Тенденциялары



Pdf көрінісі
бет13/14
Дата03.03.2017
өлшемі0,95 Mb.
#7038
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

«жылымық» 
жылдарына 
тұспа-тұс 
келген 
ақын 
дүниетанымы  одан  кейінгі  социалистік  қоғамдағы 
тоқыраудың  ҽуелгі  жылдарында  күрделі  қайшылықтарға 
ұшырады. Ал ҿткен ғасырдың соңындағы қайта құру, Қазақ 
елінің  тҽуелсіздік  алу  кезеңін  ақын  ҿз  кҿзімен  кҿре  алмай 
кетті.  Кҿзінің  тірісінде  де  ақын  ретінде  жақсы  танылып, 
ҽдебиетте  ҿз  үнімен  дараланған  суреткердің  мұраларына 
кҿзқарас, ықылас күшейе түсті. 
Мұқағали  ҿлеңдері  –  ұлттық  поэзияның  жаңа  бір 
белеске  кҿтерілгендігін,  жаппай  еуроцентристік  ағымға 
ойысқан  заманда  қазақтың  қара  ҿлеңінің  шынайы 
қасиеттерінің  қадірі  артып,  бұрынғыдан  да  толысып 
кемелдене  түскендігінің  куҽсі.  Ол  қазақ  ҿлеңінің  ұлттық 
бояуы  мен  рухын  ұстанды,  түрлендіре  байытты  да, 
сонысымен  қалың  қазақ  оқырмандарының  жүрегіне  жол 
ашып, ұлттық поэзияның шашасына шаң тимес тарланбозы 
ретінде  мҽңгілік  ұялап  қалды.  Сонымен  қатар,  ақын  қазақ 
лирикасын  ХХ  ғасыр  ҽдебиетінің  озық  дҽстүрлерімен 
талантты  түрде  құнарландырды.  Білікті,  парасатты  ақын 
ретінде  ҿз  заманының  ірі  мҽселелеріне  қалам  толғаса, 
соның  ҿзіне  қазақ  ҿлеңі  мен  ана  тілінің  ғасырлар 
қойнауынан  нҽр  жинаған  аталы  дҽстүрін  бұзбай, 

 182 
 
 
жарасымды  дамытты.  «Күпі  киген  қазақтың  қара  ҿлеңін, 
Шекпен  жауып  ҿзіне  қайтарамын»  дегенде  де  ақын  ҿзінің 
суреткерлік сырын алға тартқан. 
Аққулар ұйықтағанда»,  «Бҽсіре»,  «Жырлайды жүрек», 
«Қош,  махаббат»,  «Ҿмір  ҿзен»,  «Ҿмірдастан»,  «Соғады 
жүрек», «Шолпан» жыр жинақтары. 
Мұқағали  ҿлеңдері  -  ұлттық  поэзияның  жаңа  бір 
белеске  кҿтерілгендігін,  жаппай  еуроцентристік  ағымға 
ойысқан  заманда  қазақтың  қара  ҿлеңінің  шынайы 
қасиеттерінің  қадірі  артып,  бұрынғыдан  да  толысып, 
кемелдене  түскендігінің  куҽсі.  Ол  қазақ  ҿлеңінің  ұлттық 
бояуы  мен  рухын  ұстанды,  түрлендіре  байытты  да, 
сонысымен  қалың  қазақ  оқырмандарының  жүрегіне  жол 
ашып, ұлттық поэзияның шашасына шаң тимес тарланбозы 
ретінде  мҽңгілік  ұялап  қалды.  Сонымен  қатар,  ақын  қазақ 
лирикасын  XX  ғасыр  ҽдебиетінің  озық  дҽстүрлерімен 
талантты  түрде  құнарландырды.  Білікті,  парасатты  ақын 
ретінде  ҿз  заманының  ірі  мҽселелеріне  қалам  толғаса, 
соның  ҿзінде  қазақ  ҿлеңі  мен  ана  тілінің  ғасырлар 
қойнауынан  нҽр  жинаған  аталы  дҽстүрін  бұзбай, 
жарасымды  дамытты.  «Күпі  киген  қазақтың  қара  ҿлеңін, 
Шекпен  жауып  ҿзіне  қайтарамын»  дегенде  де  ақын  ҿзінің 
суреткерлік сырын алға тартқан. 
Адамды  бірде  азынаған  үскіріктің  құшағына,  бірде 
апшыны  қуырған  аптаптың  аңызағына,  бірде  жапырағын 
желден басқа жан желпімеген жаратылыс жаннаты жазира 
жайлау  жасыл  аймаққа  алма-кезек  алмастырып,  ҿмірдің 
нҽрін  кҿңілдің  аңсары  мен  кҽусҽріне  айналдыратын  уақыт 
атты құдіреттің ҿз мақамы, ҿз күйі болатындай, поэзияның 
да  сол  уақыт  атты  қайсар  еменнің  шор  боп  біткен  иір-иір 
бұтақтарынан  жамырап,  бүр  ашқан  ҿзіне  ғана,  кезеңіне 
ғана сай сымбат, бітімі бар. Содан жаратылған мінез-құлқы 
бар.  Шынайы  талантты  поэзия  тармақтарында  тіршіліктің 
тынысы  қан  лүпіліндей  соғып  тұрмақ.  Ҿлеңнің  де  ҿз 

 183 
 
 
кезеңіне  лайық  тынысын  содан  естиміз,  түсінеміз. 
Дұрысында таңдап, талғап танимыз. 
Бүгінде самғауы биік қазақ жырының сырлы ҿлкесінен 
орын  тепкен  -  Мұқағали  Мақатаевтың  саңлақ  үні  халық 
санасына  сіңді  деп  айтуға  негіз  бар.  Ақынның  шыншыл, 
сыршыл қоңыр дауысы ҽдебиет ҽлеміне орнықты. Ҿзімен-
ҿзі,  арпалысқан  мазасыз  Ақын-Жүрек  миллион  жүректі 
адамгершілік,  суреткерлік  жалын-жігерімен  жылытып 
келеді. Сонда есте кҿп сақталатын да, еріксіз тілге, зердеге 
нҽр  болып  таматын  табиғаттың  тұлғалы,  тұрлаулы, 
тебіреністі жырлады. 
Кең дүние, тҿсіңді аш, мен келемін, 
Алынбаған ақым бар сенде менің! 
Бұйрат құмдар - бұйығып шҿлдегенім, 
Бура бұлттар - бусанып терлегенім, - 
деп қайталаймыз ақын жырын. 
Поэзия! 
Менімен егіз бе едің? 
Сен мені сезесің бе, неге іздедім? 
Алауыртқан таңдардан сені іздедім, 
Қарауытқан таулардан сені іздедім. 
Сені іздедім кездескен адамдардан, 
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан. 
Шырақтардан, оттардан, жалаулардан, 
Сені іздедім жоғалған адамдардан. 
Сені  іздедім досымнан, қасымнан да...деп күбірлейміз 
асыр-тасыры  мол  XX  ғасырдың  аласапыранды  толқын-
толқынында қақпақыл ойнап жүріп. «Ақ кимешек кҿрінсе, 
сені  кҿрем...  Ақ  кимешек  жоғалса,  нені  кҿрем?»  -  деген 
жолдар  тілге  оралғанда,  кҿкірек  кҿзі  ащы-тұщысы  аралас 
мұңға  толады.  Ҽже...  Ақ  кимешек...  Уақыт...  Иҽ  ҿмірдің 
заңы. Кҽдімгі пенделік сезім. Жас ҿседі, жасамыс қартаяды, 
қарт  жанынан  ҽл  таяды.  Бұл  -  табиғат  заңдылығы.  Солай 
болуға тиісті. Сҿйте тұра,  «таныс дауыс, таныс сҿз, таныс 

 184 
 
 
мҽсілі»  ақ  ҽже,  «су  сұраса,  сүт  берген,  айран  берген» 
қайран жеңге - исі қазаққа тҿл ұғым, тҿл сезім, табиғаттың 
ҿзі берген ұлттық асыл қазына. Сол себептен де ақын сезімі 
этнографиялық  ҽлеміш  емес,  табиғи  толғаныс,  терең  ҽрі 
тҽтті  мұң.  Қазақ  тұрмысына,  қазақ  баласына  ғана  тҽн 
ерекше  сезім  күйі.  Есейген  сайын  адамның  алдағы  күнге 
қызыға  түсіп,  ұмтыла  түсіп,  соңында  қалып  бара  жатқан 
сҽтті күніне жалт етіп бір қарағанындай алақұйын сҽт. Бұл 
-  адам  жаны  мен  жалған  дүние  арасындағы  мҽңгілік 
арпалыс,  диалектикалық  заңдылық.  Қазақ  ақынының 
түйсінуі,  қазақ  ақынының  тебіренісі  сол  мҽңгілік 
тақырыпты  ҿзгеше  бір  реңде  жеткізеді.  Қай  тақырып 
болсын,  шынайы  сезімнің  шарпуына  оранса,  шыншыл 
жүрек  лүпілін  жеткізсе,  несі  бар?!  Адам  ҿз  ҿмірінің  ҽр 
кезеңін  ҽлсін-ҽлсін  ҽр  түрлі  жағдайда  еске  алып  отырмас 
па? Ҽуелі ҿткен ҿміріңсіз бүгінгі тіршілігің жарым-жарты. 
Керісінше,  бүгінгі  ҿмірсіз  ҿткен  күнді  қалай  сезінерсің? 
Бұл түзілімі күрделі құбылыс - жеке адамның да, ортаның 
да,  қоғамның  да  тыныс-тіршілік  болмысын  жеткізгендей 
күй. 
«Неге ертерек суалдың, жаным Анам»,  
«Жоқ! Дҽрігер! Орнатпа басқа жүрек! 
Басқа лүпіл жасама, басқа леп.  
Қалай айтам, бүлінген жүрегімді,  
білдірмей доғдыр алып тастады деп?!  
Ҿңгеріп ҿгей күрек қайда барам,  
ҿнгенің ғүмырын қайтіп пайдаланам»,  
«Ҿзімнің   жүрегімді    жерлеп келіп, 
ҿзгенің    ҿмірін    қайтіп жалғастырам?», 
«Неше  мың  жыл  мен  неге  жасамаймын,  мың  жыл 
жасап  жүрген  жерде  қара  қарға!?»  «Қызым  менің,  Гүлім 
менің, Аяулым! Жатыр молаң жотасындай қоянның. Құлпы 
тастың  құны  маған  бес  тиын.  Бірақ  таспен  қалай  жаншып 

 185 
 
 
қоярмын!», «Қайран біздің шешелер! Арды ойлаған, Шілік 
шауып, ши орып, бау байлаған...» 
Бұлар - ақын шығармаларындағы ҽр алуан ҿлеңдерінің 
алуан  тынысты  тармақ,  толғамдары.  Азаматтық  парасат 
сҿзі,  адамгершілік  кҿңіл  толқулары,  адам,  адалдық  деп 
лүпілдеген  тіршілікке  іңкҽр  жүрек  тынысы.  Оқушының 
жанына,  жүрегіне  қозғау  салмаған,  бірге  толқытып,  бірге 
тебірентпеген  ҿлең-  ҿнер  емес.  М.Мақатаев  ҿлеңдерін 
отты, жігерлі десек те, бірыңғай сазды, сыршыл, шешендік, 
ақылгҿйлік  сарындары  бар  десек  те,  нақ  басып  дҽл 
сипаттай  алмас  едік.  Мақатаев  жырлары  -  азаматтық  жан-
дүние сырлары. Кҽдімгі  жүмыр басты пенденің күнделікті 
түрмыс-күйінен  туындап  жататын  жан  тебіреністері. 
Ҽрине, 
ақынжанды 
адамның, 
ақын 
жүректің 
бұлқыныстары. Ал оны ҿлең тілінде жеткізуде жоғарыдағы 
атаған  сипаттардың  бҽрі  де  туыңды  табиғатына  сай  ҽр 
тұста  ҽр  түрлі  деңгейде  кҿрінеді.  Ҽммеден  ҽйгілі  ақиқат  - 
адамның,  былайша  айтқанда,  кҽдімгі  жұмыр  басты 
пенденің бойында, мінез-құлқыңда, тағдырында жақсы мен 
жаман  қатар  арпалысып  жүр.  Тек  кейде  жақсының  бел 
алатынына,  кейде  жаманның  дендеуіне  қарай,  «жақсы 
адам», «жаман адам» дейміз. Ақын жырларының жан ҿзегі 
осы  Адам  атты  ұлы  тұлға  бойындағы  екіұдай  тайталас. 
Жақсы  мен  жаманның  тайталасы,  текетіресі.  Ақын  уытты 
жырларымен  (пендешілік,  арамдық,  кҿрсеқызарлық, 
жауыздық,  қараниеттілік,  екіжүзділік  толып  жатқан  түрлі 
зымияндықты  білдіретін)  жамандық  атты  ұғымның  езін 
тұншықтыруға, жоғалтуға құштар. Жақсы жыр, жақсы сыр, 
асқақ тебіреніс жамаңдықты жеңуге тиіс деп сенеді автор. 
Осы  тұрғыда  М.Мақатаев  шығармашылығының 
шыншылдық, сыншылдық сипатын анық кҿреміз. 
Кешіргін, Отан кей-кейде, 
Басып бір кетсем гҿй-гҿйге 
Тілі шықпаса, сҽбиің 

 186 
 
 
Тұшынып, сірҽ, сҿйлей ме? 
Тасынып біраз мен кейде, 
Басылып қалам деңгейде. 
...Ашынам арзан ағайға, 
Ашынам арзан жеңгейге. 
Ашынам, қайта басылам, 
Басылам-дағы тасынам. 
Адамдықтарын алтынмен, 
Ҿлшегендерге ашынам! 
Мансапқорлардың қасынан 
Шықпайтындарға ашынам! 
Жалданып ҿскен жасынан, 
Жағымпаздарға ашынам! 
Айрылғап адал досынан 
Алаяқтарға ашынам, - 
(«Отаным,  саған  айтам!»)  -  десе,  бұл  ақынның 
дидактикалық  ақылгҿйлігі  емес.  Кҽдімгі  қазақтың  жыр 
үлгісіндегі  тегеурінді  тебіренісінің  жаңа  кҿрінісі.  Белгілі, 
үйреншікті 
ұғымдар 
дегенге 
сыймайтын, 
ҽдеттегі 
танымдық шарттылықтардың ақындық жан-дүние тҿріндегі 
шұғылалы  кҿрінісі.  Жағымпаздық  атаулының  жағымсыз 
қасиет екені айдан анық, соның езін ақын ҿз мҽнерімен, ҿз 
мінез-құлқымен  бейнелейді,  жағымпаздықты  «Жалданып 
ҿскен  жасынан»  деп  жаңаша  ораммен,  жеріне  жеткізе 
айтады.  Жасынан  жалданып,  тҽуелділікте  ҿткен  тағдырда, 
ҿмірде, азаматта не ҿмір, не тірлік бар? Ҽдебиеттің тегінен 
сіңген асқақ мінез - адам жанының бұла таза, тарпаңдығын 
жырлау Адамдықтық асыл қасиеті - жан-дүниенің, тҽн мен 
сезімнің  тҽуелсіздігі,  бейкүнҽ  тазалығы,  бостандығы  үшін 
күрес.  Ақындық  та,  поэзия  да  адам  жанының  кең 
мағынадағы  еркіндігін,  еркін  рухың  толғаушы.  Ҿлең 
авторы  сол  үшін  ашынады,  сол  үшін  күйінеді.  Ақын 
ҿмірлік шындықты ҿз жүрегінің ҽсерімен, ҿз ақын сезімінің 
кҿрігінде суарып шығарған. 

 187 
 
 
Айтса айтсып айыбымды бетке қарып, 
Қайтемін қаламымды кекке малып. 
Арам шҿптің орнына гүлді қырқып, 
Ҽйтеуір жүргенім жоқ кетпен алып. 
Басымнан кемшіліктер ҿткені анық, 
Несіне ҿкпелеймін кҿпке налып. 
Ащы жырым құйылса ҿтке барып, 
Ашырқанып алайда сҿкпе, халық, 
Мұңымды айтпай, 
Шау тартатын жайым жоқ шетте қалып, 
(«Айтсын  деп  ақиқатты  тіл  берілген»)  -  деген  
жолдарды  оқығанда  ақынның  азаматтық    тұлғасы      кҿз 
алдымызда биіктей түседі. Алысқа  да  апаратын,  аспанға  
да  шығаратын  ақиқат  екеніне  тағы  да  мойынсұнамыз.  Не 
айтса да, қара қылды қақ жарып, ағынан тҿгіліп сҿйлейтін 
суреткер  тұлғасы  сол  орынсыз  асып-таспай,  кҿргенін 
кҿргендей, барды бардай етіп ашық толғауымен асыл. 
В.Белинский  орыс  ҽдебиетінде  жарық  жұлдыздай 
жарқырап  туып,  мҽңгілікке  қайталанбай  ҿткен  Гогольдің 
бірыңғай  ел  тірлігіне,  халықтың  күнделікті  тұрмыстық 
психологиясынц  салт-санасына  байсалды  кҿрегендікпен 
зер  салуы  жҿнінде:
 
«Мүмкін,  сонысымен  ол  біржақтылау, 
бір сарындылау кҿрінетін де шығар, бірақ сонысымен де ол 
бҽрімізден  де  тереңірек  нұсқалырақ,  бірегейлеу  ҽрі 
шыншылырақ»,  -  деп  жазыпты.  1845  жылы  «Ҿлі 
жандардың»  екінші  томын  жазу  себептерін  жазған 
тҿртінші  хатында  Н.Гоголь:  «Тек  ғажайып  тамаша 
характерлерді  ғана  сомдау»  біздің  тегіміздің  кереметтігін 
кҿрсетпейді,  «бір  буынды  ҽдемілікке,  ҽсем  асқақтыққа 
тҽрбиелеу  үшін,  оның  нағыз  жамандығын  да  бар 
тереңдігімен  кҿрсету  шарт»,  -  деп  кҿрсетті.  Бұл  -  Гоголь 
творчествосының  кредосы...  Белинский  анықтауынша, 
«Нағыз ұлттық суреткер», «прогресс, даму, парасаттың үлы 
кҿсемдерінің  бірі»...  атанған  Гогольден  кейін  ғана  бүкіл 

 188 
 
 
орыс ҽдебиетінде ҿмірдің шынайы қайшылықтарын бірінші 
кезекте,  айқын  жырлау  ағымы  күшейе,  бедерлене  түскені 
даусыз.  Бүгін  де  шыншылдық  бағыт  ҽдебиетіміздің  елеулі 
ілгерішіл принциптерінің қатарында. 
Нақ  осы  ҽуен,  нақ  осы  ҽділ  сыншылдық  – 
М.Мақатаевтың  шығармагерлік  ерекше  мінезінің  бірі. 
Мұндай  сыншылдық  қазақ  поэзиясының  реалистік 
туындыларына  тҽн  классикалық  дҽстүр  реңктерінен 
саналады.  Абайды,  Сұлтанмахмұтты,  Қасымды  даралап 
кҿрсеткен  ерекшеліктің  ҿзі  -  осы  сыншылдық  ҿткірлік, 
ҿлеңнің  ҿзегіне  ҿмірдің  отын  қүю.  Ҿмірдің  ащы 
шындығымен  бақай  есепшілердің  бетін  күйдіру.  Бұл  - 
ҿлеңнің  мінезі  ғана  емес,  ақынның,  азаматтың  үні,  ел 
ішінде Халық-Ана салтынан сүйегіне сүтпен сіңген қасиеті. 
Ҽдебиеттің  дамытушылық  қуаты  да  осындай  сипатында 
ғой. 
Ҿмір  де  -  бір  ҿзен.  Ҿлең  де  бір  ҿзендей,  тұңғиық. 
Мұқағали  жырлары  бірде  үн-түнсіз  шымырлап  қайнап, 
тереңге  тартып,  бірде  ақ  күміс  бұлттарын  түйдектетіп 
аспанға  атқан  сол  ҿмірдің  ҿзіндей.  Егер  дҽстүрлі  зерттеу 
«салтына»  бағынсақ,  ҿлеңдерін  алуан-алуан  тақырыпқа 
жіктер  едік  (Отан,  ана,  махаббат,  пенделік  тебіреніс, 
табиғат, т.б.)... Ол, бір жағынан, дұрыс та шығар еді. 
Бірақ,  ақын  жанын,  талант  қорытпасын,  жүрекжарды 
сезімді  жіктеп,  жіліктеуге  бола  ма?  Демек,  онымыз  бос 
ҽурешілік.  Қай  тақырыпты  да,  проблеманы  да  кҿркем 
шығарма биігіне кҿтере, шынайы толғау - хас шеберлік, аса 
таланттьшықтың ғана маңдайына жазылған мүмкіндік. 
Қарағым, сені жайым жоқ кем кҿретін, 
Бимағұлым тағдырың сен кҿретін. 
Зат болып неге жүрегім жаралмаған, 
Қарғаларым, сендерге тең бҿлетін?!... 
(«Кҿретін күнім алдымда») 

 189 
 
 
Жүрек - жыр, жүрек - сыр, жүрек - сезім. Жүрек - жыр 
мүшелеп бҿлетін зат емес. Ақын жыры тұтас бір буынның, 
уақыттың,  дҽуірдің  кесек  бір  бҿлігінің  ҿзгеге  ұқсамайтын, 
ҿз 
мінез-сымбатымен 
кҿрінген 
кҿрінісі. 
Сонау, 
«Армысыңдар,  достар?!»,  «Қарлығашым,  келдің  бе?», 
«Мавр»  жинақтарынан  бастап,  соңғы  «Ҿмір-ҿзенге» 
дейінгі  туындылардың  бҽрінен  үзілмес  бір  ізді,  жібек 
желдей жанға жайлы сырлы сазды, ҿзіндік дҽстүр арнасын 
сезінесің.  Ол  -  қай  ҿлеңде  болмасын  ақынның  монолог, 
диалог түрінде ауысып келіп отыратын ашық сыршылдық, 
шынайы  ҽңгімешілдік  рухтағы  бүкпесіз,  кібіртіксіз  тіл 
қатуы. 
Қарлығашым, келдің бе, қаршығадай саумысың? 
Аман-есен жеттің бе, айыр құйрық нау құсым? 
Оралдың ба тағы да ҿзің ҿскен ұяға, 
Оралдың  ба,  сүйіктім,  екеуің  де  бармысың?-  десе  де, 
осы ҿлеңнен соң он-он бес жыл ҿткізіп барып, «Жаңбырда» 
ҿлеңіңде: 
Жақсы едің ғой, 
Құлын мүсін қылықтым, 
Тұсағына түстің қандай құрықтың? 
Қайдан жүрсің? 
Жүзің неге сынық тым? 
Неге ұмыттың, неге бізден суыттың? -деп тебіренсе де, 
ақын  жанының  мейірлі  лүпілін  ҿз  сезім  күйімізбен 
жатырқамай жалғастырамыз. 
Жатырқамай,  жаныңа  жақын  келіп  сыр  ашқандай.  Ол 
сырдың салмақтылығы, парасаттылығы - жалтақсыз, жанға 
жылы  тиетін  азаматтығында.  Керек  жерінде  сҽбилік 
мақтанышпен, 
керек 
жерінде 
мысқыл-кекесінімен, 
ирониямен  «лирикалық  менін»  ашық  ақтарып  отырады. 
Сонымен  де  замандастың  асқақ  та,  парасатты,  кесек 
тұлғасын кҿзге тосады. 

 190 
 
 
Сҿз  жоқ,  Мұқағали  Мақатаев  таланты  жетпісінші 
жылдар  поэзиясында  кемел  биігінде,  қазақ  лирикасының 
кең  тҿрінде  дер  кезінде  кҿрінді.  Сол  бір  он  жыл,  яғни, 
жетпісінші 
жылдар 
поэзиясы 
сҿз 
болғанда, 
ірі 
таланттарымыздың  аса  аз,  санаулыларының  ішінде 
құрметті  тіл  безеген  желбуаз  шешендікпен  де,  таңдай 
қаққызуға  талаптанған  білімдарлықпен  де,  қырлап-
сырлаған түрлік (формалық) құбылтулармен де алған жоқ. 
Оның  сиқырлы  қуаты  -  асқар  биікке  кҿтерген  қасиет  - 
халықтық  саз, халықтық рух, ҽркімнің жүрегі  жатырқамай 
жақын тартатын қоңырлау сазды ҽуен. Тауып айтылған ой 
тарланға  тҽн  тыныс  болғанымен,  табиғат  жаратылысынан 
келісті  тұлғасын  тапқырлыққа  мансұқ  етпейді.  Мұқағали 
ақын  ретінде  ойды  ойып  алып,  дайын  күйінде  қалтаңа 
салып бермейді, ойды ҿрбітеді, ойды тіршілік процесіндей 
дамытады,  шоғын  маздатып,  қызуын  ҿршітеді.  Табиғи 
ҿрісті  арнасымен  желілеп  жеткізеді.  Соның  бҽрінде  де 
сіңіп,  жетеңе  жедел  белгілі  бір  шынайы  құбылыстан, 
ҿмірлік  оқиға,  детальдан  тілге  тиек  табады.  Сҿйтіп,  ҿлең 
ҿрнектері ассоциациялық поэтикалық түзілім, қатарлармен 
санаңа шымырлап жетеді. 
Арсыз күлкің тиылмас, жылауың да, 
Айтысың да басылмас, ылаңың да. 
Араздасып ағайын кетер еді, 
Бір қария болмаса бір ауылда. 
Біз қария болғанша, кім біледі?... 
(«Қарттар азайып бара жатыр») 
Кҿктем кетті, күз, міне, жуықтады, 
Бармысындар, бауырлар қырықтағы? 
Бҽрің тірі қалдың ба, қарығанда 
Қырқышны жылдардың суықтары? 
Тағдыр біздсн бҽрін де аямаған 
Жылатқан да жұбатқан, аялаған. 
Ата-қаздан айрылған балапан ек, 

 191 
 
 
Аспан асты, жер үстін паналаған. 
(«Бармысыңдар, бауырлар, қырықтағы!») 
Екі  ҿлең  де  қарапайым  жолдармен  басталған. 
Поэтикалық  ойдың  ҿрбуі,  экспрессивтік  ҽсердің  үдеу 
үстіне үдеуі бірте-бірте ҿлеңнің ҿз табиғатын, ҿз құйынын 
тудырған.  Бҽрі  анық,  айқын,  ой  да  ҿз  биігіне  кҿтеріліп, 
кемел  деңгейде  толық  жеткен,  қанша  сарқыла,таусыла 
егілсең де, бұдан ары тҿгілте сыр ашу мүмкін емес шығар!? 
Сырт  кҿзге  шалынбаса  да,  бүгінгі  қазақ  лирикасындағы 
ерекше  бір  тыныстың,  жаңа  лептің  шарпуы  бар.  Бүтінгі 
оқырман  ҽсіресе  символикалық    реңкті,    жадағай 
суреттілікті,  жасанды  ұраншылдықты  тез  айырады,  ҽрі 
ондай 
ҿлеңдерді 
оқымайды. 
Ҿмірдің, 
тіршілік 
құбылыстарының  ҿз  тұрғысы  ҿмірдің  ҿзінің  асқақ  пафосы 
ҿлең 
табиғатына 
тым 
жақындай 
түскендіктен, 
шешендікпен,  тақпақшылдықпен,  ҽсіре,  теңеу,  ҽсіре 
бейнелеумен  бірыңғай    қалу  мүмкін  емес.  Мұқағали 
Мақатаев ҿлеңдерінің осыған  орай  айрықша  ерекшелігі  - 
ҿзіндік    мҽнер-нҽшіннің  ұтымды  оралымдылығы.  Ақын 
ұсақ кҿріністерден, майда зергерліктен гҿрі кесек картинал 
арға,  тынысты  полотноларға  үйір.  Бҽрін-.  шеберлікті  де, 
иненің  кҿзіндегіні  ілердей  байқағыштықты  да  соған 
бағындырады.  Бейнелеп  айтсақ,  ақын  туындыларының 
ішінен  тұтастай  ҿлең  -  полотноны,  ҿлең-портретті,  ҿлең- 
картиналарды  айнытпай  кҿреміз.  Мұны,  тек  шеберлік  деп 
қана  қойсақ,  қысқа  қайырғандық.  Шеберлік  болғанда, 
ҿлеңнің  құлын  мүшесіне  сынық  сүйем  артық  ет 
жолатпайтын  кірпияз  тазалық,  назарды  кез-келгенге 
жамырата  бермей,  нысананы  қиядан  шалатын  суреткерлік 
қырағылықпен қоса, сол айтпақ  ой-нысананы ұзатпай іліп 
түсер  алғырлық.  Демек,  шеберлік  тұғыры:  Тіл  (ақындық) 
тазалығы... Ой саралығы... Тебіреніс тереңдігі... «Соғыстың 
соңғы  кҿктемі».  Ҿлең  бес  шумақ.  Бес  шумақта  бес  беттік 
баяндаумен  де,  бес  бҿлімді  кітаппен  де  жеткізгісіз  үлкен 

 192 
 
 
картина  кҿзге  елестейді.  Тұтас  бір  дҽуірдің  кҿктемі  ой-
шүңқырымен айқын кҿрінеді. 
Кҿп болды жасыл тауларға, 
Жап-жасыл бұлттар шҿккелі. 
Ҽкелді шуақ бар маңға 
Соғыстың соңғы кҿктемі. 
Жап-жасыл шыбық, тал-дағы, 
Орманның жасыл шекпені. 
Қуанта бірақ алмады 
Сонау бір үйді шеттегі, 
Соғыстың соңғы кҿктемі... 
Кҿктем  -  қуаныш,  кҿктем  -  тірлік  кҿктеуі,  алда  - 
жазира  жаз,  мҽуелі  күз  бар...  Осынау  үлкен  алып  ҽлемнің 
бір  нүктесіндей,  жарық  дүниенің  елеусіз  ғана  қаралы 
нүктесіндей - қаралы үй... Манадан бері, тҿрт шумақ бойы 
ҽсем  бір  ҿрнекпен  бейнеленіп  келген  сурет  осы  нүктеге 
келгенде тітіренеді, тіріледі. Осы нүкте арқылы адамзаттық 
мҽні  бар  драмаға  ауысады.  Сҿйтіп,  ҿлең  туған.  Нағыз 
азаматтық, адамзаттық тебіреніс дүниеге келген. 
Болмаса, «Беташар» ҿлеңінде: 
Боз ала ауыл жастары, 
Бозбала күнін тастады. 
Боз жаулық жауып қыздарға, 
Шаңырақ құра бастады. 
Үйленді біздің ағай да, 
(Үйлепбе деуге қарай ма?) 
Бҽсіре жалғыз кҿк тайын 
Сойғызып жатыр сарайда, 
(Той жасап бермек қалай да) 
Сезімді,  жан  тебіренісін  бұдан  артық  қалай 
жеткізерсің.  Жҽне  де,  дҽл  осьшайша  тек  Мақатаев  қана 
айта алар, ақтарыла алар. Бейнелеп айтсақ, бұл - жан-дүние 
тазалығы,  сезім  құдіреттілігі.  Мың  қайталап  айта  беретін 
шынайылық  осы.  Анайылық  емес,  шынайылық.  Шынайы 

 193 
 
 
болғандықтан  да  поэзия  сазына  бҿленіп  түр.  Жалтақсыз, 
жалтарусыз ойды, ішкі тебіреністі бҽз күйінде кҿзге тосқан, 
кҿңіл  толқуын  кіршіксіз  хас  таза  күйіңде  ҿлең  тіліпе 
кҿшірген. 
Ақын  кредосы  -  шыншылдық,  сҽби  сезімге  ғана 
сиятын  албырт  шыншылдық.  Оны  оқырмандармен  ҿзек 
жарды  сырлас,  айнымас  пікірлес  ететін  алтын  арқауы  да 
осы  -  шыншылдығы.  Дүниені,  болмысты,  құбылысты  ҿз 
кҿргеніндей  бүкпесіз,  кҿркемдік  шындық  кҿрігінде 
келістіре  қорытады.  Оқырман  қауым  талғамы  мен  аңсары 
сондай  поэтикалық  шындыққа  іңкҽр.  Балқытушы  тұлғасы 
ақын жырының алғашқы жолдарында былай кҿрінеді: 
Қызыл науамен 
Қызыл от ағып барады. 
Қызыл адам жүр 
Қып-қызыл ҿңі, жанары. 
Қызыл ұшқындар ысқырып қызыл жалындай, 
Қызыл қаһарын қызыл адамға жабады! 
(«Балқытушы») 
Ҽсірелеу бар ма? Бар... Ҽйтсе де, ҿмірдің ҿз суреті ғой. 
Тіпті,  ақынның  тапқырлығына,  кҿз  алдындағы  кҿріністен 
еш  артық  қоспасыз  тудырған  поэтикалық  ассоциациясына 
тҽнті  боласыз.  «Мен  сені  сағынғанда»  деген  ҿлеңінде 
қызғанышын  «қызғаныштан  мұз  шайнап,  тұз  жаладым» 
деп екі-ақ жолмен жеткізеді, енді бір ҿлеңінде («Байқалмай 
ҿткен махаббат»): 
Боз қырау аты кірпідей, 
Келетін ҽкең жұмыстан. 
Тазыдан қашқан түлкідей, 
Ініме мен де жылысқам, - 
деп ойнақы, естен кетпес ҽсерлі сурет сызады. 
Еменде жапырақ-жүректе, 
Үп етсе самал, дір еткеп... 
(«Жазғырма мені, жан аға...») 

 194 
 
 
«Жапырақ-жүрек»  дегенде,  расында  да  ақынның 
кҿрегендігіне, байқағыштығына бас шайқайсыз. Сондай-ақ, 
Сырбай  Мҽуленовтің  «жапырақ-терек  жүрегі»  деген 
жолдарын  еске  алғанда,  қазақ  поэзиясының  ҿзіндік  ортақ 
реңін де сезінгендейміз. «Кҿшеде»: 
Мен жолымды берейін, ҿт, қарағым, 
Несін күттің, несіне кҿп қарадыц? 
Қор болмассың құлыны текті ананың, 
Жолын алсаң, ҿзіңдсй текті ағаның, - 
деп  аяқталады.  Халыққа  жүрегі,  тебіреніс-талғамы 
жақын  ақын  дегенде,  осындай  туындыларын  тілге  тиек 
етеміз.  Автор  осы  ҿлеңінде  сҿзбен  емес,  халқымыздың 
салт-дҽстүрі, 
түсінік-талғамы, 
жалпы 
психологиясы 
арқылы  поэтикалық  қуатты  еселеген.  Аға  жолын  қиып 
ҿтпейтін ҽдемі салтымыз, ініге ізет жасап, жолын, пейілін, 
ниетін үсына аларлық үлкендік мҽрттігіміз, ананың еркесін 
«құлыным»  деуі  -  осының  бҽрі  қаншама  қарапайым 
болғанымен,  кҿкіректе  күй  сазындай  (тілмен  айтып 
жеткізгісіз)  тебіреніс  тудырады.  «Ұқсастық»  жырында 
даланы анаға ұқсатқан ақын: 
Тамыры иіп, 
тҽтті бір ұйықтап алғасын, 
Ана шайына, 
Дала нҿсерге қанғасын, 
Далаға дихан, 
Анаға адал жолдасы 
Тыңайтпақ болып, 
даярлап 
жатыр 
қалжасын, 
-дейді. 
Осындағы 
поэтикалық  эмоция  «Тамыры  иіп»,  «Шайға  қану», 
«Тыңайту»,  «Қалжа»  атты  халықтық  ұғым,  халықтық 
сҿздер  арқылы  санамызға  шымырлап  жол  алады.  Бір 
ғажабы,  белгілі  тіркестер,  бұл  жерде  ҿзгеше  құбылып 
құлпырып кеткен. 

 195 
 
 
Мұқағали ақын, кҿбінесе ұғым, түсінік-таным арқылы 
сҿйлейді. Сол арқылы аз сҿзге кҿп мағына сыйғызады, ҽрі 
мағына байлығын экспрессивтік мҽн бояуын қалыңдатады. 
Түспесін десең егер сезімге кір, 
Жанарым, менің ылғи кҿзімде жүр! 
Жамандық кҿрсең менің қабағымнан, 
Жас болып тҿгіліп кет жанарымнан, - 
Ҿкінішті... 
Мына құрғыр сырқаттың беті күшті. 
Жүрегім кҿтеріліс жасап жатыр, 
Бұзбақ болып кеудемде бекіністі 
Ҿкінішті... 
О, жүрек! 
Менің алтын қазығым-ау! 
Қайтейін, қажыдың-ау... 
Қытықтаған бауырдың «назы» мынау 
Қажыдың-ау, байғұсым, қажыдың-ау! 
Не істемекпін? 
Жаным-ай, саған шипа істемек кім? 
Жаралғанда бүтін ем, үш бҿлекпін: 
Жүрегім - Африка, бауырым - Кипр, 
Миым Мұзды мұхиттай... 
Не істемекпін?... 
(«Емханада») 
Заманның  тынысы  мен  ақынның  мұңы  ұштасып 
кеткендей. 
Бүгінгі күннің, бүгінгі дҽуірдің, яғни, ақын ҿмір сүрген 
кездің тынысы да осы...  «Жүрегім  - Африка»,  «Бауырым  - 
Кипр»  дегенді  басқа  дҽуірде  айтып  кҿріңізші?...  Ешкім 
түсінбес еді. Бүгін осы үш шумақ қазақ топырағындағы бір 
ақынды бүтін планетамен қауыштырып тұрған үш таған. 
Жүрек  туралы  ҿлең,  толғаулар  ақынның  жиі-жиі 
оралып,  қайыра  айналып  соғып  отыратын  иіріміндей.  Тек 
жүрек  тақырыбы  арқылы-ақ  жарық  дүниеге,  адамдарға, 

 196 
 
 
тіршілік  атаулыға  қатысын  ақын  ақтара  жеткізеді.  Бүкіл 
оқырмандарға таныс «Майгүлге»
 
ҿлеңінен кейін: 
Бұлданба, жүрек, бұлданба! 
Жиылып досың түрғанда, 
Жиырып сені жентектер, 
Жымысқы қайғы-мұң бар ма? 
Бұлданба, жүрек, бұлданба! 
Қызығы тайып, қызы ҿлген 
Жалғыз-ақ сен бе бұл маңда, - 
(Ҿмір-дастан») 
деп  басталатын  ҿлеңін  жариялапты.  Жүрекке  қарата 
айтылған қайрау сҿз, ҿзне деген тоқтам. Ҿзіне деген медет. 
Жүрек  туралы  жырларынан  мысалдарды  кҿптеп  келтіруге 
болады.  Соның  бҽрінде  де  ақын  сезімтал  да  нҽзік,  кейде 
ұяң, кейде ұятты, кейде мейірімді, кейде қатыгез жүрегімен 
сырласа, мүңдаса, ренжісе отырып, оқырманын талай-талай 
ордалы  ойдың  ауылына  қондырады.  Сҿйтіп,  жалпы  адам 
дүниесіне  тҽн  жандүние  қалтарыстарының  қасиетті 
құпияларын  шешеді.  Ең  бір  қастерлі  сезімдер  туралы 
ойландырады, толғандырады, сыр ақтарады. 
М.Мақатаевтың  ақын  ретіндегі,  азамат  ретіндегі 
бҿлекше  мінез  жаратылысына  тҽн  қасиеті  -  ештеңеден 
бейтарап  қала  алмайтыны.  Кҿзімен  кҿріп,  кҿңілімен 
бағамдаған жайды басқаға да, ҿзіне де, оңаша да, кҿпшілік 
ортасында  да  бүкпесіз,  жалтақсыз  қолма-қол  айтады. 
Ҿзгенің айыбын да, ҿзінің айыбын да жасырмай, бетке баса 
біледі. 
Бұл  арада  «Айтып  ҿткен  ақында  арман  бар  ма, 
жүрегінің басына кір жасырмай!» - дегенді автордың ҿзіне 
бағыштаған  дұрыс!  Сондықтан  да  ақын  қысылмай-
қымтырылмай,  еркін,  кібіртіксіз  сҿйлейді.  Тосылып, 
тасырқамайды. 
Отан,  ана  туралы  ақындар  кҿп  жазса  да,  ҿзгеге 
ұқсатпай,  ҿзінше  жырлаған  санаулы  ақынның  тҿрінен  де 

 197 
 
 
Мұқағалиды  кҿреміз.  Отан  ол  үшін  аса  қасиетті  ұғым. 
Бүкіл  ҿміріне,  күнделікті  тірлігіне  тұрақ  болған  алтын 
тұғыр. 
Қас 
тұлпардың 
қасиеті 
бҽйге, 
кҿкпарда 
кҿрінетіндей, ақынның ҿзіндік үні, ҿзіндік мҽнері, мінезі де 
осындайда  жарқырап,  даралана  түседі.  1975  жылы 
«Шуағым менің» жинағында: 
Кешір, мені! 
Мҽңгілік майдандамын. 
Түсін, мені! 
Отаныма бер мені бас бүтін, 
Нашар ҽйел тапқан ұл дегізбеймін! - 
(«Арнау») 
деп  жазса,  «Ҿмір-ҿзен»  жинағында  ақынның  Отанға, 
туған  ел,  ҿскен  жерге  деген  ыстық  махаббаты  құс 
жолындай  жарқырып  кҿрінген.  Осы  жинағындағы,  кейін 
таңдамалы  кітабына  қосылған  елге,  жерге  махаббатын 
толғаған  туындылары  ақынның  ерекше  бір  азаматтық 
пафосын алға тартады. 
Кешіргін, Отан, кей-кейде, 
Басып бір кетсем гҿй-гҿйге. 
Тілі шықпаса сҽбиің, 
Тұтығып, сірҽ, сҿйлей ме, 
Тосылып кейде мен біраз, 
Басылып  қалам  кей-кейде,  -дегенде,  Мұқағали 
Мақатаев  тек  лирикалық  қаһарман  мұратын  ғана  сездіріп 
тұрған жоқ, батыл да астарлы ой толғаған. 
Ұлы  Отан  соғысы,  одан  кейінгі  кезең  ҽдебиетімізге 
үлкен  бір  белес  болып  енді.  Мұқағали  бұл  тақырыпты  да 
ҿзінше кҿріп, ҿзінше зерлеп үлгерді. Бұлар оның жеке сҿзі 
ғана  емес,  бүкіл  замандастарының,  тұстастарының 
тебіренісіндей  қабылданды.  «Сенбеймін  ҽкең  ҿлді  дегенге 
мен, Себебі ол үйімізден тірі аттанған» дейді ол «1941 жыл. 
Ақпан»  туындысында.  Осы  тақырыпта  ақынның  ғаламат 
жаңалығы  бар.  Ол  сол  бір  қатыгездіктің  мұз  тілі 

 198 
 
 
сумаңдаған  сол  жылдарға  лағнет  айта  тұрып,  сол  жылдың 
жақсылығын, 
ҿмірінде 
қалдырған 
жылы 
беттерін 
құдіреттей  қастерлейді.  Ҿйткені,  ол  тек  ҿткен  қиындық 
қана емес, тағдыр. Ал тағдырды кім оп-оңай белден сызып 
тастай алсын. 
Бірақ сол бір дауыл жылдар, от жылдар, 
Бҽрімізден бір-бір батыр жасапты. 
Сол жылдарға қарғыс айту жат маған, 
Сондағы  мен  ерлігіме  мақтанам,  -  дейді  лирикалық 
қаһарман. Шынайы, нанымды. 
«Қайран  жеңгем!»,  «Құрдастарға»,  «Жаралылар», 
«Қырқыншы жылдардағы бесік жыры», «Қайран жандар!», 
«Майданның  бҽйгесінде»  сияқты  ҿлеңдері  аталмыш 
тақырып  ауқымындағы  ҿзіндік  ҿрнек,  пайымдауларымен 
дараланған.  Егер  осы  ҿлеңдерді  ҿмірбаяндық  ретімен 
жіктер  болсақ,  сұрапылдың  бір  ұрпақ  жан  дүниесіндегі 
қайғылы да шырғалаң ізін бедерлі кҿрсететін тынысты бір 
үлкен полотно шығар еді. 
Отан,  махаббат  жайлы  жырларынан  да  ақынның 
тазалығын, азаматтық арлы үнін естиміз. 
Сері күннен жалығып кҽрі күннен, 
Жалғызсырап кей-кейде жерідім мен. 
Біреу сонда жанымнан шықпай тұрып, 
Жаны бірге менімен серігім бе ең?! 
Қысылтаяң сҽттерде саған келдім, 
Жасырмай-ақ халімді жаман дедім. 
Адам ба едің! 
Мұңым менен сырыма ортақ болған, 
Аяулы  панам  ба  едің!  -деген  шумақтардағы  тұнық 
сезім  шапағы  ше?  Енді  бір  ҿлеңдер  желісінде  ақынның 
шаттық  шалқуы,  ҿмір  шіркінді  қия  алмай,  Қысылып 
шыққан  жан  дауысы,  достарға  деген  назы,  адамға  деген 
аманаты  алып  ҿзеннің  арынды  ағыстарындай  арпалысып 
жатыр. 

 199 
 
 
Қазақтың  талантты  тарлан  ақындарының  қатарында 
тұрған    М.Мақатаевтың  қазақтың  поэзия  ҽлеміне  қосқан 
үлесі  сүбелі.  Оның  «Аққулар  ұйықтағанда»,  «Жырлайды  
жүрек»,  «Қош,    махаббат»,  «Ҿмір  -ҿзен»,  «Ҿмірдастан», 
«Соғады  жүрек»,  «Шолпан»  атты  ҿлең  жинақтары  –  қазақ 
ҽдебиетінің табысы. 
Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып 
Тастағысы  келеді  күресінге    -  дей  келе,  лирик 
Мұқағалидың «Жаралмаған жан едім күресуге» деуі - ҿзін-
ҿзі қапысыз тануы. Бұл ақынның ҽлсіздігі мен жігерсіздігін 
емес,  жан  дүниесінің  нҽзіктігін,  сезімталдығын  аңғартса 
керек. 
Сондықтан  да  ол  ҿзінің  жан  сырын  қазақтың  қара 
ҿлеңінің құдіретімен жеткізді. 
Қазақтың қара ҿлеңі құдіретім, 
Онда  бір  сұмдық  сыр  бар  естілмеген  –  деп  сырлы 
лирикаға  қызмет  етті.  М.Мақатаев  поэзиясының  арқауы  - 
ҽн. 
Осы бір боздау үнді естігенде, 
Ҽн болып кҿкейіме есті жел де. 
Ойыма ойран салып, осы бір үн, 
Бауырымды ұстарамен кескілеуде. 
Апыр-ай, қайдан шықты, қайдан келді? 
                     - 

 -  
О, муза, 
Тағдырыма иембісің? 
Күрсініп, кҿкірегім, күйеді ішім. 
Мен сені жаңартам деп келгенім жоқ, 
Сен  мені  жаралғансың  сүйеу  үшін  –  деген  жолдар 
ақын  болмысын,  кредосын  танытады.  Мұқағали  жырлары 
пафосты  келеді.  Тілдік  ерекшелікке  талдай  келгенде, 
халықтың ауызекі сҿйлеу тіліне бас игізеді. 
Ақынның: 
Ақынмын деп қалай мен айта аламын, 

 200 
 
 
Халқымның ҿз айтқанын қайталадым. 
Күпі киген қазақтың қара ҿлеңін 
Шекпен  жауып  ҿзіне  қайтарамын,  -  деуі  содан.  Оның 
поэзиясына  батырлық  беретін  де  осы  ақиқатшылдығы. 
Мұқағали ҿлеңдерінің драматизмі де күшті шыққан. 
Қасқа бұлақ басынан неге кеттім? 
Не деген жел айдаған кҿбелекпін. 
Еркіндік, еркелікті місе тұтпай, 
Тасқа ҽкеп ҿзімді-ҿзім шегелеппін. 
Пай, пай, пай, 
Сағындым-ау, сағындым-ау! 
Талықсып тар тҿсекте таңылдым-ау! 
Ҿлеңдегі  драма,  трагедия  аңғарылады.  Енді  ақын 
тіліндегі шешендік, кҿсемдік, ақындық пафос басқа арнаға 
ауысады. 
Мұқағали – лирик.  Ол  бар  мүмкіндігін  осы  жанрда  
ашты.   
Сүйгісі  келе  берер  сүйген  ерін 
Сүй,  жаным, 
Сүйкімді  бір  күйге  енемін. 
Жүрегіміз жақыннан бірге соқсын, 
Ағытшы бешпентіңнің түймелерін. 
Автор  ҿз  сезімін,  сырын  ҽдемі  жеткізген.  Дҿрекілік 
жоқ.  «Ағытшы  бешпентіңнің  түймелерін»    деген  жол 
ұлттық  инабаттың  символындай.  Еркін  сезім,  еркін  ой 
кідіріссіз тҿгіледі.  
Қиынның  қиыны  -  ҿмір  құбылыстарының  мҽн-
мағынасын жанмен ұғып, жүрекпен тануда. Жан мен жүрек 
ҿзі  сүймеген,  ҿзі  ардақ  тұтпаған  құбылыстарды  тануға  да 
ешқашан  ықтиярлы  болған  емес.  Ҿлең  жолдарынан 
ақынның,  я  лирикалық  кейіпкердің  жан  жылуы  есіп  тұру 
керек. Сонда ғана ол адам сезіміне ҽсер етеді.  
Дүниеде  болып  жатқан  құбылыстардан  кҿп  нҽрсені 
түйген ақын жаны сҽбилік пҽктікке ұмтылады.  

 201 
 
 
Сҽби болғым келеді, сҽби болғым, 
Бұл дүниеден хабарсыз жаңа туған. 
Ақын осы тазалық,  пҽктікке ұмтылу арқылы ҿзінің де 
ішкі ҽлемінен хабар береді. Бұл  екі жол ақынның ҿмірдегі 
аса 
қымбат 
бағалайтын 
қастерлі 
ой-сезімдерімен, 
танымдармен  байланысты  болуы  керек.Сүйіспендік, 
ғашықтық  тақырыбына  арналған  ҿлеңінде  адамды  сүю 
сезімі  сан  қырлы  сырмен,  сан  түрлі  құбылып  кҿрінеді. 
Адам  ҿмірінің,  сезімінің  бағалылығы  оның  тазалығында. 
Махаббат сезімінің қуат күші де оның кіршіксіз пҽктігінде.  
Автордың 
махаббат 
тақырыбындағы 
ҿлеңінде 
лирикалық  кейіпкер  күйдім-жандым  деуден  аулақ,  лап 
еткен  сезім  жоқ.  Сүю  сезімі  аңсау  мен  сағынуға  ауысып 
отырады.  
Ақындардың  кҿбі  ғашықтық  сырларды  табиғат 
құшағында,  табиғат  кҿріністерімен  бірлікте  ашуға  бейім. 
Бұл тҽсіл – Мұқағали ашқан жаңалық емес.  
«Жүр қалқам!» 
Шайқалып нұр,  
Маужыраған мамырдан май тамып тұр, 
Жайқалып қыр,  
Тауға соққан боз сағым қайта ағып тұр. 
Айталық сыр,  
Серуендеп, жүр, қалқам, қайталық бір. 
Жырақ барып,  
Серуендеп қайтайық сыр ақтарып. 
Бара жатыр жанымды бір от қарып, 
Жастығым ба, тірілген құлап барып?... 
Лирикалық қаһарманның жастық ҿмірінің мҽніне 
айналған ұлы сезім сыр береді. Ақын оны табиғаттың 
ҽсем сҽтімен параллельді ала суреттеген. Ұшқыр, лап 
еткен сезімнен гҿрі, ҿз отына шарпылу бар. Кейіпкер ҿзі 
жайлы  ашық сыр ашпауды қалайды. 

 202 
 
 
2.
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет