Тема: 05-Мјселе есептер



бет2/2
Дата08.01.2023
өлшемі55 Kb.
#60687
1   2
Байланысты:
жол теңдеуі

Кешігу немесе ерте жету

  1. Жаяу адам 10 км жолды белгілі бір жылдамдықпен жүру керек еді, бірақ ол жылдамдығын 1 км/сағ арттырып, 10 км жолды 20 мин тезірек жүріп өтті. Жаяу адамның алғашқы жылдамдығын табыңыз.

Жауабы: 5 км/сағ

  1. Велосипедші бүкіл жолды белгілі жылдамдықпен 2сағатта жүріп өтуі керек еді.Ол жылдамдығын3 км/сағ арттырғандықтан,бүкіл жолды сағатта жүріп өткен.Жолдың ұзындығын табыңыз.Жауабы30 км

  2. Велосипедшіге 15 км қашықтықты жүріп өтуі керек еді. Белгіленген мерзімінен 15 минутқа кеш шыққандықтан жылдамдығын 2 км/сағ арттыруға тура келді. Сөйтіп велосипедші қандай жылдамдықпен жүріп өтіп еді. Жауабы: 12 км/сағ

  3. Велосипедші 30 км аралықты жүруі керек еді. Ол белгіленген мерзімнен 3 минут кеш шыққандықтан жылдамдығы 1 км/сағ арттырып, баратын жеріне дәл уақытында келді. Велосипедші қандай жылдамдықпен жүрді. Жауабы: 25 км/сағ

  4. Жедел поезд семафор алдында 16 минут тоқтатылған. Кестеден шығып қалмау үшін, ол келесі 80 км аралықты жоспарлағаннан 10 км/сағ артық жылдамдықпен жүрген. Поездың кесте бойынша жылдамдығын табыңыз. Жауабы: 50 км/сағ

  5. Поезд жолда 6 мин-қа тоқтады да, өзінің кешігуіне 20 км-лік жол кесіндісіне жойды. Ол үшін поездың қозғалыс кестесі бойынша жорамалдаған жылдамдығынан 10 км/сағ артық жылдамдықпен жүруіне тура келді. Берілген жол кесіндісіндегі поездың кесте бойынша жорамалдаған жылдамдығын табыңыз. Жауабы: 40 км/сағ

  6. Шаңғышының 30 км-лік ара қашықтықты жүріп өтуі тиіс еді. Жүруді белгіленген уақытынан 3 мин кешірек бастаған шаңғышы жоспарланған 1 км/сағ артық жылдамдықпен жүгіріп отырып, белгіленген жерге дер кезінде келіп жетті. Шаңғышы қандай жылдамдықпен жүгірді.Жауабы: 25 км/сағ

  7. Бір мезгілде А және В пунктерінен бір-біріне қарама-қарсы бағытта жолға шыққан екі велосипедші 2 сағ-тан кейін жолықты. А-дан В-ға дейінгі қашықтық 42 км-ге тең. Егер бірінші велосипедші сағатына екіншісіне қарағанда 3 км жолды артық жүріп отырса, онда олардың әрқайсысының жылдамдығының қандай болғаны? Жауабы: 12 км/сағ, 9 км/сағ

  8. Жеңіл машина жүк машинасына қарағанда 2 минут кеш шықты да оны 10 км жүргенде қуып жетті. Егер жеңіл машина жүк машинасына қарағанда сағатына 15 км артық жүретін болса, онда машиналардың жылдамдықтары қанша? Жауабы: 60 км/сағ, 75 км/сағ

  9. Темір жолдың екі станциясының арасы 120 км. Бірінші поезд екіншісіне қарағанда осы аралықты 50 мин жылдам жүріп өтеді. Бірінші поездың жылдамдығы екіншісінен 12 км/сағ артық. Поездың жылдамдығын табыңыз. Жауабы: 48 км/сағ, 36 км/сағ

  10. Қайық 12 км/сағ жылдамдықпен бір айлақтан екінші айлаққа қарай шықты. Жарты сағаттан кейін сол бағытта 20 км/сағ жылдамдықпен пароход шықты. Егер пароход қайықтан 1,5 сағат бұрын келсе, онда айлақтар арасы қанша? Жауабы: 60 км

  11. Аэродромнан одан 1600 км қашықтығы пунктке бір мезгілде екі ұшақ ұшып шығады. Бірінші ұшақтың жылдамдығы екіншіге қарғанда 80 км/сағ-қа артық болғандықтан, ол белгіленген жерге 1 сағат бұрын жетеді. Әр ұшақтың жылдамдығын табыңыз. Жауабы: 320 км/сағ, 400 км/сағ

  12. Пойызға асыққан жолаушы бірінші сағатта 3,5 км жүргеннен кейін, осы жылдамдықпен жүре берсе поездға 1 сағат кешігетінін есептеп білді. Ол қалған жолды 5 км/сағ жылдамдықпен жүріп отырып, пойызға 30 минут ерте келді. Жолаушы қанша километр жүрген? Жауабы: 21 км

  13. Жүк машинасының 3 сағатта жүрген жолын, жеңіл машина 2 сағатта жүреді. Егер жеңіл машина жылдамдығын 30 км/сағ-қа кемітсе, онда ол бір сағатта жүк машинадан 10 км кем жүреді. Машиналардың жылдамдығын табыңыз. Жауабы: 60 км/сағ, 40 км/сағ

  14. А және В станцияларының арасын жүк поезына қарағанда жолаушы поезы 36 мин тезірек жүріп өтеді. Егер жолаушы поезының орташа жылдамдығы 60 км/сағ, ал жүк поезының орташа жылдамдығы 48 км/сағ болса, онда екі станцияның ара қашықтығын табыңыз. Жауабы: 144 км

  15. Екі пароход кездескеннен кейін бірі оңтүстікке, ал екіншісі батысқа қарай кетті. Екі сағат өткеннен кейін олардың ара қашықтығы 60 км болды. Егер біреуінің жылдамдығы екіншісінен 6 км/сағ артық болса, онда олардың әрқайсысының жылдамдықтары қандай болғаны?

Жауабы: 18 км/сағ, 24 км/сағ

  1. Саяхатшы 105 км жолды күніне бірдей жол жүре отырып, бірнеше күнде жүріп өтті. Егер осы саяхатына тағы да 2 күн қосып алса, ол күніне 6 км аз жүрген болар еді. Саяхат неше күнге созылды?

Жауабы: 5 күн

  1. Мотоциклші 5 сағатта велосипедшының 4 сағатта жүрген жолынан 259 км артық жүреді. 10 сағатта велосипедші мотоциклшінің 2 сағатта жүретін жолынан 56 км артық жүрді. Велосипедшінің жылдамдығы қандай? Жауабы: 19 км/сағ

  2. А және В пунктерінен бір мезгілде бір-біріне қарсы мотоциклші мен велосипедші шықты. Олар В пунктінен 4 км қашықтықта кездесті. Ал мотоциклші В пунктіне жеткен кезде велосипедші А пунктінен 15 км қашықтықта еді. А және В пунктерінің ара қашықтығын табыңыз. Жауабы: 20 км

  3. Екі мотоциклші бір мезгілде бір-біріне қарсы А мен В пунктерінен шыққан. Олардың ара қашықтығы 600 км. Бірінші мотоциклші 250 км жер жүргенде екіншісі 200 км жүреді. Бірінші мотоциклші В-ға екіншінің А-ға жеткен уақытынан 3 сағ бұрын жетеді. Олар бір қалыпты қозғалады деп есептеп, мотоциклшілердің қозғалыс жылдамдықтарын табыңыз. Жауабы: 40 км/сағ, 50 км/сағ

  4. Екі желаяқ араларына 2 минут интервал тастап, бірінен соң бірі жүгіріп кетті. Старт берілген нүктеден 1 км қашықтықта екіншіні қуып жетті де, 5 км қашықтыққа жүгіріп барып, кері қайтты. Осы жолда ол бірінші желаяқпен кездесті. Бұл кездесу бірінші желаяққа старт берілген уақыттан 20 минуттан кейін болған еді. Екінші желаяқтың жылдамдығын табыңыз. Жауабы: 20 км/сағ.

  5. Арақашықтығы 124 км екі станциядан бірдей уақытта бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі поезд шықты. Поездар 1сағат 15 минут жүрген соң олардың арақашықтығы 369 км болды. Бірінші поездың жылдамдығының екінші поезд жылдамдығына қатынасы 3:4 қатытынасындай. Поездардың жылдамдықтарын табыңдар? Жауабы:84 км/сағ, 112 км/сағ

  6. Поезд 75 км/сағ жылдамдықпен жүрсе, бірінші станциядан екінші станцияға 2 сағат 24 минутта келеді. Егер поезд жылдамдығын 20% -ке арттырса, бірінші станциядан екінші станцияға бұрынғыдан неше минут ерте келеді? Жауабы:24 мин

  7. Берілген қашықтықты шеңберінің радиусы 15 см доңғалақ 36 айналым жасайды. Осы қашықтықты шеңберінің радиусы 18 см доңғалақ неше айналым жасайды? Жауабы:30 айн

  8. А нүктесінде тұрған ит өзінен 30 м жерде тұрған түлкіні қуды. Ит бір секіргенде 2 м, ал түлкі бір секіргенде 1 м жерге барады. Түлкі үш рет секірген уақытта ит екі рет секіреді. Ит А нүктесінен қандай қашықтықта түлкіні қуып жетеді. Жауабы: 120 м

  9. Екі мотоциклші бір мезгілде бір-біріне қарсы А мен В пунктерінен шыққан. Олардың ара қашықтығы 600 км. Бірінші мотоциклші 250 км жер жүргенде екіншісі 200 км жүреді. Бірінші мотоциклші В-ға екіншінің А-ға жеткен уақытынан 3 сағ бұрын жетеді. Олар бір қалыпты қозғалады деп есептеп, мотоциклшілердің қозғалыс жылдамдықтарын табыңыз. Жауабы: 40 км/сағ, 50 км/сағ

  10. Турист 160 км-дің бөлігін автомашинамен, ал қалған бөлігін катермен жүріп өтті. Катердің жылдамдығы автомашинаның жылдамдығынан 20 км/сағ аз. Турист автомашинамен катерге қарағанда 15 мин артық жүрген. Автомашина мен катердің жылдамдықтары қандай? Жауабы: (60; 80); (80; 100).

  11. Сағатына 70 км/сағ жол жүретін жүрдек поезд С станциясынан Д станциясына қарай шықты, ал 1 сағ

өткеннен кейін оған қарама-қарсы Д станциясынан сағатына 45км/сағ жол дүретін жүк поезы шықты.
Егер СД темір жол бөлігінің ұзындығы 530 км болса, онда осы екі поезд бірімен-бірі Д станциясынан
қандай қашықтықта кездесер еді? Жауабы: 180 км

  1. Екі қаладан қарама-қарсы бір мезгілде 2 пойыз шықты. 1-ші пойыз сағатта 18 км, ал екіншісі одан 1,5 есе артық өтті. Егер пойыздар кейін кездесетін болса, онда қалалардың ара қашықтығын табыңыз.

Жауабы: 270 км

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет