Романның басты арқауы – қазақ даласының рухани
ӛмірі, халықта әлеуметтік-саяси сезімнің пайда
болуы. Бұл жайт Арал маңындағы балықшы
ауылдың ӛмірі арқылы кӛрінеді. Роман қазақ
жерінің бір бӛлігін қамтып-ақ, бүкіл Қазақстанның
әлеуметтік ӛмір шындығын кӛз алдыңа елестетеді.
50
Дәурені бітіп, дәм-тұзы таусылып бара жатқан қоғам
тарих сахнасынан оңайлықпен түспегені мәлім. Үш
кітап бойы Тәңірбергендер әулетінің дәуірлеп тұруы
да тарихи шындыққа қайшы емес. Тәңірбергендер
әлсіз болса, тӛңкеріс, күрес қажет болмас еді. Жаңа
қоғамның оңай құрылмағандығын жазушы дұрыс
кӛрсеткен. Еламан, Қалендерді ширықтырған да -
Тәңірбергендер.
Романдағы характерлер арасындағы тартыс кҿкейде
қалып қояды. Ол – Еламан мен Тҽңірбергендер тобының
арасындағы бітіспес тартыс, яғни жекелеген адамдардың,
сонымен бірге белгілі бір отбасының басындағы тіршілік
тыныс арқылы бүкіл бір дҽуір келбетін танытып тұр.
Қален, Еламан, Тҽңірбергендер - ҽдебиеттің образдар
галереясына қосылған соны характерлер. Рай, Дос, Мҿңке,
Кенжекей, Айғанша, Ақбала, Сүйеу, Судыр Ахмет,
Қарақатын, Құдайменде, Ебейсін - ҿзіндік мінездерімен
кҿрінген бейнелер.
Негізгі
орталық тұлғалар
–
Еламан,
Қален,
Тҽңірберген. Сұлу мұртын кербездікпен ширата отырып,
тҿңірегін бағдарлап, жұрттың кҿңіл-күйін барлап барып
қана сыздап сҿйлейтін Тҽңірберген, алмастай ҿткір, қайсар
мінезді Қален, сабырлы, нені болса да ақылмен істейтін
Еламан нағыз ұлттық характерлер дҽрежесінде шыққан.
Автор ҿзінің философиялық толғамдарын осы үш
кейіпкердің ішкі толғаныстары арқылы береді. Еламан
образы ҽлеуметтік оқиғалар үстіндегі іс-ҽрекеттен гҿрі,
ішкі монологпен берілген ой-толғаныстар арқылы
тереңірек ашылған.
Еламанның Федоров (тантек Шодыр) атты бай
орыстың Арал теңізі жағасынан ашқан промсолына кетуіне
себеп болған оқиға – Құдайменде бай мен екеуінің
арасында болған жағдай. Жеті жыл байдың малын бағып,
Еламан қайын атасы Сүйеудің үйіне кеткен түні байдың
51
жылқысына қасқыр шауып, бір жүйрік ат шығын болады
да, Құдайменде оны қамшымен соққыға жығады. Осы
оқиға оның жанын жаралап, бойында кек ұшқынын
тудырады, намысын оятады. Еламанның Құдаймендеден
кетуі, кейін Федоровтың озбырлығына тҿзбей «темір
сүйменді құлаштай сермеуі» оның санасының ҿсуін
танытады. Сібірге айдалар алдында Еламан осылай
кҿрінеді. Түрмеден қашып келгеннен кейін де ел ішіндегі
ауыр жағдайды кҿрген Еламан бірден күреске бастап
кетпейді. Бұл жолға бірте-бірте келеді. Қол жинағанмен де
ойы жүзеге аспайды, ҿйткені болыс астыртын жіберген
Ебейсін мен екі жігіт Еламанды қапылыста қолға түсіреді.
Ақырында інісі Рай екеуін түрік еліне ҽскерге жібертеді.
Осындай ҿмір сергелдеңнен кейін ол жаңа ҿмірді
орнықтыру жолындағы күреске белсене араласады.
Трилогияда образы барынша ашылған бейне –
Тҽңірберген. Оның адаммен күрделі қарым-қатынасы,
адамға сергек, секемшіл кҿзқарасы, бҽрі де жан-жақты
бедерленген. Еламанды ағалап отырып Ақбалаға
жауықтырып, араларына от салуы, Дос сияқты ҽлжуаз
жанды тобынан бҿліп алып, балықшылардың арасын
екіге бҿлуі, Судыр Ахмет, Ебейсін, Қалауларды
пайдаланып, кісі қолымен от кҿсеуі, болыс ағасы
Қаратазды қақпақылдай қағып, алақанында ұстауы –
Тҽңірбергеннің зұлымдығына құрық бойламайтын адам
екенін, күрделі мінездің иесі екенін танытса керек.
Автор бұл образды тек қаралау жолымен жасамаған,
күнгейі де бар. Оның бойынан адамшылық ұшқынын
кҿресіз. Тҽңірбергеннің серілігі, сұлулыққа іңкҽрлігі,
намысқойлығы оның характер сырын тереңдете түседі.
Генерал Беловтың ҽскері ҿз ауылын тонаған кезде
ағасының ҽйеліне ара түсуі осыған дҽлел. Ол – ашынған
намыстың кҿрінісі.
52
С.Ҽшімбаев: «Тҽңірберген образы Құнанбай мен
Игілік сынды сом бітімді образдардың қатарында
тұратындай ҽлеуметтік тип дҽрежесінде шыққан»,-дейді.
Жазушы кҿркем детальді ұтымды пайдаланады.
Мҽселен Тҽңірберген мен Ақбаланың арасындағы сезімнің
шыншылдығы,
немесе
Тҽңірбергеннің
Ақбаладан
суынуының дҽлелі, оның Айғаншаны кҿрген сҽттегі
сезімінің нанымдылығы психологиялық детальда жатыр.
Романда ақтардың генералдары Колчак, Дутов, Белов,
Мюлгаузендердің характерлері де шынайы дараланған.
Роман революция тақырыбына жазылса да, революцияның
атыс-шабысты, даңғазалы, шулы кҿрінісіне арбалмай, адам
санасының ояну эволюциясына бойлатады, ҽлеуметтік,
философиялық,
моральдық
проблемаларға
кҿңіл
аудартады.
Романның алғашқы кітаптары жарияланғаннан кейін
сын жазған сыншылардың біразы осындағы Ақбала
характері ҽлі де айқындала келіп, бас кейіпкерінің бірі
болуға тиіс деген айтқан-ды. Автор оны бұл деңгейде
тұлғаландыра алмаған. Ақбала күйкі-күйбең іс-ҽрекет
үстінде, от басы, ошақ қасы тҿңірегінде ғана қалып қояды.
Бірінші кітапта Еламан айдауда жүргенде, бауырындағы
алты айлық нҽрестесін ҽке-шешесіне тастап, Тҽңірбергенге
тоқалдыққа қашып кетеді де, екінші кітапта Тҽңірберген
оны қоя беріп, Ақбала Шалқарға келеді де, Ҽнуар деген
ҽлжуаз біреумен қол ұстасады. Шалқарда кездейсоқ
Еламанға жолығып, ол Ақбаланы жұмысқа орналастырады.
Романдағы Ақбалаға қатысты оқиғалар осы ғана. Романда
оның ішкі толғаныстары, күйініш-күйзелісі, психологиясы
сараң беріледі. Жан дүниесінде ҿтіп жатқан ҿмір
соққыларынан кейінгі құбылыстарды кҿрсету жағы жұтаң.
Шындығында, оның басынан ҿткендері - бір адам үшін
осал жағдайлар емес. Сҿйтсе де, Ақбаланың жан дүниесі
53
бір қалыпта қалады. Ҽр түрлі ситуациядағы характер
құбылысын байқау қиын.
Роман туралы сын жазған С.Ҽшімбаев:«Қазақ ҽйелінің
рухани күшін басқаларға Қарақатындар емес, Ақбала,
Айғанша сияқты образдармен танытуға болмас па еді?
Романда жазушы қазақ ҽйелінің рухани мықтылығын, ҿз
мҽнінде толық кҿрсете алмаған», - деп сынайды.
Ал Еламан күресуді кітаптан оқып емес, не болмаса
орыстан
Селиванов,
Ознобин,
Мюлгаузен
тҽрізді
социалистік-демократиялық
ойдың
сабағын
алған
жұмысшы революционерлер үйрену арқылы емес, ҿмірдің
тауқыметін, азабын бастан кешіп, ҽлеуметтік теңсіздіктің
сырын ұғып барып, қоғамдық-саяси аренадан ҿз орнын
тапты. Халық қамын жеген Еламан, Қален ұлты үшін
аянбай еңбек етеді.
«Қан мен терде» айналасы үлкенді-кішілі сюжет
тармақтары түйісетін Еламаннан басқа да бір кейіпкер бар.
Ол – Тҽңірберген. Тҽңірберген – жағымсыз тип. Бұрынғы
таптың кҿзқарас қазіргі нарықтық дүниетаным тұрғысынан
да оңып тұрған адам емес. Трилогияны қазір оқығанда да
байқалатыны, автор Тҽңірбергенді байлығы үшін жерлеп
отырған жоқ. Бұл бейне таптық тұрғыдан емес, жалпы
адамгершілік тұрғыдан ҽшкереленген. Перзент ретінде оны
Тҽңірдің, Құдай тағаланың бергені рас. Малын ше? Оны
Құдай берді дей алмайсың. Дей алмайтының – кісі еңбегін
жегіш. Оның үстіне ұры ұстайды. Түрікменнің жылқысын
ҽлденеше рет айдатып алып, кҿршілес екі елдің арасына от
жағады. Түркімендердің қазақ ауылын шауып жүргені осы
байдың кеселінен.
