И.Кант пен Г.Гегельдің концепцияларындағы мемлекет пен азаматтық қоғам концепциялары. - І. И.Кант (1724-1804 жж.). Еңбегі «Мәңгілік бейбітшілікке» , т.б.
- 1. Дербес, тең мемлекеттер бейбітшілікті сақтау үшін федерация құруын ұсынды.
- 2. «Мемлекет – бұл құқықтық заңдарға бағынған адамдардың бірлестігі».
- 3. Мемлекеттің формасын биліктегі адамдар саны мен басқару формасына қарау талдады. Осы белгілері бойынша автократияны, аристократияны, демократияны: «тақсырдың, дворяндардың, халықтың билігі» деп бөлді.
- ІІ. Георг Гегель (1770-1831 жж.). Еңбегі «Құқық философиясы», т.б.
- 1. Мемлекет пен азаматтық қоғамды бір-бірінен ажыратты. Азаматтық қоғамды жеке тұлғаның дара мақсаттары мен мүдделерін жүзеге асыру дың саласы ретінде анықтады.
- 2. Азаматтық қоғамды антагонистік қоғам ретінде қарады.
- 3. Халық егемендігін және днмократияны жоққа шығарды.
- 4. Тұлға бостандығы мен оның құқығы меншік арқылы жүзеге асады.
-
- Вильфредо Парето (1848-1923 ж.ж.) негізгі саяси идеялары – саяси элита теориясы мен билiк құрылымы. Еңбегі «Жалпы социология жөнiндегi трактат». Оның ойынша, қоғам дамуы элиталар алмасуы арқылы жүредi.
- Гаэтано Моска (1858-1941ж.ж.) «Саяси iлiмнiң негiздерi» еңбегi. Саяси элита теориясын жасады.
- Роберт Михельс (1876-1936 ж.ж.) саяси партия концепциясының негiзiн салушы. Демократия ұйымдарсыз, басқару аппаратынсыз және кәсiпқой жетекшiсiз мүмкiн еместiгi партия қызметкерлерiне қызмет орны мен артықшылықтарды бекiтiп бередi, сөйтiп партиялық көпшiлiктен оларды ажыратады деп санады.
- Макс Вебер (1864-1920ж.ж.) немiстiң көрнектi ойшылы, саясаттанушы ғалым. Оның саяси iлiмiнiң негiзгi идеясы – плюрализм.
ХХ ғасырдың саясаттану ғылымының қазiргi кезеңдегi әр түрлi бағыттары қалыптасты: - Әлеуметтiк бағыт: саясат құбылыстарын, қоғамның күрделi әлеуметтiк құрылымы мен процестерiн зерттедi.
- Институционализм бағыты: саяси өмiр мен қоғамдық құрылысты ұйымдастыру формаларын зерттеді.
- Саясаттың құрылымдық-функционалды концепциясы, олар саясатты, оның инситуттарын қоғамдағы орны мен қызметiне қарай зерттедi.
- Саяси плюрализм концепциясы, қоғамда таптардың жойылуына және олардың орнына әлеуметтік қабаттардың өзара әрекет пен келiсiмде өмiр сүруiне негіздеді.
- Демократия концепциясы: құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам, адам құқығы мен бостандығы сияқты iлiмдер зерттеді.
- Бюрократия концепция: бюрократияның қызметi мен құрылымын жан-жақты зерттеді.
- Тоталитаризм концепциясы.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!
Достарыңызбен бөлісу: |