Тема: «Физиология почки. Механизм мочеобразования»



бет5/7
Дата15.11.2023
өлшемі1,85 Mb.
#123650
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Несеп-шығару-жүйесі-физиологиясы

Тазарту коэффициенті

  • Қалыпты жағдайда екі бүйректегі сүзілу көлемі еркектерде шамамен 125 мл/мин, әйелдерде – 110 мл/мин.
  • Сонымен, инулиннің клиренсі немесе инулиннің тазарту коэффициенті – 1 минут ішінде инулиннен тазартылған қан плазмасының мөлшері.
  • Тазарту коэффициенті клиникалық тәжірибеде бүйректердің қызметін бағалау үшін қолданылады.

Түтікшелердегі қайта сорылу

  • Шумақтық фильтрат құрамында еріген заттармен бірге нефрон капсуласынан (Боумен капсуласы) шығып, иірімделген түтікшелер арқылы, Генле ілмегі арқылы, дистальды түтікшелер арқылы жинақтаушы түтікшелерге тасымалданады.
  • 2 млн түтікшелердің әрқайсысының ұзындығы 3-5 см.
  • Түтікшелердің жалпы ауданы 7-8 м² тең.

Түтікшелердегі қайта сорылу

Қайта сорылу

  • Глюкоза мен амин қышқылдары белсенді тасымал жолымен (концентрациялық градиентке қарсы) сіңіріледі.
  • Натрий иондары электр-химиялық градиентке қарсы жолмен қайта сорылады. Na+, K+, АТФ-аза ферменттерінің қатысуымен және АТФ энергиясының шығындалуымен жүзеге асады.
  • Хлор иондары натрийдің белсенді тасымалынан түзілетін электрохимиялық градиент бойынша қайта сорылады, яғни (+) зарядталған Na иондары электростатикалық өзара әрекеттесуымен өзімен бірге (-) зарядталған CІ иондарын тартады.

Қайта сорылу

  • Су қайта сорылу пассивті транспорт, диффузия және осмос заңдары бойынша қайта сіңіріледі.
  • Глюкоза, натрий, калий, кальций проксимальды түтікшелерде біріншілік зәрден ұлпа сұйықтығы мен қанға сіңіп, ұлпа сұйықтығының осмостық қысымын жоғарылатып, түтікшелердегі несептің осмостық қысымын төмендетеді. Сөйтіп су осмостық қысымның айырмашылығынан біріншілік зәрден ұлпа сұйықтығына және қанға өтеді.
  • Аталған үрдіс органикалық және бейорганикалық қосылыстардың белсенді тасымалымен қатар жүреді.

Бүйректің айналдыра-кері ағызу жүйесі

  • Судың тасымалы проксимальды түтікшелердегі зәрдің осмостық қысымын ұлпа сұйықтығы мен қанның осмостық қысымымен теңестіреді. Сөйтіп, біршама мөлшерде тұз сіңірілгенімен, проксимальды түтікшелердегі зәр қандікіндей изотониялық болады.
  • Генле ілмегінде қайта сорылуының ерекше механизмі – бұрылысты-ағысқа қарсы жүйе болады (соның нәтижесінде зәрдің изотониялығы өзгереді).
  • Бұл жүйенің мәні – Генле ілмегінің проксимальды және дистальды түтікшелер бір-біріне жанаса орналасып, өзара байланысты тұтас бір механизм ретінде қызмет атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет