Теориялық бөлім



бет9/17
Дата31.12.2021
өлшемі1,99 Mb.
#21184
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
5.17-сурет. Биполярлы транзистордагы алдын ала күшейту каскадының схемасы

2.1 Күшейткіш құрылғылардың негізгі техникалық параметрлері

 

Электронды күшейткіштің қасиеттерін сипаттайтын мәліметтер қосындысы оның көрсеткіштері деп аталады. Күшейткіштің негізгі техникалық көрсеткіштеріне мыналар жатады: күшейткішпен енгізілетін ток бойынша Кi, кернеу бойынша Кu және қуат бойынша Кp күшейту коэффиценттері, өткізу жолағының ені ΔF, сезімталдық, шығыс қуаты Ршығ, бұрмалану.



Күшейту коэффициенті деп шығыс сигналының кіріс сигналынан неше үлкен екенін көрсететін шаманы атаймыз.

Ток бойынша күшейту коэффициенті:

 

 

мұндағы Iшығ, Iкiр - сигналдың шығыс және кіріс токтары.



Ток бойынша күшейту коэффициентінен басқа кернеу бойынша Кu және қуат бойынша Кp күшейту коэффициенті қолданылады:

 


 

Егер күшейткіште К1, К2, К3,...,Кn коэффиценттерімен бірнеше күшейту каскадтары болс, онда күшейткіштің күшейту коэффициенті:



 

 

Қазіргі күшейткіштерде күшейту коэффициенті өте үлкен, сондықтан оны логарифмдік бірлікте (дБ) береді:



 


 

Қуат ток пен кернеу квадратына пропорционал болғандықтан: P = I2R=U2/R, қуат бойынша күшейту коэффициенті (дБ):



 

 

Көпкаскадты күшейткіштің күшейту коэффициенті каскадтар күшеюінің коэффициенттер қосындысын білдіреді (дБ):



 

 

Кәдімгі күшейткіште әр түрлі жиіліктегі сигналдар әр түрлі күшейеді. Күшейту коэффициентінің сигнал жиілігіне тәуелділігі жиілікті сипаттама деп аталады. Ол 1.3 суретте көрсетілген. Бұл графикте Кор - максималды күшейту коэффициенті;



FжFт=ΔF - өткізу жолағының ені (Fж-жоғарғы шекті шекара, Fт-төменгі шекті шекара).

 

 

1.3 сурет - Жиілікті сипаттама



 

Жиілікті сипаттама графигіндегідей өткізу жолағының шектерінде күшейту коэффициенті өзгермейді. 3 дБ (25 - 30%) аспайтын жолақ шегінде күшейту коэффицентінің азаюын адам құлағы байқамайды. Күшейткіштің жұмыс жиіліктерінде күрделі сигналды құрайтын бірдей емес күшеюден жиілікті бұрмалану пайда болады. Шындығында, жиілікті сипаттамалы күшейткіш Fт төмен және Fж жоғары жиілікпен сигналдар Fор орташа жиілікті сигналымен салыстырғанда бірдей емес күшейтеді (1.3 сурет).

Жиілікті бұрмалану орташа жиіліктегі күшейту коэффициентінің анықталатын жиіліктегі күшейту коэффицентінің қатынасын көрсететін жиілікті бұрмалану коэффицентімен М бағаланады:

 



 

Жоғарғы және төменгі шекті жиіліктерде жиілікті бұрмалану коэфффиценті бірдей және мынаған тең:



 

 

Жиілікті бұрмалану коэффициенті децибелда өлшенуі мүмкін



 

 

Өткізу жолағының шегінде М=3дБ.



Егер күшейткіш бірнеше каскадтан тұрса және әрқайсысында жиілікті бұрмалану белгілі болса, онда жиілікті бұрмалану коэффициенті барлық күшейткіш үшін мына формуламен анықталады:

 


 

мұндағы М1, М2, М3,...,Мn - салыстырмалы бірлікте берілген жиілікті бұрмаланулар; 


        M1 (дБ), М2(дБ), М3(дБ), .... М (дБ) - децибелда каскадтардың жиілікті бұрмаланулары.

Күшейткіш сезімталдығы деп күшейткіш шығысында шығыс номинал кернеуі құрылу кезінде кіріске берілетін минималды сигналды атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет