Тенденциялары


  Жұбан  Молдағалиев  –  кӛп  поэма  жазған  ақын



Pdf көрінісі
бет6/14
Дата03.03.2017
өлшемі0,95 Mb.
#7038
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

2.  Жұбан  Молдағалиев  –  кӛп  поэма  жазған  ақын. 
Ақынның  поэзия  сапарының  тең  жарымы  поэмадан 
тұрады.  Поэманы  кҿп  жазған  жҽне  ҽріден  жазған.  70-
жылдардың  орта  тұсындары  бес  жылдың  ҿзінде  үш  үлкен 
поэмасы  шықты.  Ҽрі  бұл  туындылары  кҿп  елге  мҽлім, 
танымал  шығармалар  боп  кетті.  Олары  «Қыран  дала» 
(1974),  «Сел»  (1975)  –  «Байқоңыр  баспалдақтары» 
(1977),  «Қыран  дала»  мен  «Сел»  поэмалары  үшін  1978 
жылы ақынға КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Кҿлемі 
жағынан  ең  үлкен  поэмасы  «Жесір  тағдыры»  1959-61 
жылдары жазылды. Уақыты жағынан ең алғашқы поэмасы 
«Қызыл  галстук»  1947  жазылып,  1958  жылы  ҿңделген, 
толықтырылған. 
Оқырман  қауымға  тез  таралып,  жақсы  қабыл  алынған 
поэмасы  «Мен  -  қазақпын»  1964  жылы  жарық  кҿрді. 
Кезінде  Ұлы  Отан  соғысының  батыры,  татар  ақыны  Мұса 
Жҽлел  жайындағы  «Жыр  туралы  жыр»  поэмасы  жоғары 
баға  алған  (1956).  Бұл  поэма  кҿп  тілдерге  аударылып, 
оқырмандар  жылы  қарсы  алған  туынды  болды.  Ақын 
қаламынан  «Нұрлы  жол»  (1951),  «Қиял  қанаты»  (1957), 
«Дала  дастарқаны»  (1957),  «Туған  жер»  (1962), 

  83 
 
 
«Айттым  сәлем»  (1966)  атты  жҽне  басқа  да  поэма, 
дастандар шықты. 
Ақынның  «Туған  жер»  поэмасы  да  осы  тақырыптас. 
Ҿзгерген,  ҿркендеген  Жыланды  жерінің  бұрыңғы  тарихы 
мен  бүгінгі  қалпы  айтылады.  «Дала  дастарханы»  да 
бүгінгі  ауыл  кҿркін,  оның  ҿнімді  еңбегін,  еңбек  зейнетін 
кҿріп отырған ауқатты ел тұрмысын паш етеді. 
Кҿлемді  дастан  «Байқоңыр  баспалдақтары»  Қазан 
тҿңкерісінен  бастап,  бүгінгі  күнге  дейінгі  ҿсу,  ҿну 
жолдарымызды  суреттейді.  Қала  мен  далада  бұл  дҽуірде 
қол  жеткен  табыстар  орасан.  Қырда  миллиард  болса, 
ҿндірісте  Түрксіб,  Қарағанды  кҿмір  кені  сияқты  бүгінгі 
Байқоңыр  биігінің  баспалдары  болды.  Космосқа  құлаш 
сермеу  сол  басқыш,  тиянақ,  сүйеніштер  арқасында  ғана 
мүмкін болғаны хақ.  
«Мен  –  қазақпын»,  «Қыран  дала»,  «Сел»  -  үш 
дастан  үшеуі  үш  қилы  жайды  жырлағанымен,  бір  түйінді 
аңғартатын  жҽне  он  шақты  басқа  поэмалардың  басын 
қосатын,  яғни,  басқаларының  да  мазмұнын  ашатын 
туындылар. Мұнан – бір тектес, бірыңғай деген ұғым тумау 
керек. Қолтаңба, ақындық стиль, ҿзіндік сыр біреу, бірегей; 
ҿнерлік,  кҿркемдік  қырлар  осы  үшеуінен  айқынырақ 
байқалады дегенді айтамыз.  
1975  жылы  ақынның  «Сел»  поэмасы  жарық  кҿрді. 
Алматы  тарихында  1921  жылғы  селден  кейін  немесе  1963 
жылғы Есік кҿлін жойып жіберген топаннан кейін, орасан 
қауіп ҽкелген 1973 жылғы сел айтарлықтай апат етеді. Қала 
аман  қалды,  бірақ  оның  қаншалықты  күш-жігерге  түскені 
тарихтан белгілі. Тау бұзылып, су мен сел боп аққан, қара 
жерді  қақ  тіліп,  жүрген  жерін  ұстарадай  жалмап  отырған. 
Апат басталып, топан жҿңкіп күш алды. Тек тоған, тоғанда 
ғана  үміт,  соған  келіп  тосқауылға  ұшырамаса,  хал  қиын. 
Ҽлі  түгел  жасалып  бітпеген,  ҽрі  жұқа  тоғанды  дереу 

  84 
 
 
биіктету, қалыңдату керек. Тоған кетсе, бүкіл  Алматы сел 
астында қалуы анық еді.  
Сұлық, тұнық, бейхабар жатқан қала ештеңе білмейді. 
Алатаудың  басындағы  ақ  қар  ақша  бұлтпен  астасып 
кеткенін де ешкім кҿрмейді. «Сел» деген сҿз үкімет үйіне, 
Басшыға келіп бір-ақ жетеді.  
Ел  басшы  рҿлін  ойлы,  сабырлы,  байсалды  етіп 
кҿрсеткен. Образ, бейне жасау жолымен басшыны кейіпкер 
етіп  алып,  оның  іс-қимылын,  қозғалысын  нанымды 
шындыққа  жанасымды  етіп  танытқан.  Сын  сағаттарда 
қайнаған  күрес  майданында  адам  мен  техниканы  селге 
қарсы  ұйымдастырып,  рухтандыру  ісі  оңай  іс  емес  екені 
белгілі.  Ең  алдымен  іркелден  судан  арылу,  ол  үшін  бҿгет 
арқылы  су  құбырын  жүргізіп,  насосты  іске  қосу  керек-ті. 
Бұл сҽттерде тоғанның бүйірінен су сорғалап, лықсыған тас 
пен  топырақ,  лай  дүмпуінен  бүкіл  бҿгет  опырылғалы 
тұрған-ды.  Осылай  Басшы  бейнесін  ақын  арпалыс,  күрес 
үстінде кҿрсетіп, ҽрі қарай оның сыр-сипатын аша түседі.  
Сҿйтіп,  сел  туралы  дастан  осындай  қоғамдағы  адам 
орны  туралы,  оның  ақылы  мен  санасы  туралы  толғаныс, 
ода болып шыққан. Кҿркем шығармаға арқау болардай екі 
үлкен  алып  күш  бар  екені  анық:  долылығымен  қатар,  - 
даналығы да мол табиғат, меңіреу күш деп айтылатын апат 
пен  опат,  соны  ноқталауға,  тоқтатуға,  игеруге  жасқандай 
баратын сана, амал. Медеу тасқыны ҿлім мен ҿмірді қатар 
қойған  қауіпті  апат  еді.  Ақынды  бұл  оқиға  барғызған  – 
поэзияға,  ҿлеңге  ҿзі  тіленіп,  сұранып  тұрғандай  адам 
тұлғасы, адам парасаты. Жұбан алған ойын орындаған.  
«Мен  қазақпын»  поэмасы  І.Жансүгіровтің  «Дала» 
поэмасындағы дҽстүрдің жалғасы іспеттес.Автор халықтың 
неше  ғасырлық  ұзақ  жылдардағы  даму  жолын,  алуан 
сырларын  кҿркем  жинақтап,  түйіп  айта  алған.  Лирикалық 
кейіпкер  –  халық,  қазақ  халқы.  Поэмада  халық  басынан 
кешірген кҿне дҽуірлердегі тарихтың сілемдері кҿрінген. 

  85 
 
 
Қаза тапқан солдаттай ізгі ҿліммен  
Қалалар да ҿтіпті түз белінен  
Қаңқалары табылмай жатыр қазір 
Соғыстар мен жорықтың іздерінен. 
О, замандас, соларға бір қараңыз; 
Ҽр кірпіште, ҽр таста бір қора аңыз, –  
деп  ақын  Отырар,  Тараз,  тҽрізді  кҿне  қалалардың  – 
мҽдениет ошақтары болғанын, халқымыздың ұлы тарихын 
мақтан ете жырлап отыр. Лирикалық кейіпкер ҿз халқының 
басынан ҿткен небір зобалаңды білсе де, 
- Жаза алмадым, қайтейін, хат білмедім, - дейді. 
Бір  кезде  дүрілдеп  ҿскен  мҽдениетті  елді  Шыңғысхан 
тоз-тоз  етес  де,  қалмақтар  «ақтабан  шұбырындыға» 
ұшыратса  да  ұлттық  рухын  жоғалтпаған  халқының 
құдіретін, биіктігін, асқақтығын паш еткен патриотизм бар. 
Орыс  патшалығының  отаршылық  саясаты,  азаттық  үшін 
күрескен 
Исатай, 
Махамбеттер, 
Шоқан, 
Ыбырай, 
Абайлардың ағартушылық идеясы-бҽрі де ақын назарынан 
тыс қалмаған. Поэмадағы лирикалық кейіпкер  – қазақ осы 
оқиғаларға ҿз кҿзқарасын анық танытып отырады.  
Қазақ – тарихшы, ҿз күйінің неге олай болғандығының 
себеп-салдарын ішкі монолог арқылы ашып айтады. Қиын-
қыстау  кезеңнің  қазақтың  тҽні  мен  жанына  салған 
жарасының  ҿзі  де  ҿткеннен  шежіре  шертеді.  Кҿз 
алдымызда  –  тарих  сахнасында  «Мың  ҿліп,  мың  тірілген» 
қазақтың бейнесі. Поэмада контрасты суреттер бар:  «Мың 
ҿлу,  мың  тірілу»,  «Жыласа  күн  тұтылып,  қуанса  түн 
түрілу»  т.б.  Автор  поэмада  лирикалық  кейіпкердің 
монологы арқылы халықтың ҿткенін бедерлеген. 
Халық  бейнесінің  символындай  қазақ  тұлғасы  биік, 
ҿршіл. Ол ҿзін қыранға балайды. 
Құс ішінде ұнайды қыран маған. 
Күрт құлаймын құласам, бұраңдаман... 
Сауысқан мен қарғадан жиіркенем, 

  86 
 
 
Бірі сұйқылт, біреуі сұғанақ тым. 
Бұл  құстардың  астарында  адамға  тҽн  қасиеттер, 
кеселдер  жатыр.  Автор  символ-образ  арқылы  ҿзінің 
адамдық  кредосын  аңғартады.  Поэмаға  социалистік 
реализм  ҿз  қолтаңбасын  салған.  Ақын  Абылай,  Жҽңгір, 
Хан  Кенеге  қатысты  тұста  кеңестік  дҽуірдің  теріс 
бағасынан асып кете алмаған. 
Қамшы үйірдім атойлап хан тағына, 
Хан-сұлтандай қайырымсыз аң табына 
Жалаңдаған найзама жалт қарады 
Қаңтарылған зар заман аңтарыла,- 
деген  жолдардан  соң  Ресейдің  ұлылысын  жырлау-сол 
дҽуірдің  ҿлшеміне  айналған  құбылыс.  Ж.Молдағалиев  та 
осы үрдістен алыстамаған. Ленинді дҽріптеу, коммунизмді 
марапаттау сҽттері осы ойымызға дҽлел. 
Бұл  поэмада  қазақ  басынан  ҿткен  тарихи  кезеңдердің 
бҽрін  де  рет-ретімен  жырлай  келе,  сол  жолда  ҿзінің 
қазақтығын  жоғалтпаған  халықтың  мҽрттігін  мадақтай 
келе,  оның  негізінде  жатқан  ұлттық  құндылықтарымызды 
мақтан  етеді.  Тарихи  тұлғаларымыздың  халық  ҿміріндегі 
ролін аша келе, ҽрқайсысының орнын  салмақтайды. Қазақ 
–  бүкіл  тарихтың  куҽгері,  халықпен,  тарихпен  бірге 
жасасып келе жатқан патриот. 
Мен – қазақпын, қаныммен, сүйегіммен, 
Сҽн-салтанат, салтымды сүйемін мен. 
Бақ орнатам моланың басына да, 
Мұрагермін оған да, иемін мен. 
 
Қарап тұрып жүзіңе жайраңдаған, 
Бір нҽрсеге сүйсінем, қайран қалам: 
Жүзге, руға ұнталған кҿшпе халық 
Мұнша ҿлкені қалайша сайрандаған. 
Ұлылықтың емес пе белгісі бұл? 

  87 
 
 
Еліміздің  елдігін  танытатын,  ұлылығын  ҽйгілейтін 
қандай  қасиет,  қандай  тұлғалары?  деген  сауалға  жауап 
іздейді.  Ұлттың  байлығы  –  тілі,  салт-дҽстүрі,  ҿнері,  жері, 
халқы,  тұлғалары.  Поэмада  осы  белгілердің  ҽрқайсысын 
үлкен пафоспен, шабытпен жырлайды. 
Поэмадағы қазақ – ұлттық патриотизм бойын кернеген 
қазақ,  бірақ  сонымен  бірге  сана-сезімін  саясат  шектеген 
кеңестік мінез, психология да байқалмай қалмайды. Қызыл 
идеология  күйіп  тұрған  кезде  «Мен  –  қазақпын»  деп 
ұрандаудың ҿзі ақынның биік тұлғасын танытса керек. 
 
Негізгі әдебиеттер: 
1.
 
Қазақ  ҽдебиетінің  тарихы.  3-том,  2-кітап.-Алматы: 
Ғылым, 1975. 
2.
 
Қаратаев М., Нұртазин Т., Қирабаев С. Қазақ совет 
ҽдебиеті.-Алматы, 1987. 
3.
 
Қирабаев  С.  Кеңес  дҽуіріндегі  қазақ  ҽдебиеті.-
Алматы: Білім, 1998. 
4.
 
Дҽдебаев  Ж.  Қазіргі  қазақ  ҽдебиеті.  Лекциялар 
курсы.- Алматы, 2003. 
5.
 
Қазақ  ҽдебиетінің    тарихы  (1956-90  жж.).  9-том.-
Алматы, 2005. 
6.
 
Мҽмбетов 
Ж. 
Ж.Молдағалиевтің 
ақындық 
шеберлігі. Оқу құралы. –Алматы, 2002. 
Қосымша әдебиеттер: 
1.
 
Амантай Шҽріп. Қазақ поэзиясы жҽне ұлттық идея.-
Алматы, 2000. 
2.
 
Алпысбаев Қ. Поэма жҽн сюжет.-Алматы, 1992. 
3.
 
Базарбаев  М.  Қазақ  поэзиясы:  кҿркемдік  ізденіс.-
Алматы, 1995. 
4.
 
Егеубаев А. Сыр мен сымбат.-Алматы,1981. 
5.
 
Қуандық  Мҽшһүр  Жүсіп.  Қазақ  лирикасындағы 
стиль жҽне бейнелілік.-Алматы,1990. 

  88 
 
 
6.
 
Ысмайылов 
Е. 
Ақын 
жҽне 
революция.-
Алматы,1983. 
7.
 
Кҽрібаева Б. Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы. 
–Алматы, 1988. 
8.
 
Нарымбетов 
Ҽ. 
Қазіргі 
қазақ 
поэмасы.-
Алматы,1982. 
9.
 
Нарымбетов  Ҽ.  Қазіргі  совет  поэмасы.-Алматы, 
1977. 
10.
 
Сейітов С. Ҿлең ҿлкесінде.-Алматы,1984. 
 
Лекция 4.  Ілияс Есенберлин (1915-1983) 
 
Жоспар: 
1.
 
І.Есенберлиннің  романдарындағы  образдардың 
жасалу жолдары. 
2.
 
Суреткер және тарихи проза. 
 
1.  І.Есенберлиннің  романдарындағы  образдардың 
жасалу жолдары. І.Есенберлин – қазақ ҽдебиетінде ҿзіндік 
стилі бар жазушы. Оның шығармашылығында қоғам, адам, 
ҿмірдің  сан  алуан  мҽселелері  кҿтеріледі.  «Қатерлі  ҿткел» 
романында дҽуір  сынынан  ҿтетін  кейіпкер – нҽзік жанды,  
дарынды  Бүркіт    ақын.  Жазған    ҿлеңдері    жаңа    заман  
рухымен  «үндеспейді».  Ол    Хасен    ақын    секілді    неге  
болса    да  тез    бейімделіп    кете    алмайды.    Бүркіт  
адамдарды  табына  қарап  емес,  адамдық  келбетіне  қарап  
танып    үйренген,    «бақыт  күнін  ҽкелетін»    қоғамға  
сенбейді.  Оны    Қарымсақ    байдың    баласы    Ҽкпармен  
ортақтастыратын  да  -  осы    кҿзқарасы.    Ҿйткені    жаңа  
қоғам    олардың    ұлттық    құндылықтарына    қол    сұғып  
отыр. Сондықтан  да  ғасырлар  бойы  жинақталған  ұлттық  
руханияттарды    тҽркі    етіп,    ҿзіне  жат,    жаңа    үлгіні  
жапсырған    қоғамды  ақын    табиғатының    қабылдамауы  – 
заңды  құбылыс. Бүркіттің   романда  суреттелген  жиырма   

  89 
 
 
жылдай    ҿмірі      ҿткен    ғасырдың    1920-40-жылдарына  
сҽйкес    келіп    тұр.  Аласапыран,    алмағайып  кезеңдегі  
ақындық    болмыстың    қалыптасу,  даму    эволюциясын  
осындай жолмен  кҿрсетеді.  
Романда  кҿзқарасы,  танымы,  ҿлшемдері  заман 
ағысына  кереғар бір  кейіпкер  бар. Ол – Ақан  ақын. Ақан 
ұлттық    руханияттардан    нҽр  алып  ҿскен,    сондықтан  да 
оның  жүрегі  ұлтым,  халқым  деп  соғады:  «Ҿзінің    жұрты, 
жеке    Отаны  жоқ  ұл,  қанша  данышпан    болса,  шҿлге  
қамалған аққумен  тең  кҿрінетін,  жан-жағында  құлазыған  
даласы  кҿп,  бірақ  қанат  қағар    айдын  шалқары      жоқ  
секілденетін…».   
Ғалым  Ш.Елеукенов  «Сын    мен  сыншы»  деген  
мақаласында  «ішінде  бүгулі  жүрген  сырын»  ақтарады: 
«Ақан    толғауларының    Мағжан    поэзиясы    аманатынан  
аумайтыны  сондай,  біз  оның  прототипі – Мағжан  ақын  
деп    тағы  да    қайталасақ,    еш    артықтығы    жоқ…  Толық  
ақталмай    тұрып-ақ,    ол    ҽдебиет    қаһарманы  Ақан  
кейпінде    оралып:  «ау,  жұртым,    қазағым,  алашым,    кҿп  
ұзамай    күміс  қанатты    бостандық    періштесі      ғарыштан  
ұлы  даламызға  қайта  түседі»,- деп,  Ақан  арқылы  бізге  
паш    еткен    ғой    жарықтық  ,  дегің    келеді…    Кейіпкер  
прототипінің  бүге-шігесіне  дейін  қанықтығы   соншалық,  
тіпті Ақанның  білім  алу  жолын  Мағжанның  медреседен  
соң  Омбыда орыс  оқуын  тауысқанына  дейін  ұқсатады. 
«Қатерлі  ҿткелден»  соң  оның  Кенесары  туралы  роман  
жазуға  отыруы  да  кездейсоқ  нҽрсе  демейсің». 
Д.Досжанов  «Мағжанның  ҿлімі»  ҽңгімесінде  ату 
жазасы  алдындағы  Мағжанның  аузына  мына  жолдарды 
салады:  «...Ҿлімнен  қорықпаймын.  Шын  ақындық, 
адамдық  рухым  ҽлдеқашан  денемнен  бҿлініп,  сыртта, 
ҿлеңімнің  ҽр  жолында,  кітабымның  ҽр  бетінде  қалған, 
алдыңда отырған құр қауқармын, тұлыппын, сұлба суретім 

  90 
 
 
ҽншейін».  Ақанның  күйі  де  осындай,  ол  ҿзі  ҿлсе  де,  рухы 
жырларында қалған. 
Туындыда  Ақан  ҿлеңінің жолдары келтірілген: 
Келді  деп  кҿктей  гүл шашып, 
Қуанба,  халқым, құр тасып, 
Кҿрмейсің бе шаттықтың 
Кҿктемі сенен тұр қашық!.. 
Тҿксе  де сҽуле  күн  кҿзі, 
Жайнамас ҿмір күндізгі! 
Ақан  жаңа  ҿкіметке  үрке  қарайды,  оның    «нұрлы  
болашағына»  сенбейді.  Ақан  мен  Бүркіттің    диалогында  
олардың  жан  сырлары  бар.  «Ақылдыдан  үйрену  – 
ақылдыға  құл  болу  деген  сҿз  меес.  Мен  де  Пушкинді,  
Лермонтовты, Толстойды, Достоевскийді  жақсы  кҿремін. 
Бірақ  одан  қазақ  халқының  несі  ҿзгереді? Жоқ, Бүркіт, 
халқыңның    мҽдениетке    жетіп    жоғалып    кеткенінен,  
мҽдениетсіз    отырып    бірлігін    сақтағаны    артық.  …Бірақ 
үйрену  бар да, илену  бар. Мен  иленуге  қарсымын». 
Осы    жолдардың  бұрынғы    социалистік    реализмнің  
қалыпты    принциптерімен    қалай    талданып    келгендігі 
бҽрімізге    белгілі.  Ол    ҿлшеммен    Ақанның    ұлтшыл,  
прогрестің    жауы  ретінде    бағаланғаны    сҿзсіз.  Автор  
қоғамдағы  ҿзгерістердің  Бүркіт,  Ақан,  Хасен  тҽрізді  үш  
ақынның    болмысына,    сана-сезіміне,  таным-түсінігіне,  
ҿмірлік    позициясына    қалай    ықпал  еткендігін    олардың  
ҽрқайсысының ҿзіне ғана  тҽн  характерлері,  адамдық ішкі  
ҽлемдері  арқылы  кҿркем    дҽлелдеп  берген.  «Жаңаны» 
мойындай    алмай    кеткен    ұлтшыл  Ақан,  «жаңамен»  
адасып  барып, қатерлі  ҿткелден  ҿтіп  барып тіл  табысқан  
Бүркіт,    сол  «жаңаның»    мҽнін  бірден  түсініп,    онымен  
қатар    аяқ    алысқан    Хасен  образдарында      сол    дҽуірде 
ғұмыр    кешкен    қазақтың  зиялы    қауымының,  ақын-
жазушыларының  ащы  тағдыры  жатыр.  

  91 
 
 
2.  Суреткер  және  тарихи  проза.  1960-жылдары 
жарияланған  қазақ  прозасындағы    жайлар    ҿткен    тарихқа 
байланысты  болып  келеді.  І.Есенберлиннің  «Қаһар» 
романы  (1969)  жарық  кҿрді.  Автор  сол  кезеңде  ҽлі 
«игеріле» қоймаған тың тақырыпқа барды. 
«Қаһар»  романы  –  қазақ  халқы  тарихының    бұралаң  
кезеңіндегі  асылдың  сынығы,  алыптың  тұяғы  Кенесары 
кҿтерілісіне  арналған  шығарма.  Бұл  роман  ҽдебиетіміздің  
кҿркем  дамуында  жаңа  дҽуір  ашқан  туынды  болды.  Бүкіл 
ҽдебиетіміз  бен  мҽдениетіміз  социалистік    реализмнің  
таптаурын,  жасанды  схемаларының  боданына  айналып  
жатқанда  бұл  романның  тарихи  жады  мен  санамызға 
саңылау  түсіргенін  ерекше  атап  ҿткен  жҿн. 
 «Тарихи 
тақырып 

ешбір 
ұрпақты 
енжар 
қалдырмайтын күрмеуі қиын,  бабы  қатты, қатпары  талай  
болат  соқаны  мұқалтатын тақырып». Тарихи  тақырыпта  
жазылған    туындылардағы  оқырманын  ең  алдымен 
қызықтыратын  мҽселе  -  тарихи  тұлғалардың  кҿркем 
образы,  тарихи  шындық  пен    кҿркем  шындықтың 
арақатысы.  Романға  арқау  болған  оқиға  –  қазақ 
даласындағы 
1837-1846 
жылдардағы 
Кенесарының  
бастауымен болған ұлт-азаттық кҿтеріліс. 
Кеңес  дҽуірінде  ҿзінің  ҽділ  бағасын  ала  алмаған 
тұлғаларымыздың  бірі  -  Абылай  ханның  немересі 
Кенесары  Қасымов.  Ҿйткені  Ресейдің  отарлау  саясатына, 
зұлымдық  ҽрекетіне  ұлыдержавалық  шовинизмге  қарсы 
кҿтерілген 
Кенесарының 
ұлт-азаттық 
кҿтерілісін 
империялық  сана,  кеңестік  таным    басқаша  қабылдауы 
мүмкін емес еді. 
Тарихи  романда  тарихи  шындық  жҽне  кҿркемдік 
шешім,  тарихи  тұлға  характері,  ұлттық  сана,  психология, 
мінез ұғымдарына ерекше мҽн берілді. 
«Қаһар» романы бірінші жазылса да, кейінгі жазылған 
«Алмас  қылыш»,  «Жанталас»  романдарының  жалғасы 

  92 
 
 
ретінде  қосылып,  «Кҿшпенділер»  роман-трилогиясын 
құрады.  І.Есенберлиннің  қазақ  ҽдебиетінде  тарихи 
тақырыптың  кҿтерілуіне,    ұлтымыздың    ҿткен    тарихын  
жандандыруға қосқан үлесі  шексіз. 
Шығармаға 
Кенесарының 
қазақ 
елінің 
саяси  
тҽуелсіздігін    сақтап  қалу  мақсатында    он    жыл    бойына 
созылған  кҿтерілісі  арқау болған. «Кенесары  қозғалысын 
түсіну  үшін мына жайтты  – кҿтерілісшілер  мен Ресейдің  
жақындасу    жолына    кедергі  болған  орыс  атаулыға    деген 
ұлттық    дұшпандық  емес,  Кенесары  жеңе  алмас  күш  – 
Ресейдің  отарлық  қанау  жүйесі бар  патша үкіметі екенін 
атап  айту  маңызды»,  -  дейді  белгілі  тарихшы 
Е.Бекмаханов.  
«Алмас қылышқа» қарағанда «Жанталас» пен 
«Қаһардың» кҿркемдік ҽлемі ҿзгеше, шежірелік, 
хроникалық стильден гҿрі кҿркемдеудің психологиялық 
талдау тҽсілі тҽн. Кенесарының қасына ерген ру 
басыларының, батырлардың  іс-ҽрекеттері ҿз шындығымен  
кҿрінген. Қасым тҿре, Иман, Тҿлебай, Жанайдар, Бұқарбай, 
Есенгелді, Саржан, шұбыртпалы Ағыбай, Наурызбай 
бейнелерін сомдауды ҽлеуметтік-психологиялық талдауға 
негіздеген. Сол дҽуірдегі халық тұрмысына тҽн кҿріністер, 
ерекше  сипаттар этнографиялық детальдар арқылы 
ашылады.  

  93 
 
 
Автор  тек  Кенесарыға  қатысты  жайларды  айтумен 
тынбай, бүкіл қазақ қоғамының ҿткені, болашағы жайында 
терең  ой  қозғайды. Романдағы  сюжет  пен  композицияның 
шығарма идеясын, кейіпкер характерін ашудағы кҿркемдік 
мҽні  ерекше.  Бұл    роман  поэтикасының    проблематика, 
тартыс,  образдар  жүйесі,  кҿркем  уақыт  жҽне  кеңістік 
тҽрізді категорияларымен тығыз байланысты. 
Романда екі жақты қанаудан – жергілікті ел билеушілері 
мен орыс отаршыларынан қысым кҿрген, мемлекеттің 
тҽуелсіз болуын  барынша  аңсаған  қазақ  халқының  ҿз 
ішінде де алауыздық туғызған жағдайлар кездесті. 
Екіжүзді, сатқын Ожар, Қараҿткелдің  аға  сұлтаны,  
халыққа  мейірімсіз,  мансапқұмар,  арамза Қоңырқұлжа 
мінезінің иірімдері,  іштеріндегі  қордаланып  қалған 
пасықтық, ішмерездік түп-тереңімен ашылған. 
Ташкенттің Есенгелді мен Саржанды  ҿлім жазасына  
қиған опасыз құшбегі Бегдербектің  айла-ҽрекеті - 
кездейсоқ  шешім емес,  Кенесары қозғалысын  күтіп  
тұрған  жеңілісті аңдататын  жағдай.  
«Қаһар»  романы  Абылайдың  ұрпағы  Кенесары 
Қасымовтың  ұлт-азат  кҿтерілісіне  арналған  роман.  Автор 
Кенесары  кҿтерілісінің  шығу  тҿркінімен  таныстырады. 
Туған  жерінен  қуылған,  ауыр  алым-салықтарды  тҿлеуден 
ҽбден  тамтығы  қалмаған  қазақ  рулары  Сейтен,  Жоламан, 
Байтабын, Тайман батырдың бастауымен ақпатшаға қарсы 
кҿтеріледі. Міне, енді осындай тұста Абылайдың немересі 
сұлтан  Кенсары  Қасымов  шегіне  жеткен  халық 
наразылығын  түсініп,  ҿзінің  барлық  күш-қажырын  елінің 
мүддесіне жұмсайды.  
Кезінде  Кенесары  Қасымов  қозғалысының  кеңестік 
идеология  тұрғысынан  кереғар  сипатталып  келгені  мҽлім. 
Бүгінгі  кҿзқарас  мүлде  ҿзшеге,  елдің  егемендігін  аңсаған 
К.Қасымов істеріне бүгін оң баға берілуде.  

  94 
 
 
Романда  ХІХ  ғасырдың  30-40  жылдарындағы 
Кенесары  қозғалысы  сҿз  болады.  Патша  отаршыларының 
қысымына  наразы  елдің  тҽуелсіз  хандығын  орнатуды 
кҿксеген  Кенесары  ҽрекетінде  ұлттық  мүдде  басым  еді. 
Романда  Қоқан,  Хиуа  хандықтарына  ұзақ  уақыт  тҽуелді 
болған  оңтүстік  қазақтырының  жай-күйі  айтылады.  Орта 
Азия  хандықтары  қазақтарды  таран-таражға  салуды 
кҿкседі.  Ташкенттің  құсбегі  Бегдербектің  жҽрдем,  кеңес 
сұрап 
барған 
Есенгелді, 
Саржанды 
қасындағы 
нҿкерлерімен  қоса  опасыздықпен  ҿлтіріп  жібергенін 
суреттейтін  тарау  осы  ақиқаттың  түп-тереңін  ашады.  Ҽрі 
қорқақ,  ҽрі  қу,  сатқын  Бегдербектің  шыншыл  бейнесі 
дараланған. 
Романда  Кенесарының,  оның  серіктері  -  ру 
басыларының,  қазақ  батырларының  ҿмірі  кҿрінген. 
Кенесары  қозғалысын  кеңес  дҽуірінде  хандықты  кҿксеген 
ҽрекет  деп  түсіндірді.  Шындығында,  ол  тҽуелсіздік  үшін 
белдескен күрес еді. 
Туындыда Кенесарының ерлігі мен парасаты кҿрінеді. 
Бегдербектің  опасыздығынан  кейін  ҽкесі  Қасым  тҿренің 
оны шабу керек деген шешімін Кенесарының тоқтатуында 
үлкен есеп бар еді. Ҿйткені, бір жағынан, Ресейден тҿнген 
қауіп  қинаса,  екінші  жағынан,  Орта  Азиядағы  қиындаған 
ішкі  жағдай  алаңдатты,  ал    бұл  қазақ  үшін  дҽл  сол 
жағдайда  қажеті  жоқ  еді.  Осыны  түсінген  Кенесары  ҿз 
бауырларының  кегін  ішінде  тоқтатады.  Кенесарының 
Ақмола  бекінісін  алғандағы  ерлігі,  Сыздықты  сынау  тұсы 
оның мінез қырларын ашып тұр. 
Романда  сонымен 
бірге  Кенесарының  белгілі 
батырлары:  Ағыбай,  Иман,  Тҿлебай,  Басықара,  Жанайдар, 
Бұхарбайдың  да  образдары  кеңінен  кҿрінген.  Ҽсіресе, 
Қараҿткелдің  аға  сұлтаны  Қоңырқұлжа  Құдаймендиннің 
халыққа  қаны  қас  мейірімсіздігі  мен  мансап  үшін  арын 
сататын  арамзалығы  анық  таңбаланған.  Қарынның 

  95 
 
 
тоқтығы,  киімнің  жылтырақтығы,  нҽпсіқұмарлық,    биік 
мансап  –  Қоңырқұлжаның  ең  шырқау  нысанасы. 
Қоңырқұлжаның  ҽйелі  Зейнеп,  баласы  Шыңғыстың 
қылықтары да оның сиқын аша түседі. 
Романда  халықтың  азаттық  жолындағы  күресін 
бейнелейтін  жарқын  беттер  мол.  Автор  бостандықты 
аңсаған,  бірақ  оған  жетуге  жағдайы  жоқ  халықтың 
басындағы трагедияны таныстыра алған. 
Шындығында,  бұл  –  жерден,  еркіндіктен  айырылған 
қазақ  елінің  бұлқынысы,  аласұрып  айбат  шегуі  туралы 
шығарма. Шығарманың бас қаһарманы – халық. 
Жазушы 
Қ.Жұмаділов 
«Таңғажайып 
дүние» 
ғұмырнамалық  романында  шығарманың  алғашқы  атауы 
«Хан  Кене»  болғандығын,  бірақ  жарыққа    шығуына  
кедергі  болғандықтан  «Қаһар»  деп  ҿзгертілгендігін  
айтады. 
Романда Кенесары  қозғалысының  жеңіліс  табу  
себептері  қазақ  жеріне қара  шеңгелін  салған  
отаршылардың  елімізде бекіністер  мен  бекеттер  салып,  
басқару  жүйесін  енгізіп,  жартылай жаулап алуымен 
байланысты болғанын  дҽлелді  кҿрсетеді. 
1960-жылдары ҽдебиетке келген қаламгерлер ҿзіндік 
кҿркем тҽжірибе, стиль, дҽстүр қалыптастырып, жаңа 
кҿркемдік-эстетикалық ізденістерге қол жеткізді. Ҽсіресе, 
роман жанры қарқынды дамыды. Олардың кҿркемдік 

  96 
 
 
деңгейлері ҽр түрлі болды. Бүкіл ҽдеби процесс сол күйінде 
партиялық  идеологияны басшылыққа алып отырды. Бұл 
ҽдебиетті ҿзіндік кҿркем даму заңдылықтарынан айырды. 
Бірақ соған қарамастан суреткерлер адам табиғатын кҿркем 
бейнелеудің тың тҽсілдерін, ҿзгеше концепциясын, 
классикалық үлгілерін қалыптастырып, биік 
интеллектуалдық дҽрежедегі  туындыларды дүниеге ҽкелді. 
Бұл жылдары қазақ ҽдебиетіне тарихи жанрда ерекше 
кҿркем құбылыс болып енген «Қаһар» романы ҿз 
жалғастығын тапты. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет