Сабақтың басы
5 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасады.
Оқушылардың сабаққа дайындығын бақылайды.
Оқушыларды топқа бөледі.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Сұрақтар:
Жай бөлшектің негізгі қасиеті
Жай бөлшектерді қысқарту
|
Амандасады.
3 топқа бөлінеді, топ басшысын сайлайды.
Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасайды
Жауабы:
1.Бөлшектің алымын да, бөлімін де бірдеу натурал санға көбейткеннен немесе бөлгеннен бөлшек өзгермейді,
2. Жай бөлшектерді қысқарту үшін бөлшектің алымын да, бөлімін де олардың ең үлкен ортақ бөлгішіне бөлу керек.
|
«Жарайсың!», «Өте жақсы» секілді мақтау сөздер арқылы бағаланады.
Дескриптор:
1.Жай бөлшектің негізгі қасиетін біледі;
2.Жай бөлшектерді қысқарта алады
[1балл]
|
Топқа бөлуге арналған эмблемалар
|