Теориялар жинағы 7-сынып Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер – Табиғат құбылыстары



Pdf көрінісі
бет5/9
Дата07.06.2023
өлшемі485,99 Kb.
#99339
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
7-сынып теориялар жинағы(162) JUZ40 ONLINE

серпімділік күші  
66. Серпімділік күші денені қысқанда, созғанда, игенде пайда болады 
67. Тіректің деформациялануы анық байқалмайтын жағдайда оның денеге 
әрекет ететін серпімділік күшін тіректің реакция күші деп атайды 
68. Гук заңы – дененің созылуы (немесе сығылуы) кезіндегі серпімділік 
күшінің модулі дене ұзындығының өзгеруіне тура пропорционал 
69. Дене қозғалған кезде жанасқан беттердің бойымен қозғалысқа қарсы 
бағытта пайда болатын күш – үйкеліс күші
70.  Жанасатын денелердің бір-біріне қатысты қозғалысына қарай үйкеліс – 
сырғанау үйкелісі, домалау үйкелісі, тыныштық үйкелісі болып 
бөлінеді 
71. Жанасатын беттердің кедір-бұдыр болуы үйкелістің пайда болу 
себептерінің бірі болып табылады 
72. Жанасатын 
беттердегі молекулалардың өзара тартылысы 
үйкелістің пайда болуының басты себебі болып табылады  
73. Үйкеліс жанасатын беттердің қандай материалдан жасалғандығына
олардың өңделу сапасына және бір беттің екінші бір бетке түсіретін 
қысым күшіне тәуелді 
74. Дененің өзі жанасып тұрған бетке перпендикуляр түсіретін күші – 
нормаль қысым күші 
75. Үйкелісті азайту үшін көбінесе майлау қолданады, подшипниктер 
(мойынтірек) мен ауа жастықтарын пайдаланады  
76. Денеге екі немесе бірнеше күш әрекет етсе, онда осы күштерді әрекеті 
жағынан оларға тең болатын бір ғана күшпен алмастыруға болады  
77. Денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштердің әрекеттерін 
алмастыратын бір ғана күшті сол күштердің теңәрекетті күші деп 
атайды 
78. Егер екі күш денеге бір бағытта әрекет ететін болса, онда олардың 
теңәрекетті күші де сол түскен күштердің бағытымен бағытталады, ал 


https://instagram.com/nurbolatmukhamedzhan?utm_medium=copy_link 
құрастырған: Мұхамеджан Нұрболат
модулі осы күштердің сан мәндерінің (модульдерінің) қосындысына тең 
болады 
79. Егер денеге ( материялық нүктеге) қарама-қарсы бағытталған екі күш 
әрекет ететін болса, онда олардың теңәрекетті күші түсірілген күш 
бағытымен бағытталады, ал модулі осы күштердің сан мәндерінің 
(модульдерінің) айырмасына тең болады 
80. Күштердің модульдері тең болса, онда тепе-теңдік орын алады да, жүк 
орнынан қозғалмайды 
81. Егер денеге (материялық нүктеге) мәндері бойынша тең, ал бағыттары 
қарама-қарсы екі күш әрекет етсе, онда олардың теңәрекетті күші нөлге 
тең болады 
82. Дене деп нақты көлемі мен пішіні бар нәрсені айтады 
83.  Зат деп денелерді де, атомдар мен молекулалардан тұратын кез келген 
басқа нәрсені де айта береді  
84.  Дүниеде не бар болса, соның бәрін материя дейді  
85. Барлық заттар өте ұсақ бөлшектерден – молекулалар мен атомдардан 
тұрады  
86. Молекулалар мен атомдар үздіксіз ретсіз қозғалыста болады  
87.  Молекулалар мен атомдар өзара әрекеттеседі 
88. Молекулалары белгілі бір ретпен қайталанып орналасатын денелер – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет