Станциядағы өтпелі және маневрлік қозғалыс қызметкерлердің жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты істерге аса назар аударуды талап етеді.Станция аймағында жоларалықтарын таза,ал су құрылғыларын-жабық түрде ұстау керек.Жол арқылы өту үшін арнайы төсеніштер,ал ұзақ өту кезінде неғұрлым кең жоларалықтары қолданылады.
Осындай жерлерде "Жол арқылы өту","Алыс жолдан өту" сияқты сілтемелер белгіленуі керек,жәшіктер мен сөрелер башмактарға арналған кең жоларалығында қолданылады.Қыста оларды қара түске,жазда ақ түске боялады.Вагондарды үнемі ағытатын жерлерде,шпалдың үстінгі деңгейіне дейін жәшіктерге құм толтырылады.Түнгі уақытта станцияда техника-реттеуші актісінде жабдықтау нормалары орнатылуы керек.
Егер бағыттамалы пост жолдан 6 м қашықтықта орналасса,онда оның есігі жолға қарай бағытталады.Қарама-қарсы жағдайда постан жолға шығуды ескертуші барьер қарастырылады.Әсіресе жолдан өту ережесін қадағалау керек. Маневрдің алдын пойыз құрастырушысы қозғалуға кедергінің жоқтығына көз жеткізуі керек және барлық аудандарға жұмысы туралы ескерту қажет.Сонымен қатар жылжымалы құрамда жүктерді дұрыс орналастыру,тежегіш башмақтардың жеткілікті саны туралы тексеруі керек.Құрастырушының көмекшісі жұмыс кезінде вагонның бүйірінде болады және оларды тек арнайы қолбақтар арқылы ажырытады.
Маневрлік құрамның қозғалысы кезінде вагондар арасында жүруге,бағыттамалы ауысым вагондарын ажыратуға болмайды.Маневрлік кезінде өту тежегіш алаңдары мен локомотив,вагон арнайы табандарында рұқсат етіледі.
Вагондарды тежеу үшін тежегіш башмақтарын рельстің негізіне жатқызуы,тіркемелердің келуіне дейін қауіпсіз жерге кетіп үлгеруі үшін керек.Вагон асты тіркеме ортасындағы башмақтар тек арнайы түйрегіштермен жатқызылады.Маневр кезінде электрленген жолдарға жақындауға,вагонның төбесіне шығуға тыйым салынған және арақашықтығы 2 м кем болмауы тиіс. Құрамалы бригадалар маневр кзінде адамдар жүретін жерлерде аса сақ болғаны абзал. Бұл жерде үкемі белгі беріп маневрлік құрамының аялдайтыны туралы, ағаш даяр болуы туралы адамдарды құлақтандырып отырған дұрыс.
Қоршаған ортаны және еңбекті қорғау. Еңбекті қорғау бұл- заңды, әлеуметтік –экономикалық, санитарлық- тазалық іс шаралары, ұйымдастыру, қауіпсіздікпен қамтамасыз ету, еңбек үдерісіндегі адамның жұмысқа қабілеттілігі мен денсаулығы туралы жүйе.
|