Тексерілді: О. Б. Шаздан / / Жемқорлыққа жол жоқ тәрбие сағаты Тақырыбы: «Жемқорлыққа жол жоқ» Күні



бет1/4
Дата24.11.2023
өлшемі32,44 Kb.
#125489
  1   2   3   4
Байланысты:
Жемқорлыққа жол жоқ 07.11.2023ж тәрбие сағаты


Тексерілді: О.Б.Шаздан / /
Жемқорлыққа жол жоқ" тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Жемқорлыққа жол жоқ»
Күні: 07.11.2023 жыл

Мақсаты:
• Оқушыларға “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.
• Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту
• Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу

Патриоттық тәрбие қалыптасады
Көрнекілігі: слайдтар, плакат, кітаптар, видео Өткізудің формасы: Тәрбие сағаты Барысы:
1.Ұйымдастыру Көрме ұйымдастыру:
• «Жемқорлық – ғасыр дерті» атты иллюстрациялық кітап
• Оқушылардың салған газеттері

2.Кіріспе сөз
• Сыбайлас жемқорлық туралы түсінік беру.

3.Тәрбие сағаты:
• Видео
• Слайдпен жемқорлыққа байланысты мысалдар келтіру:
• Оқушыларға тапсырма 1-жүргізуші:

Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі біздің «Жемқорлыққа жол жоқ» атты ашық тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!!!
(Слайд №1) 2-жүргізуші: Бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыздың мақсаты оқушыларды адал жолмен жүруге, адалдыққа үйрету. Сыбайлас жемқорлық туралы қысқаша мағұлматтар беру. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. (Слайд №2) 1-жүргізуші: Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. 2-жүргізуші: Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек. Н.Ә.Назарбаев.
(Слайд №3) 1-жүргізуші: «Сыбайлас жемқорлық» деген не? (Слайд №4)“Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. 2- жүргізуші. Келесі кезекте бейнероликке
(Слайд №5,6)Осы бейне роликті көрген кезде қандай сезімде болдыңдар?Роликтегі адамдардың әрекеті дұрыс па?//видео 2-жүргізуші: ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.
(Слайд №7) 1-жүргізуші:Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары:- қоғамның бақытты болашағын тежейді;- елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіреді;- жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет