Теориялар жинағы 7-сынып Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер – Табиғат құбылыстары



Pdf көрінісі
бет8/9
Дата07.06.2023
өлшемі485,99 Kb.
#99339
1   2   3   4   5   6   7   8   9
механикалық жұмыс
121.  Түсірілген күштің бағыты дененің қозғалу бағытына сәйкес келсе, онда 
оның орын ауыстыруы жүрілген жолға тең болады 
122.  Денеге әрекет ететін күштің шамасы үлкен болған сайын істелетін 
жұмыс та арта түседі  
123. Дененің орын ауыстыруы өскен сайын атқарылатын жұмыс та өсе 
береді 
124. Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің механикалық жұмысы 
күшке де, жүрілген жолға да тура пропорционал өседі  
125. Жұмыстың орындалу жылдамдығын сипаттайтын шама қуат деп 
аталады  
126. Қуат деп бір өлшем уақытта істелген жұмысты айтады  
127.  Қозғалыстағы денелер ғана жұмыс істеуге қабілетті
128. Дене жұмыс істеуге қабілетті болса, мұндай қасиет дененің энергияға 
ие болатындығын білдіреді
129. Энергия дененің жұмыс істеуге қабілеттілігінің өлшемі болып 
табылады 
130. Механикалық энергия деп денелердің қозғалыстары мен өзара 
әрекеттесулерін сипаттайтын физикалық шаманы айтады
131. Кинетикалық 
энергия деп денелердің қозғалу салдарынан 
туындайтын энергияны айтады
132. Денелердің кинетикалық энергиясы да жұмыс сияқты сол денелердің 
массалары мен жылдамдықтарына тәуелді өзгереді
133. Дененің 
кинетикалық 
энергиясы 
оның 
массасына 
және 
жылдамдығының квадратына тура пропорционал 
134. Потенциалдық энергия деп әрекеттесуші әртүрлі денелердің немесе 
бір дене бөліктерінің өзара орналасуы бойынша анықталатын энергияны 
айтады
135. Серпімділік күшінің істеген жұмысы серіппенің потенциалдық 
энергиясының өзгерісіне тең 
136. Толық жүйенің кез келген уақыттағы кинетикалық және потенциалдық 
энергияларының қосындысы механикалық энергия деп аталады
137. Механикалық энергия дененің жылдамдығына да, орналасқан қалпына 
да байланысты өзгереді
138. Тұйық жүйенің механикалық энергиясы денелердің кез келген 
орналасу қалпында өзгеріссіз сақталады, алайда бір түрден екінші түрге 
айнала алады
139. Механикалық энергияның сақталу заңы – тұйық жүйені құрайтын 
денелер арасында тек қана ауырлық күші мен серпімділік күші әрекет 


https://instagram.com/nurbolatmukhamedzhan?utm_medium=copy_link 
құрастырған: Мұхамеджан Нұрболат
ететін болса, онда тұйық жүйенің механикалық энергиясы өзгеріссіз 
сақталады
140. Қозғалмайтын тіреудің немесе біліктің (осьтің) төңірегінде айнала 
алатын кез келген дене иіндік деп аталады
141. Иіндіктің айналу осі өтетін О нүктесін тіреу нүктесі деп атайды 
142. Айналу білігінен күш векторы орналасқан түзуге дейінгі ең қысқа 
қашықтықты күш иіні деп атайды
143. Денеге әрекет ететін күштің өз иініне көбейтіндісі күш моменті деп 
аталады
144. Егер сыртқы күштердің әрекеті болмаған жағдайда дене қандай да бір 
нүкте арқылы жүргізілген өзінің айналу осіне қатысты тыныштық (немесе 
бірқалыпты қозғалыс) қалпын сақтайтын болса, ондай нүкте осы дененің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет