Құрамның пайдалы ұзындығы,жүк станциясына,зауыттарға беріледі,вагон ағымы мен технологиялық жұмыс үдересінің көлеміне байланысты болады.Тартылым жолдарының пайдалы ұзындығы локомотивтің жалпы ұзындығы есебінен жоспарланады,күрделірек жағдайда тартылым жолдарының пайдалы ұзындығы құрамның жарты ұзындығы мен локомотивтің толықтай ұзындығы тең болады.
Бағыттамалы ауысулар кезінде жолаушы пойыздары бүйірдегі жолдарда қабылданады немесе бүйірдегі жолдарға жіберіледі,сондай-ақ диспетчерлер съездінің 1/11 артық емес айқаспасы болуы керек.
Жобаны әзірлеуде электрлі орталықтандырылған бағыттаманы таңдау керек.(ЭО) ЭО бағыттамалары қабылдау-жөнелту пойыздарының маршруты мен осы маршрутты күзету үшін керек.
ЭО бағыттамасын іске қосу техника-экономикалық негізде ғана рұқсат етіледі.
Сұрыптама паркіндегі бағыттамалар үшін ЭО жүйесінің күшейтілген түрі қарастырылады,көптеген жағдайда сұрыптама паркінен жөнелтілген бағыттамалар екі жақты басқару – орталықтан және жергілікті жерден жоспарланады.
Масштабты жоспарда қызмет-техникалық үй-жайларды орналастыру,сол арқылы бір ауданда максималды мүмкіндік туғызу,яғни аз мөлшерде шығын шығару,станция жұмыскерлерінің жағдайын,жақсарту сияқты жұмыстар енгізіледі.
Осы мақсатта жолаушылар үй-жайлары платформалармен,ТҚКП және ЭО посты орталықтағы алқымға жақын орналасуы керек.Барлық жөндеу шеберханалары мүмкіндігінше ЛШ аймағында немесе соған жақын орналасуы керек.
Станцияның масштабы жоспары аяқталғаннан кейін,міндетті түрде
барлық жолдарды,бағыттамаларды,үйлер мен жайларды көмірлеу керек және олады станцияның жоспары жасалған тізімдемеге кіргізу керек.
Станцияға бүйірден жанасу сызығы жоспарда көрсетілгендей,алдын ала жоспарланған есепке сәйкес құрылады.
|