Бүйрек қыртысты (бүйректің беткей қабатына жақын орналасқан) және милық (ішкі қабат) заттан тұрады.
Қыртысты заты милық қабатқа Бертини бағандары түрінде енеді, ал милық заты қыртысты затқа Феррейн сәулелері түрінде көтеріледі.
Бүйректе бүйрек ұлпасы (несепті түзу үшін қажетті қанның сүзілуіне жауапты) мен тостағанша-түбекше жүйесін (түзілген несепті жинақтау және шығаруға жауапты) ажыратады.
Бүйректің құрылымдық-қызметтік бірлігі – нефрон (саны 2 млн). Ол капсуладан және проксимальды иректелген түтікшеден, Генле ілмегінен, дистальды иректелген түтікшеден тұрады.