Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
«Темір – ғажайып металл»
Орындаған студент:Отарбек Назерке
Химия-6В01510 1-топ
- Алматы 2023
Аннотация:Темір элементінің химиялық және физикалық қасиеттері мен адам өміріндегі маңызы.Темір элементінің ашылу тарихы қандай екеніні білетін боламыз.
Химические и физические свойства элемента железа и его значение в жизни человека.Узнаем историю открытия элемента железа.
Chemical and physical properties of the iron element and its significance in human life. Let's find out the history of the discovery of the iron element.
Тірек сөздер:темір, химия ,физика ,периодтық кесте, табиғи минералдар
Кіріспе
Темірді неліктен ғажайып металл деп санаймыз ? Ең алдымен темір туралы жазған геология мен металлургияның негізін салған, белгілі маталдарды зерттеуші Георгий Агрикола ХVІ ғасырда былай деп жазған: «адамдар металдарсыз өмір сүре алмайды , егер металдар болмаса адамдар жабайы аңдардың арасында ең аянышты өмір сүрген болар еді. Темір десек, біздің көз алдымызға шойын мен болат келеді. Адамзат тіршілігін темірсіз елестетуге болмайды.«Жер бетінде темір жойылып кетсе , не болады деп елестетсек, көшелерде темір жол да, поездар да, машиналар да жоқ, көпірлерде болмайды тіпті өсімдіктерде өспейді . Адам денесіндегі 3г темір жойылса , тіршілігін тоқтатып , өліп қалар еді.» , бұл көріністі суреттеген ,темірдің маңыздылығын айтқан атақты минералог , академик А.Е.Ферсман.Ендеше осындай маңызды элементті зерттеп көрейік.
Темірдің периодтық жүйедегі орыны 4-период, 4 - қатар, 8 - топ, қосымша топша, реттік нөмірі 26. 26 электрон, 26 протон, салыстырмалы атомдық массасы 56, 30 нейтрон. 4 электрондық қабат, 2)8)14)2), электрондық конфигурациясы-1s22s22p63s23p63d64s2 Тотығу дәрежесі 0,+2,+3, кейде +6; тотықсыздандырғыш болып табылады. Физикалық қасиеттеріне келетін болсақ темір екі жағдайда кездеседі. Оның бірі — жердің өзінен пайда болған жерлік (теллурлық ) темір, екіншісі — аспаннаң метеорит түрінде жерге түскен космостық темір. Химиялық құрамы. Теллурлық темірдің қоспалары кебінесе Ni, Co, Cu; аздаған Mn, С, S, Р, Pt, As т. б. болады. Табиғатта химиялық құрамы өте күрделі болып кездесетін элементтердің бірі — темір. Бірақ кейін жүргізілген химиялық анализге қарағанда теллурлық темір көбінесе таза болып шыққан. Оның қоспасында орта есеппен 0,6%-ке дейін Ni, 0,4%-ке дейін Cu, 0,3%-ке дейін Co болған. Темір - ақ сұр түсті, металдық жылтыры бар, тоқ пен жылуды жақсы өткізетін, магнитке тартылатын, жұмсақ, созылғыш металл. Сынығы созылыңқы болып келеді .
Темірді ертеде «Аспан тасы» деп атаған. Жер бетіне жылына мыңдаған метеорит бөлшектері түседі, олардың құрамында 90% темір бар. Ең үлкен метеорит 1920 ж. Америкадан табылған, салмағы 60т .1895 жылы Гренландия мұздағынан салмағы 34т темір метеорит табылған ,қазір Нью-Иоркте мұрағатта сақталуда. Темір күн жүйесінде ең көп тараған элемент. Жер ядросының 90% темір құрайды. Жер мантиясында 12%, жер қыртысында 5%темір бар. Жер қыртысында таралуы бойынша темір -6 орында.
Достарыңызбен бөлісу: |