Федерация – белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы.
Федерация – белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы.
Федерацияның негізгі белгілері:
федерация территориясы оған кіретін мемлекеттер территориясынан құралады;
федерация мен оның субъектілері арасындағы өкілеттілік бірыңғай жалпыодақтық конституциямен шектеледі. Федерацияға енген әрбір мемлекет өзінің конституциясын қабылдауға құқылы.
заңшығарушы, атқарушы, сот биліктерінің екі жүйесі болады, федеральді және әрбір федерация субъектісі үшін;
федерацияның әрбір азаматы бірыңғай азаматтықа ие болады;
федерация бірыңғай қарулы күшке, қаржы, салық, ақша жүйелеріне ие;
халықаралық аренаға тек тұтас федерация ғана шыға алады.