Ежелгi грек ойшылдары - Платон б.з.д. 427-347 жж. өмiр сүрдi /саяси ғылымның атасы/
- Еңбектері: «Саясат», «Мемлекет», «Заңдар».
- 1. Мемлекет - әлеуметтік қажеттеліктерді қанағаттандыру, тәртіпті қолдау, адамдарды сыртқы жаулардан қорғау үшін қажет деп санады.
- 2. «Мемлекет» атты еңбегенде «мемлекет бақытты болу үшін, ол толығымен бақытты болуы тиіс» - деп жазды.
- 3. Мемлекеттiң дұрыс формасы – монархия, аристократия.
- 4. Мемлекеттiң бұрыс формасы – тимократия, олигархия, демократия, тирания.
- 5. Ізгілікті мемлекет идеясы:1) қорғау құралдарының болуы; 2) қоғам мүшелерiн қажеттi материалдармен жүйелi түрде жабдықтап тұруы; 3) рухани және шығармашылық қызметтiң жоғары деңгейде болуы.
- 6. Құқықтық мемлекет идеясы. «Заңдар» еңбегі.
Аристотель (б.з.д. 384-322ж.ж.) /саяси ғылымды пән ретінде негіздеуші/ - Еңбектері: «Саясат», «Афиналық полития», «Этика», «Риторика».
- 1. Адам туғанынан саяси жәндік, қоғамдық тіршілік иесі, ал мемлекет қоғамдық өмірдің жоғары формасы.
- 2. Мемлекеттің басты мақсаты – азаматтарға өнегелі тәрбие беру және бақытты өмірін қамтамасыз ету.
- 3. Мемлекеттік құрылыстың дұрыс түрi: монархия, аристократия мен полития.
- 4. Мемлекеттік құрылыстың бұрыс түрі: тирания, олигархия мен демократия .
- 5. Полития жалпының мүддесі үшін көпшілік билік құруы.
Орта ғасырлардағы саяси ойлар - Орта ғасырлардағы саяси ойлар
- Феодалдық қоғамдық-экономикалық құрылыспен тығыз байланысты. Әрi саяси тұжырымдары дiни сипатта болды.
- А. Августин (354-430 ж.ж.). «Құдай қала туралы» атты еңбегі бар. А. Августин барлық әлеуметтiк, мемлекеттiк, құқықтық ұйымдар мен заңдар адам күнәсiнiң нәтижесi деп санады.
- Ф.Аквинский (1224-1274 ж.ж.) «Құдайшылдықтың жиынтығы». Арнайы заң теориясын жасады. Заңды мәңгiлiк, дiни, табиғи және оң деп бөлдi. Ол монархияны қолдады, себебi ол заңға сүйенедi деп есептеген.
Достарыңызбен бөлісу: |