәртебесін нығайту.Халықаралық байланыстарды ұлғайту ЮНЕСКО, ТҮРКСОЙ, ИКОМОС тағы басқа беделді ұйымдармен ынтымақтастықты арттыру.Жаңа мәдени саясаттың әрбір белгіленген бағыты бірқатар жұмыстарды атқаруды талап етеді, ал олардың сәтті іске асырылуы дамудың жоғары мәдени деңгейі бар дамыған мемлекетті қалыптастырудағы белсенді қадам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет