Қосымша әдебиеттер:
1.
Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы.-Алматы,1994.
2.
Бердібаев Р.Қазақ романы.-Алматы,1975.
3.
Елеукенов Ш. Ҽдебиет жҽне ұлт тағдыры.-Алматы,
1996.
4.
Дҽдебаев Ж. Ҿмір шындығы жҽне кҿркемдік
шешім.-Алматы,1991.
5.
Сыдықов т. Қазақ тарихи романы.-Алматы,1996.
6.
Рахымжанов Т. Романның кҿркемдік ҽлемі.-Алматы,
1994.
7.
Майтанов Б. Қазақ романы жҽне психологиялық
талда.-Алматы,1996.
8.
Хамзин М. Қазіргі қазақ романы.-Қарағанды, 2002.
9.
Ҽшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік. –Алматы,
1985.
10.
Ғабдуллин Н. Уақыт сыры.- Алматы:Жазушы,
1981.
11.
Қирабаев С. Ұлт тҽуелсіздігі жҽне ҽдебиет.-
Алматы:Ғылым,2001.
12.
Жұмағали З. Уақыт жҽне ҽдебиет.-Қарағанды,
1999.
155
Лекция 6. Қадыр Мырзалиевтің ӛмірі мен
шығармашылығы.
Жоспары:
1. Қ.Мырзалиевтің лирикасы. Ұлттық таным.
Адам және ұлттық рух. Поэтикасы.
2. Поэмаларындағы қоғам және адам, табиғат.
3. Қ.Мырзалиевтің драмаларындағы тарихи сюжет
және тартыс.
1. Қ.Мырзалиевтің лирикасы. Ұлттық таным.
Адам және ұлттық рух. Поэтикасы. Қадыр Мырзалиев
1935 жылы 5 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының Сырым
(Жымпиты) ауданында туған. 1958 жылы Қазақ ұлттық
университетінің
филология
факультетін
бітірген.
«Балдырған» журналында ҽдеби қызметкер (1958-1962),
«Жұлдыз» журналында бҿлім меңгерушісі, жауапты
хатшы, бас редактордың орынбасары (1962-1967),
«Жазушы» баспанасында қазақ поэзиясы бҿлімінің
меңгерушісі (1968-1973), одан кейін Қазақстан Жазушылар
одағында поэзия секциясының кеңесшісі болып істеді.
Республикалық «Балауса» балалар баспасы директоры
қызметін (1994) атқарды.
Қ.Мырзалиев
–
Қазақстан
Ленин
комсомолы
сыйлығының (1966), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
сыйлығының (1980), Монғолияның «Дарын» (АВЧЯАС)
атты Халықаралық ҽдеби сыйлығының (1993), «Махамбет»
атты сыйлықтың (1997), Республиканың тҽуелсіз «Тарлан»
сыйлығының (2004) лауреаты.
Қадыр Мырзалиев – Қазақстан Республикасының
халық жазушысы (1995). Ол Қазақ КСР Жоғары Кеңесіне
екі рет депутат болып сайланған (1985, 1990). Ол –
Қазақстан
Республикасы
Мемлекеттік
ҽнұраны
авторларының бірі (1992).
156
Ақын шығармалары КСРО халықтарының кҿптеген
тілдеріне жҽне ағылшын, француз, неміс, поляк, болгар,
венгер, монғол, фин тілдеріне аударылған.
Қ.Мырзалиев – ең алғаш ҿзінің шығармашылық жолын
балаларға арнап ҿлеңдер жазудан бастаған ақын. Ал,
балаларға арнап шығарма жазудың ҿзіндік ерекшелігі,
кҿптеген қиындықтары бар. Балаларға арнап шығарма жазу
үшін автордың балалардың мінез-құлқын, психологиясын,
қабылдау дҽрежесін жете білуі аса қажетті. Қадыр
Мырзалиев балалардың психологиясын, мінез-құлқын,
қабылдау ерекшелігін ҽбден зерттеп, біліп, меңгеріп барып,
шығарма жазумен айналысқан педагог жазушы екенін
танытты. Оның «Кҿктем» (1959), «Жаңғалақтар» (1960),
«Кішкене қожанасырлар» (1961), «Ноян қоян» (1962),
«Алуан палуан» (1963), «Сабақ» (1964), «Шымыр жаңғақ»
(1984) сияқты кітаптары ҿзінің идеялық-кҿркемдік
сапасының шымырлығымен қазақ балалар ҽдебиетінің
алтын қорына қосылған туындылар. Ақынның ҿлеңдері
баланың ұғымына жеңіл, оқуына оңай. Бҽрі де бала жүрегін
жаулап алатын, олардың жан-дүниесін тербетер, ҽдемі,
кҿрікті. Ҿмірге келген ҽр жасҿспірімнің білім қорын
байытып, ҿмірлік сабақ алуына ұйымды түрде тікелей
жҽрдемдесетін еңбекті. Жүрек, жан тазалығына, кісілікке,
инабаттылыққа, адалдыққа, ізгілікке, адамгершілікке,
қайырымдылыққа, мейірімділікке, қарапайымдылыққа,
достыққа, отансүйгіштікке баулып тҽрбиелейтін күш-қуаты
ұшаң-теңіз. Кҿркем ҿнердің аса маңызды саласы балалар
ҽдебиетінің ҿсіп-ҿркендеуіне Қадыр ақынның сіңірген
еңбегін
республика
жұртшылығы
лайықты
түрде
бағалаумен келеді. Оған дҽлел: оның балаларға арналған
кҿптеген
кітаптарының
қайта-қайта
басылып,
жеткіншектердің күнбе-күн қолдан тастамайтын рухани
игілігіне айналуы.
157
Қадыр
ақын
үнемі
адам
бойынан
ізгілікті,
жақсылықты, жарқын сипаттарды іздеп табуға ұмтылады.
Адам басындағы сол ұнамды қасиеттерді биік шабытпен
жырлайды. Оның ҿлеңдерінен ақынның адамға деген
шынайы сүйіспеншілігі, махаббаты жарқырап кҿзге түсіп
отырады.
Адамды,
адамдарды
ардақтап,
кҿкке
кҿтере
жырлаумен қатар, Қадыр ақын оның бойында бар
кемшіліктерді де кҿре біледі. Адамдарда жиі-жиі
ұшырайтын
ашқарақтықты,
тойымсыздықты,
қанағатсыздықты, ақша қуып байлықты арман ететін
дүниеқорлықты «Байлық» атты ҿлеңінде ақын ҿткір жыр
тҽсілімен түйреп отырады.
Арғы-бергі адамзат тарихындағы кҿп адамдардың
бойында бар жиіркенішті мінез – зұлымдық, арам залық
дегенге де қарсы Қадыр ақын жыр жебесін аямай боратады.
Қадыр – негізінен ұлттық ақын. Ұлттық ақын болғанда
қазақ халқының ақыны. Оның туған халқының арғы-бергі
ҿмірі, тіршілігі туралы (бүге-шігесіне дейін) жазған
ҿлеңдері ҿте кҿп. Сол ҿлеңдердің барлығын жинақтап
айтсақ, қазақ халқы ҿмірінің кҿркемдік шежіресі,
ҽдебиеттегі
образдар
тарихы
деуге
де
болады.
«Бабамыздың шоқ басқан табанымен атты ел аузында
жатталып кеткен атақты ҿлеңінде ол қазақ халқының
ғасырлар бойы қалыптасып қалған ұлттық ҽдет-ғұрпын,
мінез-құлқын, психологиясын, экономикалық, ҽлеуметтік,
саяси бейнесін тарихи шындыққа сай үлкен кҿркемдік
шеберлікпен суреттеп берілді.
Қадыр ақынның бірсыпыра ҿлеңдерінде жер бетіндегі
адамзаттың халыққа апат ҽкелетін қырғын соғысқа
қарсылығы бейбітшілік үшін қажырлы күресі суреттелген.
Тарихтағы басқыншылардың жойқын шабуылынан қиямет-
қайымды бастан кешіп, кҿп зардап шеккен, «мың ҿліп, мың
158
тірілген» (Жұбан Молдағалиев) қазақ халқының тағдыры
ақынды қатты толғандырады.
Ҽсіресе, Қадыр ҿлеңдерінде 1941-45 жылдардағы Ұлы
Отан соғысы кезіндегі кеңес адамдарының қаһармандығы,
тап болған алапат қиындықтарға тҿтеп берген тҿзімділігі,
ғажайып жігер-күш танытуы айқын да кҿркем бейнелермен
берілген («Аязға алма беті тыз етіп бір», «Басым жаудың
күшін біз», «Соғыс болса», «Бүйткен ҿмір құрысын»,
«Қырық екінші жылды басқа жазбасын!», «Азамат боп
дүниеге келгесін», «Мың шүйлігіп талай нҽпсі – күшіген»,
«Бір кісідей соғыстық», т.б.). Бұл ҿлеңдерден Қадыр
ақынның ҿзі қатар тұрғыластарына, ҽріптестеріне
ұқсамайтын, ҿзіндік мҽнері, тапқырлығы байқалады.
Ҽсіресе, үлкен оқиғаларды шағын-шағын ҿлең шуағымен,
кҿркем деталь, штрихпен беруге ақын шебер. Бұрын-соңды
ешкімнің аузынан шықпаған тың образды сҿздер деақын
ҿлеңдерінде жиі ұшырайды.
Қадыр Мырзалиев – достық атты адамдар бойындағы
ең бір асыл қадір-қасиеттің жыршысы. Оның «Миым менің
қажығанда», «Досым болсаң!», «Айтқан бойда еретің»,
«Танып ниет теңізін», «Тағдыр мұны тілемесің, тілесін»,
«Келесің істен қалжырап», «Жолдас үшін үй жақын»,
«Күдерінді досыңнан үз дегенде», «Талай-талай қызуыңнан
от алдым», «Егер сүю күнҽ болса», «Тек биік деп» сияқты
ҿлеңдерінде адамдар арасындағы достық сезімнің алуан-
алуан ҽдемі суреттері бар.
XX ғасырдың 60-жылдарынан бергі жарты ғасырға
жуық ақын шығармалары ересек оқырмандарға арналды.
1965 жылы жарық кҿрген «Ой орманы» атты ҿлеңдер
жинағындағы мазмұны терең, кҿркемдік дҽрежесі биік
ҿлеңдерімен-ақ ақын қалың оқырманның жылы ықыласына
бҿленіп, бірден ҽдеби қауымға жете таныла бастады. Оған
дҽлел - 1966 жылы «Ой орманы» ҿлеңдер жинағы үшін
ақынға Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының берілуі.
159
Одан кейінгі жылдары ол ҿндіре жазып, кҿптеген ҿлең
кітаптарын бастырды. «Дала дидары» (1966), «Бұлбұл
бағы» (1967), «Ақ отау» (1968), «Домбыра» (197),
«Алақан» (1977), «Қорамсақ» (1980), «Кҿкпар» (1981),
«Күндер-ай» (1984), «Күміс қоңырау» (1985), «Қызыл
кітап» (1986), «Қылыш пен қанжар» (1991), «Мҽңгі
майдан» (1992), «Заман-ай» (1997), «Еңіреп ҿткен ерлер-
ай» (2001) т.б.
2001 жылы «Қазығүрт» баспасынан Қадыр ақынның
таңдамалы туындыларының 12 томы жарық кҿрді. Сан
жағынан да, сапа жағынан да осыншама мол ҽдеби
мұрамен жиырмасыншы ғасырдағы қазақ ҽдебиетінің
байлығын молайта түскен ақын халықтың рухани
мҽдениетінің байып, биіктей беруіне орасан зор еңбек
сіңірді. Оның шығармаларының тақырыптары да ҽр алуан.
Алайда, ҿлеңін қай тақырыпқа арнаса да, Қадыр ақын
негізгі нысанасы адамды, оның еңбегін, дҽстүрін, тұтастай
тұлғасын танытуға ұмтылады. Бұл - бүкіл ҽдебиеттің
тақырыбы екені де рас. Алайда, ақын біткеннің негізгі
тақырыбы ортақ болғанмен, олардың ҽрқайсысының
ҿзіндік ерекшелігі де болатыны даусыз. Адамды жырлауда
Қадыр ақынның да ҿзіндік ерекшелігі, ҿзіндік мҽнері,
кҿркемдік қолтаңбасы айқын кҿзге шалынады. Мҽселен,
адамның жан дүниесінің алуан-алуан сырлары бар екенін,
адам ҿмірінің күрделілігін ақынның ҿзінше жыр ҿрнегіне
түсіруге талпынуын кҿреміз.
Үңіліп кҿр адамдардың ойына,
Кҿрем десең жунглидің кҿкесін!
Адамдардың ой-сезімі, жан-дүниесі, ақын айтқандай,
жунгли екені рас. Адамды жырлағанда, сол жунглиден
адаспай,
аман-есен
шығуға
ақындық
тапқырлық,
шеберліктің аса қажет екені рас. Ҽр дҽуірдегі, ҽр қоғамдағы
ҿмір кешкен адамның кҿркем бейнесің, ой-сезім ҽлемін
160
жырлауда Қадыр ақынның тапқан табыстары, жеңісі аз
емес.
Адам боп оңай туғанмен,
Адам боп қалу кҿп қиын! -
деп ақын дұрыс толғанады.
Қадыр
ақын
үнемі
адам
бойынан
ізгілікті,
жақсылықты, жарқын сипаттарды іздеп табуға ұмтылады.
Адам басындағы сол ұнамды қасиеттерді биік шабытпен
жырлайды. Оның ҿлеңдерінең ақынның адамға деген
шынайы сүйіспеншілігі, махаббаты жарқырап кҿзге түсіп
отырады.
Күндіз-түні сабылып, ертелі-кеш індетіп,
Тек жақсылық, жақсылық іздеу - менің міндетім.
Мен жақсылық іздеймін қызу қанның ҿзінен,
Мен жақсылық іздейміп бұзылғанның ҿзінен.
Мен жақсылық іздеймін қаскүнемнің ҿзінен,
Мен жақсылық іздеймін маскүнемнің ҿзінен.
Мнп жақсылық іздеймін!
Ҽрлі-берлі із кесіп,
Жамандықты іздесе,
Оңбағандар іздесін! - деген ақын жүрегінен жарып
шыққан жыр жолдары сендіреді де, сүйсіндіреді де.
Сезетұғын сияқты осы бастап бекем ұл
Дүниенің тұтқасы Адамдарда екенін! -деп Қадыр ақын
жер бетіндегі барлық қоғамның тетігі, тіршілігі, бет-
бейнесі адам деп біледі.
Кҿресінің кҿкесін кҿрген де - Адам.
Кҿк құрышты қамшы ғып ҿрген де - Адам.
Найзағайдай атылған жолбарыстың
Жағын қолмен айырып берген де - Адам!
Күн нұрына арманын малған да - Адам.
Жақсылықпен бір тыныс алған да - Адам.
Құлап түскен торғайдың балапапын
161
Ұясына кҿтеріп салған да - Адам! - деп ақын
адамдардың жасампаздық тұлғасын, құдірет күшін, ҽдеби
ұлы бейнесін жыр ҿрнегіне дұрыс түсірген.
«Адамды адам еткен - еңбек» деп данышпан бекерге
айтпаған. Ұлы Абай да «Еңбек етсең, ерінбей, тояды
қарның тіленбей» деп адам атаулының биік қалпы еңбек
арқылы танылатынын дҽл тауып айтып кеткен. Поэзия
тарихындағы барлық ақын да ҿз ҽлінше адамдардың еңбек
үстіндегі тұлғасын кҿрсетуді дҽстүрге айналдырған. Қадыр
ақын да сол дҽстүрді ҿзінше толықтыра түсуге бар күшін
жұмсағаны оның шығармашылық жолынан байқалады
(«Теріңді намыс сыдырсын», «Қалада да, далада да, айда
да», «Жараспайды жақсыға құлқын егес», «Құдіретін
ақылдың сенер ішім», «Телегей боп қызыл қан далада
аққан», «Қалампыр сіңген балғынға», «Шаруанды сенің
мыңдаған», «Жҽй ғана сҿз», «Жұмыс қана - даруы
толғаныстың», «Кҿңілі аппақ қабығындай хатыңның»,
«Тағы кіріс ісіңе», «Бүгін де сол кешегі» т.б.).
Қалада да,
Далада да,
Айда да,
Уа, тіршілік,
Сенің ғана пайдаңа
Жержаһанды қалауынша құлпыртып,
Жұмыс жасап жатқап жандар қайда да.
Ылғи ғана бсйнет дҽмін татқандар
Күн боп батып,
Таң боп қайта атқандар.
Қайда барсаң,
Қашап барсаң, - деп ақын ҽр саладағы еңбек үстіндегі
адамдарға сүйсінеді, олардың - еңбек адамдарының ҽдеби
кейпін романтикалық толғаныспен, тебірене жыр етеді.
162
Еңбек - адамдарды, халықты ҿсіретін, алдына қойған
арман-мұратына жеткізетін құдірет күш екенін Қадыр ақын
шығармаларыңда жеткізе айтқан.
Жадау тірлік, марғаулықты мұра ғып
Жата берген бүктетіліп, бұралып,
Қазақ жері ұйқысынан оянды –
Ұйқысынан оянды енді бір алып.
Адамды,
адамдарды
ардақтап,
кҿкке
кҿтере
жырлаумен қатар, Қадыр ақын оның бойында бар
кемшіліктерді де кҿре біледі. Адамдарда жиі-жиі
ұшырайтын
ашқарақтықты,
тойымсыздықты,
қанағатсыздықты, ақша қуып байлықты арман ететін
дүниеқорлықты ақын ҿткір жыр тҽсілімен түйреп отырады.
«Байлық» атты ҿлеңіндегі ақынның:
Ақша қуған адамдарда жоқ сенім,
Бар арманы - алтын ұстап ҿтсе күн.
Ажалменен жатқанда да айқасып,
Ҿзін қойып, Сені ойлайды Тек сені!
Саған құштар дүниенің бар сұмы,
Бұл айтқаным ождан сыны, ар сыны,
Мен ҿзіңе қарсы емеспін,
Мен саған
Құл болуға,
Күң болуға қарсымын! - дегенін айналамыздағы
байлықтың соңына түспейтін миллиондаған қарапайым
адамдардың барлығы да құптайтын, мақұлдайтын болса
керек.
Арғы-бергі адамзат тарихындағы кҿп адамдардың
бойында бар жиіркенішті мінез-зұлымдық, арамзалық
дегенге де қарсы Қадыр ақын жыр жебесін аямай боратады.
Арамзалық-зұлымдықтан кҿшірме,
Сен келесің кҿшірмені ҿшірмей.
Біреу сенің иттігіңді кешірсе,
163
Сен біреудің кісілігін кешірмей.
Қайғы-құса кҿрмеген соң кеміріп,
Қырау түспей кҿңіліңе ҿмірі,
Ер жыласа, соған іштей мҽз болып,
Ел жүдесе, қаласың сен семіріп!
Сұмырайға бола қалса тапшылық,
Сені сайтан алар еді хатшы ғып.
Бҽрін, бҽрін білесің сен ҿмірде,
Білмейтінің бір-ақ нҽрсе - Жақсылық!
Ҿліп-ҿшіп, ҿп-ҿтірік кемсеңдеп,
Ҿлесің сен жұрттан кейін, ҿлсең де.
Анаң түгіл сатар едің Аллаңды,
О бастан-ақ болмаған ғой ол сенде!
Соны ойласам, боран ұлып жанымда,
Кҿңілімді басады бір қалың қар...
О зұлым-ай!
Сен тұрғанда
Ҿзімнің
Қалай тірі жүргеніме таңым бар! - деген ақынның
айбынды да ҿткір жыр шумақтары адамдар бойындағы
кесір-кесапатты жеріне жеткізе ҽшкерелеп түр.
Қадыр - негізінен ұлттық ақын. Ұлттық ақын болғанда
қазақ халқының ақыны. Оның туған халқының арғы-бергі
ҿмірі, тіршілігі туралы бүге-шігесіне дейін жазған ҿлеңдері
ҿте кҿп. Сол ҿлеңдердің барлығын жинақтап айтсақ, қазақ
халқы ҿмірінің кҿркемдік шежіресі, ҽдебиеттегі образды
тарихы деуге де болады. «Бабамыздың шоқ басқан
табанымен» атты ел аузында жатталып кеткен атақты
ҿлеңінде ол қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасып
қалған ұлттық ҽдет-ғұрпын, мінез-құлқын, психологиясын,
экономикалық, ҽлеуметтік, саяси бейнесін тарихи
164
шындыққа сай үлкен кҿркемдік шеберлікпен суреттеп
берді.
Бабамыздың шоқ басқан табанымен,
Бірдей екен жақсысы жаманымен:
Бір жаманы - тынымсыз кҿше берген,
Бір жақсысы - қимаған даланы кең.
Бір жаманы - жел сҿзге ерген екен,
Бір жақсысы - тілге ерік берген екен.
Бір жаманы - кетпенге орашолақ,
Бір жақсысы - найзагер, мерген екен.
Бір жаманы - кешігіп ҽліппе ашқан,
Бір жақсысы - күйлері кҿбік шашқан.
Бір жаманы - қыздарын малға сатып,
Бір жақсысы - сүйгенін алып қашқан.
Бір жаманы - шаруасын маңдытпаган,
Бір жақсысы - қулықпен жанды ұтпаған.
Бір жаманы - үйленіп жеңгесіне,
Бір жақсысы - жесірін қаңғытпаған.
Тату-тҽтті кҿршілер шыр бұзбаған,
Бірге тоңып суықта, бір мұздаған.
Бір жаманы - сонда да үй салмаған,
Бір жақсысы - абақты тұрғызбаған!..
Қазақ халқының кҿшпелі дҽуірдегі тіршілігі туралы
осы бір хрестоматиялық жырды ҽдебиет классигі Ғабит
Мүсірепов ерекше ұнатып, жоғары бағалаған. Ақынның
бұл ҿлеңін тек Ғабит Мүсірепов ғана емес, бүкіл ҽдебиет
қауымы қазақ поэзиясының классикалық туындысы деп
таныды. «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру»
атты ҿлеңінде де қазақ халқының жарқын образы бар.
Алайда бір ескеретін жай: бұл ҿлеңде қазақтардың
адамгершілігі, меймандостығы, ҿнегелі, биік қалпы жыр
ҿрнегіне түскен.
165
Ҿз елін, халқын ҿлшеусіз махаббатпен, жан-тҽнімен,
жалынды жүрегімен беріле сүюдің үлгі-ҿнегесін де Қадыр
Мырза Ҽли ҿлеңдерінен танимыз.
Айдарымнан сипап ҿткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем!
Асқар тауын аспанымен астасқан
Қазағымның мҽртебесі деп білем!
Күннің нұрын, айдың ҽппақ сҽулесін
Қазағымның махаббаты деп білем! -
деген ҿлең жолдары ақынның ҿз халқына деген
перзенттік сүйіспеншілігін, патриоттық шынайы сезімін
білдіреді. Қадыр ақынның бірсыпыра ҿлендерінде
жер бетіндегі адамзаттың халыққа апат ҽкелетін қырғын
соғысқа қарсылығы, бейбітшілік үшін қажырлы күресі
суреттелген.
Тарихтағы
басқыншылардың
жойқын
шабуылынан қиямет-қайымды бастан кешіп, кҿп зардап
шеккен, «мың ҿліп, мың тірілген» (Жұбан Молдағалиев)
қазақ халқының тағдыры ақынды қатты толғандырады. Ол
арғы-бергі тарихтағы Шыңғысхан, Бату, Наполеон,
Муссолини сияқты басқыншы қолбасшылардың қолымен
жасалған жауыздық ізін жырға қосады, айуандықты
айыптайды.
Ҽсіресе, Қадыр ҿлеңдерінде 1941-45 жылдардағы Ұлы
Отан соғысы кезіндегі кеңес адамдарының қаһармандығы,
тап болған алапат қиындықтарға тҿтеп берген тҿзімділігі,
ғажайып жігер-күш танытуы айқын да кҿркем бейнелермен
берілген («Аязға алма беті тыз етіп бір», «Басым жаудың
күшін біз», «Соғыс болса», «Бүйткен ҿмір қүрысын»,
«Қырық екінші жылды басқа жазбасын!», «Азамат боп
дүниеге келгесін», «Мың шүйлігіп талай нҽпсі - күшіген»,
«Бір кісідей соғыстық», т.б.). Бұл ҿлеңдерден Қадыр
ақынның ҿзі қатар тұрғыластарына, ҽріптестеріне
ұқсамайтын, ҿзіндік мҽнері, тапқырлығы байқалады.
Ҽсіресе, үлкен оқиғаларды шағын-шағын ҿлең шумағымен,
166
кҿркем деталь, штрихпен беруге ақын шебер. Бұрын-соңды
ешкімнің аузынан шықпаған тың образды сҿздер де ақын
ҿлеңдерінде жиі үшырайды.
Соғысқа қарсы жазылған ақын ҿлендерінің түйіні
біреу: ол-жер жүзіндегі барлық адал ниетті адамдарды
бейбітшілік үшін күреске үгіттеу.
Қадыр Мырза Ҽли - достық атты адамдар бойындағы
ең бір асыл қадір-қасиеттің жыршысы. Оның «Миым менің
қажығанда», «Досым болсаң!», «Айтқан бойда еретін»,
«Танып ниет теңізін», «Тағдыр мұны тілемесін, тілесін»,
«Келесің істен қалжырап», «Жолдас үшін үй жақын»,
«Күдеріңді досыңнан үз дегенде», «Талай-талай қызуыңнан
от алдым», «Егер сүю күнҽ болса», «Тек биік деп» сияқты
ҿлеңдерінде адамдар арасындағы достық сезімнің алуан-
алуан ҽдемі суреттері бар. Адам бойындағы достық атты
қасиетті, киелі сезімді жырлағанда Қадыр бұрын-соңды
қазақ поэзиясында ұшырайтын кҿптеген кҿркемдік
бояуларды қайталамайды. Ол тың поэтикалық ҿрнектерді
табуға ұмтылады.
Мен отырған жерде саған кең жайлау,
Сен отырған жерде маған еркіндік.
Сен отырған жерде маған рахат,
Мен отырған жерде саған кҿңілді.
Бір телефон ҿмірде
Жатқа білсем, сенікі.
Туған күнін біреудің
Ұмытпасам, сенікі.
Шақыртпай-ақ баратын
Үйім болса, сенікі.
Басқаларға бұлдайтын
Тҿрім болса, сенікі.
Ҿмір бойы толмайтын
Орын болса, сенікі.
167
..Дос дегенде ҿртеніп ҿл, жанып ҿл,
Ҿзің үшін мына менің жаным кҿл.
Жылғақұмар жаңбырдың, суындаймыз
Бірімізді біріміз іздегенде.
Біріміз күн, біріміз інжу тастай
Жайнап сала береміз жолыққанда.
Қақ жарылган бір тұтас маржандаймыз,
Қиюласа қаламыз тілдескенде.
Ҽрі қожық, ҽрі сенің құлыңмын,
Сендей досы болса деймін ұлымның!
Бұл адамдар арасындағы шынайы достықты жырлау
үстінде ақын тапқан қазіргі қазақ поэзиясындағы жаңа
кҿркемдік-бейнелеу құралдары, тың да мҽнді-мазмұнды
поэтикалық ҿрнектер.
Адамдар арасындағы достық қарым-қатынас -
жұмбағы кҿп аса күрделі құбылыс, құбылмалы процесс.
Ҿмірде дос болып жүріп қас болудың, ҽрбір сын сағатта
достықтан айнып шыға келудің де неше түрлі кҿріністері
бар. Міне, Қадыр ақынның осы бір ұнамсыз жайттар
жайында жазған реалистік толғауы да тартымды
(«Ажыратар алыс пенен жақын», «Қуаныштың қызыл гүлін
екпек ек» т.б.).
Жеке адамдар арасындағы достық туралы ҿлеңдермен
қатар, Қадыр халықтар арасындағы қасиетті, қадірлі
достыққа да ҿзінің кҿп ҿлеңдерін арнаған («Орыс досыма»,
«Цыган жыры», «Ҿзбек ҿңірінде», «Қырғыз құшағында»,
«Тҽжік топырағында», «Түрікмен тҿрінде»).
Бұл ҿлеңдерінде ақынның қазақтардың достыққа
дегеңде аса қабілетті, ҿте берік, ешқашан айнымайтын
ақжүрек адалдығын жақсы суреттеген. Ол таптаурын
болған кҿптеген бейнелеуден бойын аулақ ұстап, тың
кҿркемдік образдар, жаңа теңеу, ұтымды метафоралар
табуға ұмтылады.
168
Халықтар арасындағы достық ел басына қауіп-қатер
тҿнгенде сынға түсетінін жақсы білетін ақын «Мың бір
сілкініс» атты ҿлеңінде Ташкент жер сілкінісінен адам
айтқысыз азап шеккен ҿзбек қасіретін жырлайды.
Жеке адамдарға арнап ҿлең жазу - қазақ поэзиясында
ежелден үзілмей келе жатқан дҽстүр. Махамбет, Абай
шығармаларында кемелденіп, еңсесі биіктей түскен бүл
кҿркемдік үрдістің жиырмасыншы ғасырдағы қазақ
поэзиясында жалғаса түскені де баршаға аян. Сол дҽстүрді
ілгерілете түскен ақындардың бірі - Қадыр Мырза Ҽли
туған еліне ҿлшеусіз еңбек сіңірген, ел тарихынан іргелі
орын алған халықтың батырларына, ҿнерпаздарына,
ақындарына арнаған Қадырдың ҿлеңдері аз емес.
Достарыңызбен бөлісу: |