Әл-Фарабидің әлеуметтік-саяси ойлары /1150 жылдық мерей тойы/ - Еңбектері: «Қайырымды қала», «Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері», «Азаматтық саясат».
- «Қайырымды қала еңбегінде» мынадай тұжырымдарды:
- адамдар шынайы бақытқа тек қайырымды қалада ғана қолы жетеді;
- «өзара жәрдем көрсете білу», ынтымақтастық, тұрақтылық идеяларын ұсынды.
- «Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері» атты еңбегінде: қаланы қалай басқару керек, оны көркейту, түрғындардың тұрмысын жақсарту, бақытқа жеткізу туралы ойларын ұсынды.
Н. Макиавелли (1469-1527ж.ж.) - Н. Макиавелли (1469-1527ж.ж.)
- Еңбектері: «Патша» (1513ж.), «Тита Ливлийдiң бiрiншi декадасы туралы ой толғаныстар» (1519ж.), «Флоренция тарихы» (1532ж.).
- Н. Макиавеллидiң саяси iлiмдері:
- схоластиканы бұзып, рационализм мен реализм негiзiн салды;
- саясаттану ғылымының негiзiн салды және саяси өңдеуді енгізді;
- феодалдық бытыраңқылыққа қарсы шығып, Италияда бiр орталықтанған, тұтас монархияның абсолюттiк формасын қалыптастыру үшiн күрестi;
- «мемлекет» және «республика» ұғымдарын ендiрiп, оларға қазiргi заманғы мән бердi;
- папалық тақ пен шiркеудi әшкерледi;
- «мақсат әрбiр тәсiлдi ақтайды» қағидасы бойынша қалайда мақсатқа жетуге шақырды.
Ж.Боденнің мемлекеттік билік егемендігі теориясы (1530-1596 жж.) - «Республика туралы алты кітап» атты еңбегінде мемлекеттің шығуы, функциялары, басқару формалары, т.б. талдаған.
- Негізгі идеялары:
- 1. Мемлекеттік егемендік идеясын жасады. Егемендік ұғымын саяси ғылымға енгізді. Егемендік – бұл Республиканың абсолюттік және мәңгі билігі.
- 2. Мемлекет – өз ішінде және шетел державалармен қатынастарда жоғарғы саяси билікті иеленуші.
- 3. Мемлекеттік егемендікке – заң шығару құқығы, соғыс жариялау немесе бітім, кешірім жасау құқығын, қол астындағылардың бағынуы, монета шығару, салық салу құқығын жатқызды.
- 4. Демократияны және аристократияны қолдамады.
- 5. Мұрагерлік абсолюттік монархияны қолдады.
Достарыңызбен бөлісу: |