Күні: 6.09.2021
Сыныбы: 10 В
Сынып сағаты тақырыбы: «Біздің таңдау - жемқорлықсыз болашақ»
Мақсаты:
Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.
Сабақтыңтүрі: Өздіктеріненжұмысістеу
Сабақтыңәдіс-тісілдері: түсіндіру, білім беру, оқыту, оқу, практикалық.
Сабақтыңбарысы:
І. Ұйымдастырукезеңі:
2.Сыбайлас-жемқорлықдеген не? (оқушылардың пікірлері тыңдалады)
3.Түсініктеме беру:
“Сыбайлас-жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді.Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.
ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.
Қазақстан Республикасының № 267 Сыбайлас жемқорлыққа күрес туралыЗаңы 1998 жылы 2 шілдеде қабылданды.
Бұл Заңның мақсаты - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi. Осы Заң сол сияқты демократиялық негiздердi, мемлекеттi басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенiм нығайтуға, бiлiктi мамандарды мемлекеттiк қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға да бағытталған.
4.Әр жұпқа ситуациялық жағдайлар беріледі, оқушылар топ ішінде талқылап, сахналайды, сұрақтарға жауап береді. Әр топ бір-бірлерінің жауаптарын тыңдап, өз ойларын айтады.
1 топтың тапсырмасы:
Компьютер ойнауға ақша таба алмай отырған Ерлан мен Марат біраз ақылдасады. Ерланның есіне асханада ақша майдалатқан Қайрат түседі. Сол Қайратты қорқытып, ақшасын тартып алу керектігін Маратқа айтады. Сол мезетте келе жатқан Қайратты Марат алдап шақырады. Ойында арам ойы жоқ Қайратты Ерлан келіп бас салып, ақша тауып беруін талап етеді. Алғашқыда ойын екен деп ойлаған ол ақшасының жоқ екендігін айтса да, соңынан бұл істің қалжың емес екендігін ұғып, қалтасындағы бар ақшасын бере салады. Аман - есен құтылғанына қуанған ол анасына айтатындығын ескертеді. Ерлан мен Марат егер бұл істі біреуге айтсаң, онда жақсылық болмайтындығын Қайратқа жақсылап ұғындырады.Сұрақтар: 1. Осы көріністе баланың қандай құқығы шектелген? 2. Ерлан мен Марат қандай қылмыс жасады? 3. Ерлан мен Мараттың қылмыс жасауына не себеп болды?
5.«Жемқорлыққа жол жоқ!» видеоролигін көру.
6. Сұрақ-жауап ойыны:
1.Пара беру дегеніміз не?
2.Пара мен сыйлықтың айырмашылығы қандай?
3.Сыбайлас жемқорлық жайлы мәліметтерді қайдан білесіңдер?
4. Мұғалімге мерекелерде гүл шоқтарын сыйлау жемқорлыққа жатады ма?2.
5.Емделіп болған науқас дәрігерге өзінің алғысын белгілі - бір сыйлықты ( гүл, сағат, портрет.....) сыйласа жемқорлыққа жатады ма?
7. Жоғарғы оқу орындарында білім алушылар, емтихан уақытында оқытушыларына үстел жасаса, бағалы сыйлық әперсе, жемқорлыққа жатады ма?
8. Қала ішіндегі автобустардың кейбіреулері тендер ұтып алады да, қала ішінде жолаушыларды тасымалдау барысында көптеген қателіктер жасап жатады. Мысалға автобусқа адамдарды санынан артық отырғызу, аялдамасы жоқ жерлерде тоқтап, адамдарды үсті - үстіне алу жемқорлыққа жата ма? (шофер, басқарушы директор, инженер арасындағы сыбайластық жемқорлықты көрсету)
9. Нашақорлық дамып бара жатыр, себебі шетелдерден әкеледі, кейбір кедендер өз жұмыстарын жауапты орындамай, заң бұзушылыққа барады. Бұл жемқорлыққа жата ма?
10.Видеоролик бойынша «Біз сыбайлас жемқорлықпен қалай күресеміз?» тақырыбында жұптар постер қорғайды.
ҮІІІ. Қорытынды: Сыбайлас-жемқорлықты қалай жоюға болады ?
Пара бермеу және алмау.
Мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншілігіңмен жетуге тырыс
Парақорлықты көрсеңіз жергілікті органдарға және ақпаратқа хабар беріңіздер.
Адамгершілік, әділеттілік туралы мақал-мәтелдер .
1.Адамгершілік болмай, Әділдік болмас.2.Адамның ұяты бетінде, Адамгершілігі ниетінде.3.Адамгершілікке арналған үш сауал бар: Шөлге құдық қазған бір сауап, Өзенге көпір салған бір сауап, Жолға ағаш еккен бір сауап. 4.Адалдық — ардың ісі.5.Шындық жоқ жерде сұмдық көп.
6.Адамның әдемілігі шыншылдығында.7.Ақихат сөзде алалық жоқ.8.Әділ айтқан жеңер.9.Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.10.Әкімің әділ болмаса жұрт бұзылады, Саудаң әділ болмаса нарық бұзылады.
Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап,мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар!Сынып жетекшісі: Мадиярова Б.
Күні: 18.10.2021
Сыныбы: 10 В
Сынып сағаты тақырыбы: "Қазақстанның қасиетті, рухани құндылықтары"
Сабақтыңтүрі: Өздіктеріненжұмысістеу
Сабақтыңәдіс-тісілдері: түсіндіру, білім беру, оқыту, оқу, практикалық.
Сабақтыңбарысы:
І. Ұйымдастырукезеңі:
Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Елбасы Н.Ə.Назарбаев жыл басындағы халыққа Жолдауында табысты өткен екі жаңғырудың нəтижесінде Қазақстанның үшінші жаңғыруына да табан тірегенін жариялаған болатын. Өздеріңіз білетіндей болашаққа қойған мақсатымыз бен бағытымыз айқын, яғни, ол - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Қазіргі таңда еліміздің мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болуы үшін бірқатар ауқымды жұмыстар қолға алынуда. Жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіру. Яғни, бұл дегеніміз - «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы. Балалар, біз бүгін ерекше саяхатқа шықпақпыз. Саяхатымыз Түркістанның киелі, көрнекті орындарын аралауға арналады. Біз қазір үш топқа бөлінеміз. Туған жеріміздің көрші ауылдарынан келген балаларға Түркістанның киелі де көрнекті жерлерін көрсетейік.
Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары
«Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандары» кітабы үш тілде 1000 данамен жарыққа шықты. Онда 100 киелі нысан «Ерекше бағаланатын табиғи мұра ескерткіштері», «Археологиялық ескерткіштер және ортағасырлық қалалық орталықтар», «Діни және ғибадат орталықтары», «Тарихи тұлғаларға қатысты қасиетті орындар», «Саяси, тарихи оқиғаларға байланысты қасиетті орындар» болып бес топқа жіктеледі.
Қазақтың көне қаласы, саналатын құрылғанына 1500 жылдан асқан Түркістанда әулие ата-бабаларымыздың кесенелері бар. Ол жерге мұсылман халқы жақсылық тілеу үшін барады. Ендеше саяхатымызды Қ.А.Яссауи кесенесінен бастайық. Ол үшін біз берілген тапсырмаларды орындау керекпіз.
Күні: 06.12.2021
Сыныбы: 10 В
Тақырыбы : "Тәуелсіздік - тұғырым"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30-жыл
Мақсаты:
— Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата — бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға — апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
— Оқушылардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.
— Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу. Сабақтыңтүрі: Өздіктерінен жұмыс істеу
Сабақтыңәдіс-тісілдері: түсіндіру, білім беру, оқыту, оқу, практикалық.
Сабақтыңбарысы:
І. Ұйымдастырукезеңі:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты мақаласы жарияланды. "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" деп аталатын мақалада Президент егемендіктіктің 30 жылдығына қорытынды жасап, болашаққа бағдарды айқындап берді.
Биыл – Тəуелсіздігіміздің ордалы 30 жылдығы. Біздің уақытымызда өткен оқиғалар бәрімізге өте қымбат. Мемлекеттің саясаты ең алдымен еліміздің рухани дамуы мен патриоттық тәрбиеге бағытталған. "Рухани жаңғыру" негізінде жүзеге асырылып жатқан маңызды жобалардың бірі - "Туған жер". Тәуелсіз қазақ жері - бұл әдемі және еркін ел! Қазақстан -ұлы мемлекет. Бүгін Қазақстан еркін және тәуелсіз мемлекет болуы үшін ата-бабаларымыз ғасырлар бойы мерт болып, зардап шекті. Тәуелсіздік күні-бұл жай ғана мереке емес, ол Қазақстанда тұратын барлық халықтардың еңбекқорлығы мен достығының нәтижесі Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 30 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев жаһандық жаңа ахуал жағдайындағы жүрер жолымызды, барар бағдарымызды белгіледі. Халықтық реформалар арқылы жаңа деңгейдегі мемлекетке айналуды көздейтін маңызды бастамалар іске асырыла бастады.
Әлеуеті бүгінгіден əлдеқайда аз болған заманда да егемендік туын еңкейтпеген қабырғалы халқымыз бұл кезеңнен де абыроймен өтеріне бек сенеміз.
Қорытынды
Сонымен балалар, бүгін біз дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі — осы Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйымымыздай етіп құрметтеп, келер ұрпақтар қолына аманаттап тапсыруға тиіспіз. Елімізді ішкі — сыртқы дұшпандардан қорғауға міндеттіміз. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ
Хор: Көк тудың желбірегені
Күні: 29.11.2021
Сыныбы: 10 В
Тақырыбы : 1-желтоқсан «Менің тұңғыш Президентім» Мақсаты:
а) Жас ұрпаққа Нұр ағамыздың сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
ә) Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.
б) Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу. Сабақтыңтүрі: Өздіктерінен жұмыс істеу
Сабақтыңәдіс-тісілдері: түсіндіру, білім беру, оқыту, оқу, практикалық.
Сабақтыңбарысы:
І. Ұйымдастырукезеңі:
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін ұлтжанды азаматтың тұрғанын көрмеу, оны сезінбеу мүмкін емес еді.
Мемлекет басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау Президенттік те, перзенттік парызым» деген болатын.
Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
Қазір тәуелсіздігімізді алдық, біз – бақытты елміз. Елбасымыздың «2030 бағдарламасы» бойынша көптеген істер атқарылып келеді. Қалалар көркейіп келе жатыр.
Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.
4-оқушы:Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.
5-оқушы.1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.
Сынып жетекшісі: Мадиярова Б.
Күні: 4.09.2021
Сыныбы: 10 В
Тақырыбы : А .Байтұрсыновтың туғанына 150-жыл!"Ұлттың ұлы ұстазы -А.Байтұрсынұлы"
Мақсаты:
1.Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми
еңбектері туралы мағлұмат беру.
2. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның
көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу
Сабақтыңтүрі: Өздіктерінен жұмыс істеу
Сабақтыңәдіс-тісілдері: түсіндіру, білім беру, оқыту, оқу, практикалық.
Сабақтыңбарысы:
І. Ұйымдастырукезеңі:
Ахмет Байтұрсынұлының 5 арыстың құрамына кіретінін білеміз ия, балалар?! Ендеше 5 арысқа кіретін ұлт зиялыларын атап шығайықшы:
Ахмет Байтұрсынұлы
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Міржақып Дулатов
Жүсіпбек Аймауытов
Мағжан Жұмабаев
Дәуірдің жарық жұлдызы, ұлттың ұлы ұстазы саналатын Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толып отыр. Ендігі кезекте Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаянымен танысып өтсек.
Достарыңызбен бөлісу: |