ТӘМПІШ ҚАРА
Танысу
Содан бері талай-талай жылдар отті. Сол кезде мойында-
рына ал қы зыл галстук тағып, сапқа түрып: “ Бір-екі, үш...
жастар — алып күш ” деп ауыл көшелерімен ән ш ырқап
жүретін балалардың кейбірі бүл күндері немересін сүйіп
отыр. Көбі күні кешегі Үлы Отан соғысы майдандарынан
оралмай да қалды. Топырағы торқа болсын олардың!
Ал күні бүгінге дейін бейнесі көз алдыма елестеп түра-
тын төмпіш мүрын қара баланың не болғаны маған белгісіз.
Ү лкен-кіш і оны, “өзіміздің тәмпіш қ а р а ” , — дейтін. Осы
бір сөзден-ақ соншама бір ықыласты, ы стық сезімді аңғару
қиы н емес. Ш ынында да ол өзіміздің Тәмпіш қара еді.
Ол кезде біз Сүлутөрдің етегіндегі Қ осары қ деген жерде
түратынбыз. Колхозымыздың аты да “ Қ о сар ы қ” болатын.
Бүлай деп кім, қаш ан қойы п жүргені бізге беймәлім. Бірақ
әр жерде бір ш оқиған тапал тамдардың ара-арасы мен ире-
леңдеп ағып жататын ж алғы з ар ы қ бар болатын. Н еш е
жылдар бойына су ш айып, мүжіле-мүжіле, арнасы ны ң екі
жиегі биіктеп, ж арқабақтаны п кеткен. С оны ңтүбінде жы-
лы стап а қ қ а н суды кей ж ерлерінен бөгеп, өзімізш е терең
көлш ік жасап алаты нбы з. М үны ң өзі сонш ам а мехнаты
көп ауыр ж үм ы с еді біз үш ін. Ж азғы ш ілденің тандай
күйдірген ыстығында қорғалақтап жанға сая ш ақы раты н
ж ерің сол көлш ік болса, суды бөгемеске ш араң не. Бы-
л а й -а қ түсейін десең, суы тым саяз.
Суды бөгеу үшін біз сол ары қты ң жар қабағы н қопара-
тынбыз. Су тисе, шекердей үгітіліп, су тимесе, тастай сіресіп,
қатып қалатын қүмдақ сары топырақ. Колшік жасау үстінде
кейде қы зыл кеңірдек боп үрсысып, кейде жагаласып та
қалатын едік. О ны ң есесіне богеткс толган суға рақаттанып
түскенімізде көңілдегі кірбің жуылып кетуші еді.
Бірақ бүл рақатымыз көпкс созылмайтын. Кеш ке дейін
лайланған суға түсіп мәз-мсйрам боп үйге қайтқанмен, келесі
4
күні келгенде көлшігіміздің жайрап ж атқаны н көретінбіз.
Кешегі үйген топы рағы м ы зды ң сілемі де қалм ай , ты п-
типыл болады. Түнде біреу келіп тиеп кетті ме, әлде мына
жылы стап а қ қ ан судың өзі ағызды ма, ол жағы бізге
белгісіз. Арықтың жағасына түрып алып, жатып кеп тала-
самыз. Ақыры бір шешімге келеміз. Ол — тағы да көлш ік
жасау, сонымен бірге қайткен күнде де кеш кісін бөгеттің
маңын торы п, кім бүзғаны н білу.
Ертеңгіліктегі осы байлауымыз кеш ке қарай божырап
кететін. Шындап келгенде андуға ешкім шықпайтын. Оның
да өз себебі бар. Бірінш іден, біз бөгетті ауылдан ты сқары -
рақ жасайтынбыз. “ Ш уылдап маза бермедіндер!” — деп
ауыл ортасы нан ж еңгей лер талай рет қуы п ш ы қ қ ан .
Екіншіден, осы араға кеш кісін келіп, таң атқанш а күзету-
ге, ш ы ны н айтсақ, қорқаты нбы з. Ү ш інш іден, арамыздан
батылдау біреу белсене ш ы қса, о н ы ң батылдығы үйіне
барғанш а ғана еді. “ Кеш кісін қайда барасың? Тырп етпей
үйде отыр. Күн үзақ ойыннан басқа түк білмейсің” , — деп
шеш ең, немесе өкең жекірсе болды, кожектей жым бола-
гынсың. Соны ң бірі — өзім едім.
Біздің ауылдың үйлері ол кезде бір-бірінен аумайтын
иіымнан жасалған тапал тамдар. Сырты әктелгендерінің өзі
бірен-саран. Үйлердің аулалары да біріне-бірі үқсас. Ш ым
дуалмен қоршайтын. Үйге іргелес мал қора. Онан ш ы ққан
қи жаз ортасына дейін ауланың дәл ортасында шошайған
мола қүсап үйіліп түратын. Ағаш атаулы атымен жоқ. Тек
м ектеп түбінде екі тер ек бар-ды . Ж аз күн дері о н ы ң
колеңкесінен қой-еш кі, бүзау арылмайтын. Атамның қы р-
шаңқы қара биесін де, көршіміз Тілектің көк есегін де іздесең,
сол арадан табатынсың.
Ж асы раты н ы н е, м ек те б ім із сол м аң ай д а м ақ тан
етерлік, еңселі, биік, төбесі қы зы л қаңы лты рм ен жабыл-
ган, терезелері де үл кен , әдемі үй болаты н. Рас, едені
сол өңірдегі бар лы қ үйлердей то п ы р а қ еді. К ей ін н ен
Келдібай деген ж аңа д иректор келіп, үзы н залды ң таба-
иы на ж алты раты п тас салған. К ейін білдік, цем ентпен
сы л атқан екен ғой. Кей күндері біз терезеден ж асы ры -
иып түсіп , осы тас еденге асы қ ойнауш ы едік.
М ектептің қарауылы Әміре деген қаты п-семген жүдеу
кок көз шал еді. Ш іркіннің шіңкілдеген даусы қүлағынды
жаратын. Оның бір үл, бір қы зы бар. Үлы менімен бірге
5
үш інш і класты бітірген сол жазда. Б ір ақ м енен үш жас
үлкен. Қ ы зы бір класс жоғары о қы ған м ен , жасы ересек,
нағы з бойж еткен. Әміре шал кө кгем ш ы ғы сы м ен -ақ,
ауы лды ң сы рты ндағы б ақш асы н а бары п, күрке ж асап ,
соған көш іп алады. С ары күзге д ей ін он ы ң қар асы н
көрмейсің. Сонда мектепті күзету үлы Оңалбек пен өпкесі
К үлдәрінің енш ісінде. Ш еш есін сы рқаты көп адам дейді.
Өз басым көрген емеспін.
Оңалбек екеуміздің ымы-жымымыз бір болатын. Өзі аңқау,
не айтсаң, соған сенгіш. Бас балалар секілді шымыр емес,
болбыр әрі жуас. Сондықтан өзінен кішкентайлардан да таяқ
жеп қалатын. Сондағы арашашы менмін. Ал өпкесі қиқар,
тілі де қырш аңқы. Қыздан гөрі ер балаға үқсас: жауырынды
келген, қол-аяғы балғадай, ақ сары қыз.
Бізді жасырып мектептің ішіне кіргізетін О ңалбекте, ал
көре қалса, бізді тырқыратып қуып шығатын Күлдөрі. Оның
қолына түссең, аямайды. Үрса, бір сәрі ғой, қүрғырың шым-
шиды. Үстаған жерін жүлып алады-ау!
Бір жолы мен де қолы на түстім.
Оңалбекке апам пісірген таба н ан н ы ң бір үзімін беріп,
үш -төрт бала мектепке кірдік. К үн ж аңбырлы еді. Көше
ми батпақ. Мүндайда ермегің — асы қ ойнау. Оңалбек асы-
ғын үтты ры п қ о й ға н екен . О ған бір уыс асы қ беріп
көңілдендіріп қойғам , өз басым ас ы қ қ а сарандығым жоқ.
Себебі бүл төңіректе асы қты менен шебер ешкім ойнай
алмайтын. Көздегенімді мүлт жібермейтін ем. Ендеше, ба-
лалардың бар асығы менікі болмай қайтсін.
Бастапқыда балаларды қы зы қты ру үш ін, қаш анғы ама-
лымды қолданып, ойы нны ң бір-екі кезегіңде үтылдым. Со-
нан соң қолым жүре бастап еді, қайдан can ете түскенін кім
білсін, Иманбек тап бола кетті. Ол келді дегенше, ойынның
ш ырқы бүзылды дей бер.
Айтпақш ы, оны таныстырайын. Кейде біз оны “ Көсеу
қо л ” дейміз. Айтса айтқандай, бойы да, қолы да үзын бала.
Өзі ап-арық. Жүргенде дәл сүрақ белгісі секілді, басын томен
салып имиіп жүреді. Ж ағына п ы ш ақ жаныгандай, терісі
сүйегіне жабысып қалған. Көзі де мөлиіп, олімтік малдың
көзі қүсап түрады. Қ ы сқасы , кескінсіз.
Қ аш ан көрсең де, кіш кентай балаларды ң арасы нда
жүргені. Кейде біздің бөгеткс келіп суга түсетіні де бар.
Тек жүрмейді, балаларды шағыстырып, тобслестіріп қоятын
6
әдеті. М үндайда ы рж ақ-ы рж ақ күліп өзінше мәз болады.
Ілмиіп алып, қарулы. Сондықтан, оған көп шендемейтінбіз.
— Ей, Ертай, — деді ол маған, — кел, ойнайсың ба?
Мен басымды шайқадым.
— Кел, ойнайық. Әлде қорқасы ң ба? — деді ол.
Балалар да бүл кезде:
— Ойна. Неден қорқасы ң? — дей берді. Шамасы өздері
үтыла бастаған соң, мені Иманбекпен дауластырып, қызыққа
батқысы келетін сияқты. Сөйтіп, мені мүқатпақ ойлары бо-
луы да мүмкін. Осындай ой келді де, намысым қозып кеггі.
И манбектің өз асыгы ж оқ екен. М аған көбірек үтылған
сары баладан алды.
— Қазір үтып, бәрін саған берем.
“ Үтарсың кокеңді!..” — деймін іштей кіжініп.
Иманбек пәлендей көздемпаз болмаса да, арам ойнайды
екен. Көзімізді алдай беріп, артық аттап басып, екі рет са-
қамды “өлтіріп” кетті.
— Сен арам ойнайды екенсің, — деп ем, ол мүрнын
шүйіріп: — Т апқан екенсің. Міне, көрдің бе... дәл басып
түрмын ба... Ал, енді қара! — деп, алға еңкейіп резеңкеше
созылғанда, анандай жатқан сақаға қолының қалай жеткенін
де білмей қалдым.
— Ж -о, мүны ң болмайды, — деп мен қарсы шығып ем,
ол менің төбеме төніп келіп, дәл төбемнен шертіп-шертіп
жібермесі бар ма. Ол кезде қазіргідей шаш қою қайда! Шашы
бар баланы көрсек, оған қызыға қарайтынбыз.
И манбектің үзын біз саусағы дәл төбемді шырт-шырт
шерткенде, көзімнің оты ж арқ ете түскен еді.
Төбемді екі қолыммен жауып, баж ете түстім:
— Ой, әкең...
Осы кезде біреудің қолы қүлағымды шап етіп үстай бер-
ген еді. Ы стық, ж үм сақ алақан.
— Әп бәлем, түстің бе қолыма!
Қыздың даусы.
Қарасам — Күлдәрі. “Мына сайтан қайдан кеп қалды?” —
деп ойлауым мүң екен, бүкіл денем мүздап, жүрегім су ете
түсті. Оң қүлагы м ны ң түбі күтірлеп, бүкіл қүлақш екем
суырылып кеткендей болды.
— А-а! — Ащы даусым шығып кетті. Сасқандағы айлам:
ш оқпар қап қан бөрідей аузымды ашып арс еттім. Тісіме
ш үберек пе, бірдеңе ілініпті. Қыршып түстім.
7
— Ә-ә! — Бүл менің даусым емес. Қүлақты үстаған қол суси
бергенде, жерде жатқан сақаны іле-міле түра қаштым. Қүдай
жарылқағанда, есік ашық екен, зытып сыртқа шықтым.
— Ха-ха-ха! — Иманбектің қ а р қ -қ а р қ күлген даусы.
— Қолыма түсерсің, қараң қалғыр! — деген Күлдәрінің
ащы қарғысы сыртқа ілесе шықты.
К ейіннен білдім, Күлдәрінің білегін қы рш ыппын. Ал
И манбектің мектепте неғып жүргені, Күлдәрінің қай ж ақ-
тан келе қалғаны сол кезде ойыма кіріп те ш ықпапты ғой.
Сонан кейін И манбектің де маңы на жоламайтынмын.
М ектепке баруды біржола қойғанм ы н. Ендігі асы қ ойнай-
тын жеріміз колхоздың ат қорасы еді. Ол ауылдың етек
жағындағы үлкен қара жолдың үстінде болатын. Бізден
қашықтау. Бірақ амал нешік.
Т әм піш қар ам ен алғаш кездесуім де, м іне, сол ж азда
болған еді.
Маусым айының аяқ кезі. Егін орағы басталған. Ауылда
қолына орақ үстар жан қалмаған. Бәрі егіс басында. Ол
кезде колхоз егінді Қы зылқүр деген жерге салатын. Қырман
да, қос та сол арада. Ол ауыл түрған жерден он шақты ш ақы-
рым қашықта. Ал ауыл маңына қызылша өсіре бастаған-ды.
Қ азіргі трактор, ком бай н деген д ер д ің ол кезде бізге
келе қойған ж оқ. Б ірақ бидай шабуға, лобогрейка пайда-
ланы ла бастаған. О ны ң сол кезде “тіл ін ” біле бермей ме,
ж үруінен түруы көп. С о н д ы қтан негізгі күш ш алғы м ен
қол о р а қ қ а түседі. Бидайды таспен бастырады. М үндай-
да атқа м інетіндер — біздерміз.
Бригадирдің бізді үстауы қиы н. Ш ыжыған күнде қы р-
ман басына барғымыз жоқ. Алақандай қырманды күн үзақ
ш иырлап айнала беру, ат түрм ақ түлпар мінгізсе де, азап
қой. Басың айналады, ішің пысады, шаршайсың. Сол себеп-
тен мүндай науқан кезінде біздер бригадирдің көзіне түспей,
үй тасалап қаламыз. О ны ң үстіне бізді олардан қоритындар
да бар. М әселен, соны ң бірі — біздің үйдегі әжем. “Әже,
басым ауы рды ” д е с е ң -а қ , дәм ді там ақты аузыңа тосы п ,
бәйек болады да қалады. Ш іркін, әжетайым-ай десеңші!..
А й тп ақш ы , К ү л д әрі бүраған қү л ағы м бірнеш е күн
күп боп ісіп кеткен д е, әж ем оларды ң үйіне бары п, ш а-
ңы н қ а қ қ а н көрінеді.
Көп баланы ң осындай өже-аталары бар, “саған келген
пәлеге мен дайы н” дейтін. Олай болса, қорқаты н да түк
жок. Тек бригадирдің байқаусыз жерде үстап алып, ай-шайға
қарамай бақыртып алып кететіні бар.
Бүл күні күн аш ы қ еді. Алыстан мүнартқан Сүлутөр
шындарының басында қалқып түратын ақша бүлтгар да жоқ.
Кейде соғатын жел де тынған, қапы ры қ ыстық, тыныс та-
рылтатын ш ақты ң өзі. Терезесін жаз күндері түмшалап жа-
уып қоятын “қоңыр салқын” бөлменің өзінде шыдау мүмкін
емес. Әжем болса, ішіне жүн салған ш олақ жең камзолын
осындай күндерде де үстінен тастамайды. “Сыртқа шықсам,
ш анш улаймын”, — деп, шекпен киіп алатынын қайтерсің.
Әрине, мүндай күнде үйде пысынап отыратын баланы
табу қиы н. Дүниені күйдіре жалмап түрған ыссы күннен
қоры натын жерің — көлшік. Суға түсіп сайран салғанда,
шақырайған күнмен егеске түскендей әсерде боласың.
Бүл күні, әйтеуір, көлшігіміз бүзылмапты. Ерте бардым-
ау десем де, бірнеше бала суға түсіп үлгіріп, боз топырақта
аунап жатыр екен. Кейбірін танимын, кейбірін танымай-
мын. Танымайтын себебім — біздің колхоздан үш-төрт ша-
қырым жерде тағы бір ауыл бар. Айналдырған он шақты үй.
Оларды сиыршы дейді. Себебі көлікке жегер аты да, мінер
көлігі де — сиыр мен өгіз.
Келдім де, дереу шешініп, суға қойы п кеттім.
Көп үзамай бүл арада балалар қүжынап кеггі. Суды шал-
пылдатып шашамыз, сүңгиміз. Ж үгіріп барып топы раққа
аунаймыз. Тіптен тамаша!
Осы арада ойламаған жерден шатақ шықты. Су қызығы-
мен жүріп, әбден тоңғанымды білмеппін. Енді жағаға ш ы-
ғып, киінбек боп, жейдем мен шалбарымды іздесем, үшті-
күйлі жоқ. Ш ашылып жатқан балалардың киімдері арасы-
нан да таппадым. Әбден жыларманға келіп:
— Ой, океңнің... Кім тықса...
Қолы сынып аузына жетпесін,
Бар пәлекет басынан кетпесін.
Көзін шел бассын,
Омақасып, тоңқалаң ассын.
М үрны пүш ық болсын,
К өзі қ ы сы қ болсы н!... —
деп қарғы сты ж ауды рды м -ай кеп.
— Ей, сен не оттап отырсың! — дауыс желке түсымнан
шықты. Қарасам, Иманбек. Қасында Оңалбек түр. “Т ы қ-
қан осы” дегендей көзімен белгі беріп, қасын қағады.
9
— Сенің не шаруаң бар? — дедім Иманбекке.
— Кімді қарғадың?
— Кім жасырса, соны. Шығар күнді кормесін, жер бетінде
тірі жүрмесін. Осы көргені көп болсын, үрім-бүтағы ж оқ
болсын! — деп тағы да шүбыртып ала жөнеліп ем.
— Міне, саған ж оқ болған! — деп, Иманбек жауырыным-
нан теуіп жіберді. Арқамды сипалай бақы ры п, мен де ор-
ны м нан үшып түра беріп ем, Иманбек қарсы алдыма топ
ете түсті.
— Ә, өкеңнің... — деп төне бергенім сол еді, біреу:
— Тоқта! — деп, кеудемнен кейін серпіп итеріп жіберді.
И манбек те әлдекімді балағаттап түра бергенде, тағы да
жерге ж үлы ны нан түсті. Сонда ғана барып байқады м.
Иманбекті үш ырып түсірген де, мені итеріп жіберген де
тәмпіш мүрын қара бала.
Ол жығылып ж атқан Иманбекті иығынан үстап көтеріп
алды да:
— Давай, қайқай! — деді сабырлы зілді үнмен. — Түйе-
дей болып, үялсаң етті!
Міне, қызық! Әншейінде әркімге бір тиісіп, орынды-орын-
сыз қоқақдай беретін қылжықбас Иманбек жүні жығылған
әтеш ше тілге келместен тайып түрды.
Ал енді тәмпіш мүрын қара балаға келейік. Кетіп бара
ж атқан И манбектің артынан біраз қарап түрды да, басын
ш айқап, мырс етіп күлді. Әлгі бір қадалған көзіндегі суық
айбардан із қалған ж оқ. Дөңгелек жүзіне сүйкімді бір арай
ойнап шығып, қы сы ңқы көзінің ноқаттай қара жанарында
ерекше бір үш қы н түрды. Ол үш қы н балаларды өз маңына
үйіріп, оны ң а қ көңіл ж анын айқара аш қандай. Сонымен
бірге осы бір үш қы ннан бүрын мен көрмеген, маған тіптен
беймәлім бір батылдықты андағандай болдым.
Бейтаныс баланы ң түр әлпетінде пәлендей сымбат ж оқ
еді. Денесі түтінге ысталғандай қара қоңы р, әрі май ж ақ-
қандай жылтырап түр. Бүлш ы қ еттері білеуленіп шығып
бүлк-бүлк етеді. О ны ң суға түскенін байқамасам керек. Екі
шекесі торсықтай жалпақ мандайынан үйысып түскен бүйра
қара шашында су тамшылары күн сәулесімен таңғы шықтай
жалтырайды. Қабағы да, төңкере салған кесе секілді бетінің
еті де қалың. Бірақ ерні жүқа. Ақырын ғана жымиып күлген-
де, қаз-қатар аппақ тістері тізілген ақ м онш ақтай көрінді.
Оншама бойшаң да емес, төртбақ, шымыр.
Ю
Балалар И м анбек үзап кеткенше артынан ысқырып ке-
лемеждеп мәз боп жатқанда, әлгі бала күлімдеген бойы ма-
ған қолын үсынды:
— Кел, танысып қояйы қ. М енің атым — Шаншатай.
— М енің атым — Ертай.
Екі ал ақ ан енді еш уақы тта аж ы рам астай ш арт етіп
қабы сты . Қолы темірдей қатты екен.
Тілеп алган азап
Енді ойлап түрсам , арам ы зға сол Ш ан ш атай келгелі
бері біздің күнделікті күйкі тірш ілігімізге жан кіріп, күні
кеш е өзім ізге алы стан сағымдай м ү н ар л ан ған ж аңа бір
дүние қүш ағы на кіргендей әсерге енсек керек. Күні кеше
қ и я л д ы ң не екен ін білм есек, енді сол тәтті, сүлу қ и я л -
д ы ң қан аты н а м ініп, ж ан -дү н и ем із рахатқа ш ом ы лған -
дай болса керек. Б ір а қ біз күн сайы н бойы м ы зға там -
түмдап сіңіп, нәр болған сол бір әсерді ол кезде сезбеген
едік. Сол әсер , енді ойлап түрсам , біздің күн де ой н ай -
ты н ойы ны м ы зда, біздің күнделікті әңгім ем ізде, қим ы л-
өрекетімізде тамырды қуалаған қан секілді бойға байқал-
май тарай берсе керек.
Танысқан күннің ертесіне біздің үйге Ш аншатайдың өзі
келді. Келетінін маған күні бүрын айтқан жоқ-ты.
Бүл күні малдағы атам үйде болатын. Атам келді деген-
ше, алты жасар інім Ержан екеуміздің қуанышымызда шек
болмайды. Таласып атамның арқасына мінеміз. Алдына оты-
рамыз. “ Суғарып келейік” , — деп атына таласамыз.
Әлгінде әжем шай әкелгенде, екеуміз атамның екі тізесіне
отырып алған едік. Әжемнің:
— Қойсандаршы. Атаңа тіпті шай ішкізбейтін болдындар
ғой, — дегеніне қарайм ы з ба, тәйірі. Атам болса мәз,
кеңкілдеп күле береді.
Жаз күндері шайды есік алдындағы дәлізде ішетінбіз.
— Ассалаумағалайкүм! — деген баланың даусы шықты.
— Әликсалам, — деді атам да, сәлем берген балаға риза
болғандай.
Ержан жылап, мені атамның алдынан итеріп отырған.
Оны мен де итеріп жібергенім сол еді, келген балаға жалт
қарасам — Шаншатай!
11
Анадай жерде ақсия күліп қарап түр. Мен шиедей қыза-
рып кетсем керек, сасқанымнан бетімді атамның кеудесіне
баса беріппін. Дәл осыны күткендей, басқа баланың келуі
оған мият болғандай, жылап отырған Ержан мені дәл қүла-
ғымның түбінен періп жібермесі бар ма!
— Үй, мыналар қайтеді?! — деп атам осы кезде қозғалақ-
тап қаРіды. — Ш ырағым, жоғары ш ы қ, шайға кел!
Атам ендігі сөзін Шаншатайға арнады. Інімнің мені үрға-
нын көргенде, Ш аншатайдың күлген даусы қаттырақ ш ық-
қандай болып еді, енді атамның сөзінен кейін:
— Р ақм ет, ата, — деді ол, — ш аруам боп, Ертайға
к еліп едім.
Атам “саған келіпті ғой, сөйлессейш і” дегендей, бетімді
басқан иығымен кеудемді серіпті. Амал жоқ, бүрылып қара-
сам, Ш анш атай сол орнында түр екен. Ж үзінде мысқыл
табы жоқ. Сабырлы.
— Ертай, қазір қолы ң бос па? Еш қайда бармайсың ба
бүгін? — деді ол.
— Боспын.
— Онда, сенде шаруам бар. Асықпай тамағыңды іш, мен
мектеп қасынан күтем сені.
— Жарайды.
Әнш ейінде қы ңы рланы п қи қаң д ар ма едім, кім білсін.
Д әл қа зір о н ы ң тезірек кетуін қалады м Ержан тағы да
бір со й қан шығарар!
— Ш ай ішпедің ғой, шырағым, — деді әжем.
Ш анш атай рақметін жаудырды тағы да. Сосын:
— Ертеңгі ас қой, дәм ауыз тиейін, — деп, ақы ры н ба-
сып, дастарқанның жанына келді де, өте бір инабатпен иіліп,
стол үстінде ж ам ы рап ж атқ ан ә ж е м н ің қы зы л бүй ір
жүгерісінен бір-екеуін аузына салды.
— Уыстап ал, балам, — деді атам.
— Көп рақмет. М азаларыңызды алғаныма кешіріңіздер!
— Өте бір өдепті бала екен — деді атам , Ш анш атай
кеткен соң.
— Өте бір үқыпты бала екен, — деді әжем, оның тап-таза
киімін сөз етіп.
Ш ы ны нда да, оны ң киген киімі тазалығымен бүл жолы
мені қы зы қты рған еді. Пәлендей су жаңа емес. Бүтында
ш олақ балақ шалбар. Үстінде кеше суға киіп келген торкөз
көйлек. Аяғында сандал. Басына кигені көнетоз тақия. Бір
қы зы ғы , галстук тағып алған.
12
“Осындай күн ыссыда галстук таққаны сәндігі болар”.
Бүрын мүндай қызғаншақтығым ж оқ еді. Бірақ дәл осы
арада әлгі баланы мүқатқым келгендей:
— Өзі тым сәнқой. Мақтаншақ! — деп қалдым.
— Қ ой , өйтпе, балам. С ы пайы лы ғы көр ін іп түр ғой,
ондай бола қойм ас.
— К іш іпейіл, а қ ж арқы н бала е кен , — деді атам тағы
да. — Б үры н көрм еген бала ғой.
— Келгеніне екі күн бопты, — дедім мен, атәм мен өжемнің
сөзіне іштей торсиып. — Келдібай директордың інісі екен.
— Е-е, болса болар, — деді атам басын изеп. — Тәлім
коргені білініп түр.
М ына сөзге тіптен жарылып кете жаздадым.
— Сонда мына мен кіммін, ата?
— Сен біздің ерке тайлағымызсың ғой, — деді атам күліп.
— И ә саған, — деді осы кезде Ерж ан. — Сен м ақ тан -
шақсың!
— Мен бе? — Түра үмтыла беріп ем, ол да андып отыр
екен, сып етіп әжемнің қойны на кіріп кетті.
— К үтіп қалды ғой. Созінді бердің, бара ғой, балам,
— деді әж ем , мен шай ішіп болы п түра бергенімде. —
Сондай баламен дос болсаң, өкінбессің.
Бүл сөз әжемнің берген батасындай сезілді. Үйге кіріп
өзім оқуға киіп баратын кок сәтен жейдемді, ақ жолақ жолы
бар шалбарымды, жуырда базардан әкем өкелген сары бре-
зент бөтеңкемді кидім. М еніңде Ш анш атайдан қалысқым
келмеді.
Сойтіп, үйден шыққанда, Ержан:
— Оһо, қарашы, ата, мынаны қараш ы. Айттым ғой мақ-
таншақ! — демесі бар ма.
К ө ң іл ім су сеп к е н д е й басы лды . Ү н ж ы рғам түсіп
сөлбірейдім де қалдым. “ Қап, мына иттің!..”
Әжем:
— Атасы-ау, ерке тайлағы ң қан дай әп -әдем і. Киімі де
м үнтаздай тап-таза, өзіне жарасы п түр, — демесе, м енің
сол күні Ш анш атайм ен кездесуім де неғайбы л еді. Оны
атам да қостап:
— Бәрекелді-і-і! М іне, нағыз жігіт. Келш і, өзіңді бір
иіскейін! — деп, кеудеме көгерш ін қонды рды ... М ына
создерден кейін Ержанның айтқаны жайына қалды. Орайын
тауы п, тақы р м аңдайы нан бір ш ертіп баж еткіздім де,
ы тқы п көш еге ш ы қты м .
Айтқандай-ақ, Шаншатай мектеп қасындағы қос теректің
түбінде күтіп түр екен. Ол менің сәндене киінуімді байқа-
мағандай пішін көрсетті. Сірә, үялтпайын дегені болар.
Мен келген бетте оны ң сүрағы:
— Сендер күнде не істейсіндер? — болды.
— Ойнаймыз. Суға түсеміз.
— Сосын.
— Тагы ойнаймыз.
— He ойнайсындар?
— He болсын. А сық ойнаймы з. Ш ілік ойнаймыз. Б ірақ
қазір күн ыссы, — дедім мен, қабағымды кіржитіп, қинал-
ған өлпетпен. — Көктемде бірауық қаш па доп ойнаймыз.
— Кешке жақын ойнайсыңдар ма?
— Ойнамағанда ше, — дедім мен шап етіп. — Орамал
тастама, түйе-түйелер, ж асы ры нбақ, ақсүйек... ой, несін
сүрайсың, тіптен көп.
— Келгелі көрмедім ғой.
— Қазір ойнамаймыз.
- H e r e ?
Қ ипақтап қалдым. Түнде қорқаты ны м ы зды айтқы м
келмеді.
А на бірде кеш кісін ж асы ры н б ақ о й н ап ж үргенім ізде,
алы стан айдалада ж арқы рап жанған отты көріп: “ ш айтан
ж а қ қ а н о т ” , — деп, коп теген балалар бы ты рай қ а ш қ а н .
С одан кейін балалар кеш кісін ж иналуды мүлде қ о й ғ а н -
ды. С онды қтан:
— Кешкісін үй шаруасы көп, — дедім мен үйде бірдеңе
тындыратындай жалтарып.
— Ә -ә, — Ш анш атай түсіндім дегендей, иегін ш үлғып
қойды.
— Сонда, кешке дейін ойыннан басқа ешбір шаруаң ж оқ
қой.
— Иә.
— Мен сенен бірдеңе өтінейін, орындайсың ба?
— Әуелі айт, — деп түрып алдым.
Ол маржандай тістерін көрсетіп, басын шайқап күлді де:
— Егіс қосына, қырманға барсақ қайтеді?
— Қырманға?! — даусым қатты рақ шығып кетсе керек,
Ш аншатай маған таңырқана қарап қалыпты.
— Бармаймын, — дедім мен.
— Here?
14
— Сол.
— Онда өзің біл, — деді Ш анш атай қиналған үнмен. —
Мен саған комбайн көрсетейін деп ем.
— Ко... ком... комбайн, — дедім мен елең етіп. Енді әлгі
бір мінезіме қысылғандаймын. “ Сабырсыздығым-ай осы!..
Тым тыз етпемін” , — деймін іштей өзіме-өзім қынжылып.
— И ә, — деді Ш аншатай. — Сен білмейсің бе? Колхозға
комбайн келгелі үш күн болды.
Ауылдың үстімен б асқ а ауы лды ң ш ы бы ны өтсе біле
қою ш ы ек. О ған қ ү л ағы м ы з тү р ік. Ал атын естігенм ен,
кейде көрсек деп ынтығатын дөу маш инаның біздің ауылға
келгенін білмей қалуы м ы з н ағы з өлім ғой. М ы нандай
тапа-тал түсте емес, жеті қараңғы түнде екі окпемді қолы -
ма алы п ж үгірм ейм ін бе? Ана Н ү р қ ат б асты қты ң Н ы ғ-
мет деген баласы “шайтан арба” алып келгенде, осы ауыл-
да оны ең бірінші білген де, жалыны п-жалбары нып алғаш
оны қолы м м ен сипап көрген де мен емес пе ем. Ш аршы
топты ң козінш е Н ы гметтің алды на оты рып, “ш айтан ар-
б ам ен ” ауылды бір айналы п ш ы қ қ ан сабаздың мына мен
емес пе ем! С онда тобем кө кке е к і-а қ елі ғана тим ей
қалы п еді ғой. Ал бүкіл ауылды дүрілдеткен мына ж аңа-
лы қты қалайш а білмей қалғаны м а таңы м бар.
— Біздің колхозға ма? — дедім мен, әлі де Ш аншатайдың
созіне сенер-сенбесімді білмей қайталап қадала сүрап.
— Осы колхозға келді.
— Сен өзің көрдің бе оны?
— Жоқ. Келдібай ағам айтты. Әуелі Жарбастау деген жердегі
сгінге салған екен. Бүгін Қызылқүрға әкеледі, — деді.
— Ә -ә — дедім мен. Енді түсінікті болды гәптің қайда
жатқаны. Ж арбастау біздің ауылдан алыста. Атамның ай-
туынш а, ол Сүлутордің арғы ж ақ бөктерінде, яғни қалаға
барар жолда. Ол жерде колхозды ң бір бригадасы бар
дсйтін. Оны Өз басым көрген ем еспін. Ол жақтан келген
бала да ж оқ бүл жерде. С онды қтан Жарбастауға комбайн
келмек түрмақ, ол ара бір түнде аударылып түссе де, біздің
Пілмеуіміз занды емес пе. Ал ауылымызға комбайн келгенін
бүл жерде дәл қазір менен басқа кім білді?! Әттең, ж ақы н
манда балалардың қарасы көрінбейді, жария етіп айтатын.
К оңілім осы лай копіріп кетті. К елдібай ағай айтса,
э р и н е , ш ын болғаны . Онда бүл не түры с? Ш ы дам сы з-
д ы қ билеп кетті.
15
— Айда кеттік!
— Барасың ғой? — деді Ш аншатай маған сынай қарап.
— Бармағанда ше!
— Онда, сен үй ішіңе айтып кел.
“Ой, тамаша баласың-ау, Шаншатай. Менің көңілімдегіні
қалай таба қойдың? Қазір Бейсекүлге барып айта қойсам
болды емес пе. Ол қы з бір сағат болм ай-ақ, бүкіл ауылға
жаяды ғой. Ана Оңалбек, Ы қсандардың іші күйсін, түге!”
Мүндай қуанбаспын!
— Мен зу етіп барып келе қоям, — дедім де, түра жүгірдім.
— Әй, Ертай! — деп дауыстады Ш анш атай. Түра қ ал -
дым. — Сен суретті ж ақсы салады дейді ғой. Үйде бояу
қары ндаш ы ң болса, ала кел!
— Жарайды!
М енің сурет салатынымды қайдан біле қойды екен?
* * *
Бүл сүрақты ң жауабын үйге барып, мектепке қайтып
оралысымен білдім. М ен келсем, мектеп маңына бірнеше
бала жиналып қалыпты. Мәссаған, мынау қы сық көз ЬІқсан,
әнебір үзын бойлысы — Атабек, қасында Оңалбек түр. Ой-
нақтаған лақш а секеңцеп Бейсекүл де кеп қапты.
Қастарына жете бергенімде:
— Ш анш атай, ә, Ш анш атай, кімді күтіп түрмыз енді!?
Ертай да келді ғой, — деген Бейсекүлдің ш іңкілдек даусы
мені еріксіз шегеледі. “Мына қыз Шаншатайды менен бүрын
біліп қойған ба?” М ен осыған қайран қалып түрмын.
— Үй, сен неғып түрсы ң қақш и ы п , бері кел, — деді
Бейсекүл үзын кірпікті қара көзі қауақы лана ойнап. —
Қарындаштарың қайда?
“ М үны да біліп қой ған ?..”
Ойымды Ш аншатай үзді:
— Сенің сурет салатынынды кеше мына Бейсекүл айтгы
м аған. О ны ң үстіне алды ңгүні К елдібай ағам екеуміз
мектептің кластарын аралағанда, қабырғада ілулі түрған Тай-
бурылды көріп таңдандым. Сонда ағам түрып: “ М үны Ер-
тай деген бала салған. Болаш ақ үлкен суретшіміз” , — деді.
“Ертай салған... Болаш ақ суретші!.. Келдібай ағай айтып-
ты. Ой, тамаша!” Жүрегім аггай тулап қоя берді. М енің сол
кездегі қуанышымды айтып жеткізу қиы н. Оңалбектің екі
езуі қүлағында. Бейсекүлдің көзі ойнақш ып кеткен. Тек
Ықсан ғана кішкентай танауының ішін саусағымен ш үқы -
лап, сәл тыржияды. Ш амасы, Келдібай ағайдың мені мақта-
ғаны оған жақпаса керек.
Қ аш ан да Ы қсанны ң осындайы бар. Әжептәуір болып
жүреді де, болар-болмас нәрсеге қылт сте қалады. Там аққа
окпелесе бір сәрі. Ондай әдет, қай балада болсын бар. Ал
мен ауызға ілінбедім, — деп тырсия қалатыны несі? (М үның
аты іштарлық екенін сол кезде білмеппіз ғой).
— Рас па? — деппін ғой мен, Ш аншатайды қүш ақтай
алып.
— Мен өтірік айтпаймын, — деді ол салқын кескінмен.
— Ш ын өтірік айтпайсың ба? — деді осы кезде Бейсекүл
таңырқана.
— Ш ын, — деді Ш аншатай салмақты жүзбен. — Сенбей
түрсың ба?
— Қ айдан білейін, — деді енді Б ейсекүл, Ш анш атай-
д ы ң салқы н қ аб ағы н а қа р а п , солғы н үн м ен , — М ына
біздің балалар қаш ан да бірдеңе айтса, “оллаһи!” деп қар-
ганып ж атқаны.
.
А бы рж ы ңқы рап қалған Б ейсекүлдің ж ы пы лы қтаған
v i үзын кірпігі, әркім ге бір ж алтақтап қараған жәутең көзі,
қы бы ж ы қтаған қим ы лы дәл осы сәтте кім нің болсын
* 1
жүзіне күлкі үйірер еді. Содан ба, болмаса, бірден көңіліне
I 'O қаяу салғысы келмеді ме, Ш анш атай жүзін жылытып:
— Беталды қарғану да, өтірік айту да — жаман әдет, —
деді.
Бір қы зы ғы , бүгін бәрім із де әлдебір салтанатты ж иы -
ига баратындай болып бар әсем киімімізді киіппіз. Үнемі
сатқал-сатқал боп ж үретін О ңалбектің үстінде де кірсіз
жсйде. Бейсекүл болса, аяғы на ақ кенеп туфли киіпті.
Ііасында қы зыл ш арш ы орамал. Үстінде гүлді көйлек.
Ы қсан бригадирдің баласы емес пе, кигені қара костюм.
Екі қолын жан қалтасына салып, шертиіп түруын! Басын-
да зерленген тақи я. Күн ш үғыласымен жалтылдайды.
Біздің киімімізге көзі енді ғана түскендей Ш аншатай
Оорімізді бір шолып қарап шықты да, үндемеді, жымиып
қана қойды.
Осы кезде бізге тағы да үш-төрт бала қосылды. Олар келе
сала, Ш аншатайды көптен білетіндей, шүйіркелесіп кетті.
“ Кслмей жатып қайдан танып жүр?” деген сүрақ көңілімді
17
»■2
Достарыңызбен бөлісу: |