Қалаға тоң балық апаратын кірешілердің тең жартысы
– Тҽңірбергендікі. Кіре тартқан түйелер соныкі. Романның
сынайтыны Тҽңірбергеннің бұл тірлігі емес. Оның тым
құнығып кеткендігі. Қала байы, промысел қожасы Темірке
екеуінің шалқар теңізді меншіктеніп, басқа халыққа күн
54
кҿрсетпеуі. Кҿзі топырақтан басқа ештеңеге тоймайтын
тиранға айналып бара жатқаны. Сол қаралықтарын роман
сықақ тілімен қариды.
Тҽңірберген ел бірлігін кҿп сҿз етеді. Адалдықты,
тазалықты дҽріптеуге құштар. Іс жүзінде ел ішіне іріткі
салушы нағыз қызыл кҿздің ҿзі. Тып-тыныш отырған
балықшылар ауылын екіге жарып, бір-бірімен ҿштестіріп,
қастастырып қояды.
Тұрмыс жағынан да азып біткен. Күйдім-жандым деп
алып қашқан Ақбалаға кҿрсеткен қиянаты, баласынан
айырып, қоя беруі оның қатыгез келбетін толықтыра
түседі. Ақбаланы үйден түріп шыққан күннің ертеңінде
қаннен қаперсіз ел аралап кетеді. Бұл дүниеде Ақбала
дейтін ҽйелінің болғанын тарс естен шығарғандай. Бұл
қаталдығына Тҽңірбергеннің ҿзі де таң қалады.
Құрбандығын жұтып алған қолтырауын екеш қолтырауын
да кҿзіне жас алады екен. Ал, Тҽңірберген ҿз тас
бауырлығына ҿзі тҽнті... Жҽне сол мінезін мақтан еткендей
ме, қалай?
Еламан іштей жуылса, Тҽңірбергенді кір басады. Сол
ластығына ҿзі сүйсінетін мұндай жан – қазақ ҽдебиетінде
бұрын кезбеген кейіпкер. Құнанбай да қатыгез, бірақ дҽл
мына Тҽңірбергендей сырты бүтін, іші түтін, су жұқпас
мүттайым, баянсыз қара жүрек емес.
«Қан мен тер» трилогиясы Тҽңірберген тағдырының
соңғы күндерін суреттейтін үлкен тараумен аяқталады.
«Ақтар Аралдан шегінгелі Тҽңірберген тҿтен бір халде».
Ҿстіп басталатын тарау тұтастайын ішкі монологтен
тұрады. Тҽңірберген бар дүниеден баз кешкен. Аяр залым,
айлакер қу бұрын ойына алғанын істемей қоймаушы еді.
Иті қырын жүгірген соң амалы құрыды. Не істесе де,
ойлағынан кері шығады. Ҿзінің халіне кҿлденеңнен
тосырқай қарайтынды шығарған. Ішкі монолог ұйтқыған
құйындай.
55
Жаны күйзелген Тҽңірберген ҿзімен-ҿзі ішкі диалогке
кірген мезетінде тірі пенденің істеп жүрген ісінің бҽрін
тҽрк ететіндей. Бара-бара ҿмірдің ҿзінен түңіледі.
«Бір айналдырғанды – шыр айналдыратыны» рас екен.
Жолдан кҿрген азабы аздай, зауалды күн енді
Тҽңірбергеннің ауылына тҿнеді. Жадап-жүдеп титықтаған
ақ ҽскерлері кенет Тҽңірбергеннің ауылының үстінен
шығады. Сусынын қандырып, тамағы тойып, ауылдың бұт
артарға жарамдысын сыпырып алған соң, бар сиқынан
айырылып, азғындаған ҽскер ҽйел атаулының етегін ашып
масқаралайды.
Ішкі монолог арғы-бергіні қорытып үлгермей
жатқанда оған қосарланған битҿл сҿз кетеуі кеткен
дүниенің
сұмдықтарын
үсті-үстіне
бетке
басады.
Тҽңірбергеннің иесіне Түрікпен ауылын шапқан кезі
оралады. Түрікпеннің бір жасамыс ҽйелі құлақты жарған
ащы кілт тыйып: «Жалғыз баламнан айырдың. Қартайған
шағымда жұлынымды үзіп жерге қаратып отырсың. Құдай
сенің де зауалыңды берсін!» - дегені енді жаңғырық сияқты
қайталанып, жүрегін жұлқылап барады. Табиғат екеш
табиғат та бұдан теріс айналғандай... Оның ҿзі де бір түрлі
символистік бейнеге айналып, ҿлмесең қап дейтіндей.
«Тҽңірберген бозторғай үнін жақсы кҿретін. О шеті
мен бұ шетіне кҿз жетпейтін кҿл-кҿсір далада салт атпен
жолаушылап келе жатқанда жалғыз кҿңіл ашатын осы
ғана». Кҿмейінен күй тҿгілген құмық құс жолаушы жанын
жабықтырмайтын қасиетінен мына зуалда айырылып
қалғандай. Тҽңірберген тҿбесінде бір жоғарылап, бір
тҿмендеп шыр-шыр еткен бозторғай үнін сезген жоқ.
Ҿйткені ауылдан қайта шығып, Қарақалпақстанды бетке
алып, құм арасына сіңгенде бұлар тағы да кҿмілген
құдықтарға тап болады. Титығы құрыған ҿзінің де, ол жол
кҿрсетіп келе жатқан ақтардың ҽскерінің де жан созар
жағдайы қалмаған-ды.
56
Санасы сҿнер шағында қайта бір есін жияды.
Тҽңірберген бойын қайта тіктегендей. Аспанға кҿзі түседі.
Безерген жерден кҿңілі қалып болған ол бар үмітін зеңгір
кҿкке артатынтҽрізді.
«Мына аспанның ҽділ болмауы мүмкін емес. «Жоқ,
мына аспан ҽділ, шексіз ҽділ!» - деп ол осынау опасыз
жалғанда ҿзінің кеш байқаған пұшайман бір сырын бар
дауысымен жар салғысы кеп кетті. Оған бірақ шамасы
келмеді. Бұл кезде ол бар дауыстан жұрдай боп айрылған
еді». Кҽлен –халық топырағынан тереңінен тамыр тартатын
образ. Трилогияның басты идеясы тумысынан батыр,
жаужүрек, дара тұлға Кҽленнің жан сүйсінтер қайрат-
жігерімен, үлкен масштабы іс-ҽрекетімен байытылып
отырады. Еламанның-Тҽңірбергеннің бейнесі Кҽленсіз
жүдеп қалар еді.
Кҽлен – 1916-жылғы халық кҿтерілісінің сардары.
Трилогияның соңғы нұсқасында оның қолбосшылық ісі
кеңірек кҿрсетілген. Күші басым жау ҽскері құм ішінде
шабуылға шыққанда қорғаныс шебінің алдына киіз үй
керегелерін жайып тастайды. Кҿмулі тұзаққа тап болған
дұшпан талай сарбазын жоғалтып кері шегінуге мҽжбүр.
Кҽлен комиссар Дьяков пен Еламанның тапсырысы
бойынша, ақтардың ҽскерлерінің алдына түсіп алып қу
медиен даладағы құдықтарды жауып отырады. Ақ
гвардияшыларға жолбасшы боп жүрген Тҽңірберген
байдан талайдан кеткен кегін қайтарады. Ақ ҽскер
құзғындарын Тҽңірберген ауылының үстінен түсіріп,
ақыры тұтас бір ҽскерден судан қаталатып, бір оқ
шығармай қырғынға ұшыратқан асқан ерлік иесі – дҽл осы
Кҽлен. Ол құдды Тҽңірбергенге тауқымет тартқызбаққа
кҿктен арнайы түскен, кҿзге шалынбайтын зауал секілді.
Кҽлен бір ҿзі мың сан қолды жайпап кететін ертегінің
батырындай асқан нанымдылығында, реалистік сипатында.
Жҽне Кҽлен образының сомдалуындағы бір ғажап нҽрсе,
57
кейіпкер роман сақынасына мүлде шығарылмайды. Ол
туралы Тҽңірбергеннің аузынан бір-ақ ауыз сҿз естиміз.
Кҽленнің құдықты қалай жауып жүргені суреттелсе, артық
болмас еді. Бірақ автор ҿйтпеген. Тек істеп жүрген орасан
қайратының нҽтижесін ғана кҿрсеткен. Қисапсыз «үнемді»
тҽсіл. Ҽбдіжҽмілдің айтарлықтай олжасы – қазақ романы
поэтикасына қосқан жаңалығы. Кҽлен қазақ ҽдебиетінің
батырлар галереясына сұранбай-ақ кіріп тұр.
Жазушының шығармашылық жұмысқа ҽбден беріліп,
ысылып, кҽнігіленіп алған кезде кҿріктеуін, бояуын
келістіре жасаған образы – Судыр Ахмет, кҿк мылжың,
қуыс кеуде, есі кірмеген баладай пҽруайсыз жан. Еңбекке
қыры жоқтығы жағынан Қалау мен Тҿлеуге ұқсас.
Айырмашылығы – қолынан дҽнеңе келмейтін, бір бақаннан
бір қазық шығара алмайтын, қандай да іске икемсіз
орашолақ, бос белбеу. Бар жақсылықтан жұрдай, бар
кеселді мойнына артқан сорлы тҽлкекке ұшырайды да
жүреді. Байғұсқа басына келіп дұға оқитын мола да
бұйырмаған. Ешкім білмейді, із-түзсіз жоғалып кеткен.
Судырдан артында қалған жалғыз белгі-ақ киіз қалпағы.
Соның ҿзінде роман жүрегін соқтыруға бұл ҿте-мҿте қажет
характер. Ұлт талайы-тағдыры, адамның ҿмірдегі еңбегі
туралы ойға шомдырады.
З.Қабдолов: «Қан мен тер» романын... Тҽңірбергендер
тағдырына құрылған трилогия деп ұғу керек... Жаңа дүние
орнатушылар алысқан ескі дүние ҿкілдері, яки Еламандар
алысқан Тҽңірбергендер «шыбын құрлы кҿрінбейтін»
ҽлденелер емес, азу тісі балғадай аш бҿрілер екенін,
олардың тісін сындырып, тізесін бүктіру адам айтқысыз
қиян-кескі шайқас екенін айта қалғандай кҿркем күшпен
суреттеп кҿрсетеді».
Романда 1913-1921 ж. аралығындағы сахарада ҿткен
оқиғалар қопарыла кҿрінген. Сол кезеңдегі қазақ
даласының панорамасын жайып тастаған: бір жағы Арал
58
балықшылары болса, бір жағы Шалқар алпауыттары, бір
жағы дала кедейлері болса, бір жағы қала саудагерлері, бір
жағы Абыралы ҽулеті болса, бір жағы Колчак династиясы,
бір жағы қызыл комиссар болса, бір жағы ақ генералдары.
Осылар арқылы азамат соғыс жылдарындағы тарихи
шындық аса шебер шешімін тапқан.
«Қан мен терде» Тҽңірбергеннің кҿк аспанға қарап
тұрып айтатын сҿзі бар: «Ана қарашы, жарықтық, қандай
биік жҽне қандай кіршіксіз таза. Адамзат жетпей сорлап
жүр. Кҿре қал, күндердің күнінде кҿкке қолды жетсе, адам
аспанды да былғайды».
Осындағы адам жҽне табиғат, қоршаған орта жайлы
ойды автор «Қан мен терде» кеңінен ҿрістетпесе де,
адамның табиғатқа тым қатыгездігі жайлы ҽңгіменің шетін
шығарады.
2. «Соңғы парыз» романы. Адам және экология.
«Қан мен тердегі» Тҽңірбергеннің айтатын ойы ҿзінің
шешімін «Соңғы парыз» (1999) роман дилогиясында
табады.
Дилогияның бірінші бҿлімін 1981 жылы «Сең» деген
атпен жарық кҿрді. Кезінде бұл роман Одақ кҿлемінде
Леонид Леоновтың «Орыс орманы», Виктор Астафьевтің
«Патша
балық»,
Валентин
Распутиннің
«Ӛрт»
романдарымен бір қатарда тұрды. Табиғаттың да адамға
есесін жібермейтіндігін айта алған шығарма.
«Соңғы парыз» романын Ҽ.Нұрпейісов ҿзінің
«уақытыммен есеп айырысуым» деп есептеді. Жазушы
ҿзінің бір мақаласында былай дейді: «Адам баласы
жасампаздық қасиетінен жұрдай айырылып, бірыңғай
жасампаздыққа салынып кеткен тҽрізді». Романның
фабуласы қарапайым тҽрізді кҿрінгенмен, кҿтерер жүгі
салмақты.
59
Романда суреттелетін ҿмір шындығының эпикалық
кеңдігі ұлттық проблема мен адамзаттық проблеманы
үйлестіруге негізделген. Арал теңізі экологиясының
ойрандалуы түптегі келгенде адам пиғылы бұзылуының
салдары. Күнҽкҽр пенде
инсаниятынан (нравственность)
айырылып барады. Табиғат «адам баласының үзілмес
нҽсіліне таусылмас азық болсын» деген Хақ тағала. Адам
Жаратушының үкіміне осы махаббатын аяқ асты етіп отыр.
Осы тұрғыдан келгенде «Соңғы парыздың» ойы, толғамы
бір қазаққа емес, күллі адамзатқа қатысты.
Екі бҿлімнен тұратын дилогия фабуласы былай
қарағанда қарапайым: дҽстүрлі «үштік» арасындағы
тартысқа құрылған. Ол балықшы колхозының бастығы
Жҽдігер, оның ҽйелі Бҽкизат жҽне академик Ҽзім арасында
ҿрістейді. Қыз кезінде Бҽкизатқа қырындап жүрген Ҽзім
кенет нілдей бұзылады. Кінҽ Бҽкизатта емес, жастайынан
бақай есебі мығым Ҽзімде еді. Арада он үш жыл ҿтеді.
Балалы-шағалы отбасының ақжаулығы Бҽкизат сонда да
Ҽзімді ұмытпайды. Ақыр аяғында Ҽзім құшағына қайта
құлайды. Академиктің ашынасына айналады...
Бір қарағанда, бұл фабула жаттанды махаббат
драмасы, шиыр тұяқ тақырға айналған тақырып секілді.
Міне, осы таптауырын шаңдақты жазушы кең байтақ
жасыл жазира еткен. Жҽдігердің шағын отбасы трагедиясы
мен замана трагедиясы тығыз байланыста суреттеледі. Жер
де, адам да азып барады,-дейді роман. Кең байтақ
Қазақстанның даласында күні кешелер миллиондап
заулайтын киіктің жұқанасы ғана қалған. Сол азын-аулақ
киікке су ішер суат табылмайды. Тартылған теңіз
табанынан босаған борпылдақ тұз аралас құм қысқы
бораннан жаман ұйытқиды. Құм боран шыдатпаған киік
бұрын маңына жуымайтын ауылдардың қора-қопсысына
тығылады. Заманақыр зауалындай трагедия адамның ҿз
басына да түскен. Құдайдан қорықпай табиғаттың
60
ҽлемтапырығын шығарып тонап жатқан адамзат ҿз жанын
қоса тонауда, ар-инабат, инсаният атаулыдан безінуде.
«Теңізі тартылған, жері азған, елі босқан» Жҽдігердің
бүкіл тағдыры замандасына былай дегізеді. «...Есалаң
сорлы, есіңді жый! Оңың мен солыңа қара! Басқаны
ойламасаң да, ойраны шыққан мына дүниенің ертеңі не
боларын ойласаң еді? Осы дүниеге соңыра, ҿзіңнен кейін
келетін сорлы ұрпақтың күні не болатынын ойласаңдар
еді».
Жері азған, елі босқан жалғыз Арал ғана ма екен?
Сондықтан «Соңғы парыз»: адамзат үлкені, кішісіне,
басшы мен қаратабанына қарамай табиғат, қоғам
алдындағы борышын қайтаруға міндетті, - дейді. Ол міндет
қалай ҿтелуі керек? Нұрпейісов романы мҽселені тҿтесінен
қояды. Бҽр-бҽрі адамның ҿз қолында. Шығарманың мына
бір жолдарына құлақ түрелік.
Ҽнеу бір жылдардағы «ай құлағын ҽлдилеген ғажайып
хикая ма, ертек пе, ҽйтеуір адамның аңсары ауып, арманын
үздіктірген алдағы жарқын болашақты» айтқызу романда
академик Ҽзім бейнесі тақырыбына беріледі. Сондай
ҽңгімеге қарық қылып жүрген Ҽзімге бір күні тындаушы
ауылдастары тілек айтады.
«- Ҽзімжан-ау, не ойлағаның бар? Аузы-басына қарап
отырған теңіз тартылды, балық құрып кетті. Кҽсіп
қалмағасын шамасы келгендер қатын-баласын жетелеп
кҿшіп жатыр. Арқа тірер азаматым... асқар тауым-ау, сен
бұған не дейсің?
Ҽзім сырғақтайды.
- Болады... болады, ақсақал, кішкене шыдаңдар, - деді
де, орнынан тұрып кетті».
Адам ҿтірікке тойынып бітті. Сан жылғы қияли арман
– коммунизм енді бір жиырма жылда орнап қалар деп
гҿйітіп еді, мұнысы алыстан бұлдыраған сағым боп шықты.
Жҽдігердей
кейіпкердің
тақырыбы
–
міне,
осы
61
жалғандықты, бос уҽдені кҽсіп етіп алғандарға қарсы
ҿшпенділік, қасастық. Сол себепті роман уытты сатира
тілін безегіш. Үш адам, жаңағы «үштік» - Жҽдігер, Бҽкизат,
Ҽзім теңізде мұзбен бірге ығып барады. Зҽре жоқ.
Жандары мұрнының ұшында. Сондай қиын мезетте де
Жҽдігер бақталасы, онсыз да қорқақтап тұрған Ҽзімге:
Аралдың құрығаны елге құт дегенің қайда? - деп қалады.
Роман Ҽзімдей жалған ғалымның ішкі монологін
дҿңгелете келгенде, бар қылмысын ҿзіне мойындаттырады.
Бірақ Ҽзім кінҽні жалғыз ҿзінің мойнына артқысы
келмейді. Келтіретін дҽлелінің жҿні жоқ дей алмайсың.
Жазығы - жоғарының дегенін бұлжытпай істеді. Сонсоң
бастықтардың алдында бас изеп шыбындаған жалғыз Ҽзім
ғана емес шығар. Сынын сатылап жоғарылата береді.
«...Қиянпұрыс, қисық істі бастаған бұл емес; Түркіменнің
Бабаевы да емес, Москвада отырғандар!..» - деп бір кетеді.
Артынша семсерін сол кездің идеологиясына сілтейді.
«Арал ҿңірі тұзға тұншығып, тамыры күйген шҿп
кҿктемде де кҿктемей, қара кеңірдектеніп қурап барады;
адам кҿрмеген індет шығып, ана жатырында ұрығынан
ауруға шалдыққан балалар деліқұл, дімкес боп, келешек
ұрпақ азып бара жатқанына қарамастан, Кремльдегі
кҿсемдер біз болмағанда Орта Азия мен Қазақстанның
халқы адамзат кҿшіне ере алмай, ескі жұртта сарыжамбас
боп қалатын еді деп, екі кҿзіңді бақырайтып қойып жекіп
жатқан жоқ па?» - деп жосытады. Қайта айналып
республика ұлығына ұрынады. «Соларға қарсы қайсысың
дауыс кҿтеріп едің? Басқа-басқа Үлкен кісінің ҿзі ауыз
ашса, соларды қостап,... зарлап қоя бермеуші ме еді?»
Ҿстіп «Соңғы парыз» бүкіл елдің берекесін кетірген
жалғандық құртының жайлаған мекенін табады. Ҽзімдей
академик боп қомпайып жүргендер, Қазақстан жерінің
асты қаптаған су деп ҿтірік карта жасағандар - Кремль кҿз
бояушыларының қасында жіп есе алмайды екен.
62
Жанры жағынан «Соңғы парыз» дилогиясы «Қан мен
тер» трилогиясымен қарайлас ҽлеуметтік-психологиялық
роман. Сонымен бірге ерекшелігі де бар. Ерекшелігі, кетеуі
кеткен қоғамдық-саяси ҿмірді ҽжуалап ҽшкерелеуші
роман-памфлет те.
Жалғандықтың кірмейтін тесігі жоқ. Соның кесірінен
мына жалпақ дүниеде теңіз тартылып жатса, жалқы
тірлікте де талай ҿмір ҿксуде. Жалғандық адамның ең асыл
рухани кеніші -жүректі де жайлап алған. Бҽкизаттың
жалған махаббаты - жары Жҽдігерді де, ҿзін де жарға
жығады.
Бҽкизат ахуалы «Қан мен тер» трилогиясындағы
Ақбала тағдырын еске түсіреді. Ақбала да Бҽкизат секілді
Құдай қосқан қосағынан жериді ғой. Мұндағы ұқсастық -
Ақбала да, Бҽкизат та кҿрсоқыр сезімнің жетегінде кеткен.
Екеуінің де нақсүйерлері адал махаббатқа лайықсыз
жандар боп шықты. Тҽңірберген жүрегін қатыгездігіне
жеңдірсе, Ҽзім ҽлжуаздығына жеңдіреді.
Бҽкизат пен Ақбала тағдырларының осындай
ұқсастығымен қатар, елеулі айырмашылығы да бар. Ақбала
Тҽңірбергеннен ажырасқан соң жел аударған қаңбаққа
ұқсайды. Еламан тұрсын, ата-анасына да керегі болмай
қалады. Бҽкизат олай емес. Ол іштей түлеп үлгереді. Жҽне
қас қағымдай сҽтте. «Соңғы парыз» дилогиясы «Сондайда
бір күн болған», «Сондайда бір түн болған» деген екі
кітаптан тұрады. Бҽкизат жаны бір тҽулік емес-ау, бір
түннің ішінде Ҽзімге суынады. Ҿзінің жүрек қалауы
Ҽзімнің уақ кісі екеніне кҿз жеткізеді. Бҽкизат кісі
танымағанына, ҿз күйеуінің ҽлдеқайда ірі азамат екенін
сезбей келгеніне опынады. Іштей жуылып, Жҽдігердің
жаны қалса екен деп, Құдайдан мойнына бұршақ салып
тілейді. Осы күрт ҿзгерісті жан диалектикасына жетік
зергер сенімді суреттейді.
63
Роман идеясы айқын. Кҿздейтіні - жалғандықтың
жағасынан алу. Шығармада Ҽзім бастатқан жылпос,
ҿтірікшіл, екі жүзді, айлалы алаяқ кейіпкерлердің тұтас
жүйесі жасалған. Аудан басшыларының бірі Қозы Қарын
ҽрі-сҽрі, жұрттың кҿлгірсіген сҿзінен мақтау мен боқтау
арасын айыра алмайтын халдегі байғұс «Жауырынына
терезе салса да, ішіне жарық түспейтін» Жуан
Жақайымның бар қызметі Ҽзім қылмысын игі іс етіп
дабырайтып
насихаттауға,
жауырды
жаба
тоқуға
бағытталған. «Моншаға түскенде арқа жуатын резенке
губкаша» кір мен иіс-қоңысты «күпсер бойына сіңіріп
алады да», тіл жоқ, ауыз жоқ, мызғымай отырып алады.
Ҽзімнің ағасы, атақты құрылысшының андығаны – кеудеге
тағы да бір алтын жұлдыз қадау үшін - «коммунизмнің
сҽулетті құрылысын», патша сарайындай ғимарат салу.
Атақ, даңқ бермейтін құрылысқа енжар... Сары Шая - кеңес
белсендісі – құдайсыздар ұйымына мүше. Бірақ
құдайсыздығы - бер жағы. Қыл аяғы қойнында комсомол
билеті бар Қожбан, ол да алдамшы жҽдігҿй. Ретін тауып,
молдалардың арасына сыналап кіріп, кісі ҿлген азалы
үйлерді бірге тонасып жүр... Осылардың бҽрі типтік
жағынан тамырлас - жалған жүйенің жандайшаптары.
Жҽне бір айтылуға тиісті нҽрсе, «Соңғы парыз»
романының жазылу уақытына байланысты. Бұл роман
нарық заманында аяқталды. Қандайда шығарма туған
уақытының
тыныс-танымымен
санаспай
тұрмайды.
«Соңғы парыздың» оқиғасы Кеңес дҽуіріне қатысты десек
те, кҿтерген кҿп проблемалары бүгінгі күнмен үндес.
Кешегі, бүгінгі жалғандыққа бірдей шүйлігеді. Нақсүйерін
ажал аузыңда қалдырып, сең үстінен амалдап қашып
шыққан Ҽзім ҿзі сияқты «болады, боладыны» ҽндетуге
үйір, уағдаға опасыздар келешектен де табылатынына нық
сенімді. «...Талай жыл ҿтер. Заман да, қоғам да ҿзгерер.
Адам да ҿзгерер... Адам қапша ҿзгерсе де, Арал тағдыры
64
ҿзгермес» деп басталатын бұл ұзақ монолог адал істі
арамдайтын Ҽзімдердің бет-пердесін жыртады.
Ҽзімдердің сорты кҿп. Ортақ сиқы сол, бҽр-бҽрінің
айналасы-тау толған ҿтірік, дала толған мақтан, ҿзен
толған ҿсек-оспақ... «Арал тағдыры - адам тағдыры» деген
ҽдемі сҿзді ел кҿзінде елтең-селтең жүргенді мансұқ еткен
епті жігіттер қызыл тілді қайраққа жанып-жанып алып,
халық алдында ана мінбеден де, мына мінбеден де -
қиқулатар-ау! Тірі болсақ, соны да кҿрерміз, бірақ Қызыл
сҿзге құлағы қанық кісілер оған онша илана қоймас».
Илана қоймайтыны, тартыңған Арал тағдыры бірыңғай
қызыл тілге салып алдарқатудан ҿзгермейді. Ондай қызыл
сҿзден «Тұз астында тұншығып жатқан сорлы ҿлкенің
соры қайнаған халқына... ешқандай жеңілдік болмас-ау!»
Ҿйткені негізі - шірік. «Кезінде осы елдің тҿрінде отыз
жыл тҿбесімен кҿк тірегендей шалжайып отырған Үлкен
Кісі ҽдемі моншақтарды сылдыратып кеудесіне таға
бергені болмаса, кешегі ел басына қара күн туғанда қол
ұшын бермеген.
Балықшы колхозының бастығы Жҽдігер, оның ҽйелі
Бҽкизат жҽне академик Ҽзім арасында ҿрістейтін қарым-
қатынасты негізге алады. Бҽкизатқа қыз кезінен ғашық
болған Ҽзім кейін ҿзгеріп, оған үйленбейді де Бҽкизат
Жҽдігерге тұрмысқа шығады. Он үш жыл отасқан екеуінің
ортасына баяға Ҽзім түсіп, ақыры Бҽкизатты дұрыс жолдан
тайдырады. Сҿйтіп Бҽкизат академик Ҽзімнің ашынасына
айналады.
Автор Жҽдігер отбасының трагедиясымен замана
трагедиясын паралельді алған. Жер де, адам да азған.
Табиғат экологиялық апатқа ұшыраған. Иен даланың сҽні
болған, «сахара ботакҿзіне айналған» киіктерде жоқ.
Тартылған теңіз, ластанған ауа мен ішкі рухани болмысын
кір шалған адамзаттың арасында тамырласқан байланыс
65
бар. Табиғатты тонап жатқан Адам енді ҿзін-ҿзі тонауға
кҿшкен.
Автор бұл жерде тек Арал маңындағы трагедияны сҿз
етіп отырған жоқ, ол Арал трагедиясын жалпы адамзаттық
трагедия нҽубетке айналдырған.
Теңіз тартылып, жер азып, тағдыр тҽлкекке ұшыраған
ел. Ҽзімді үлкен адам, академик деп есептеп, одан осы
проблемаға қол үшін берер кҿмек күтеді. Ал Ҽзім болса,
«болады, болады сҽл шыдаңдар» деген құрғақ уҽдеден аса
алмайды. Бос уҽдені кҽсіп еткен Ҽзімдердің халық
тағдырына жаны да ауырмайды.
Романда осы үш қаһарман да теңіздің үстіне мұзбен
бірге ығып бара жатқан сҽті суреттелген. Ҽзім
монологында кҿп мҽн бар. Жалған ғалымның ақыры ҿз
қылмысын ҿзіне мойындатады. Ол бар кінҽні жоғары
жаққа сілтейді.
Жанр жағынан алған да «Соңғы парыз» - ҽлеуметтік-
психологиялық роман, кетеуі кеткен қоғамдық саяси
ҿмірді, кеңестік жүйені ҽшкерлеген роман.
Достарыңызбен бөлісу: |