Теориялық және қолданбалы механика



бет2/45
Дата11.12.2023
өлшемі4,95 Mb.
#137566
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
1.2 Тоғысатын күштер жүйесі
Күштер жүйеcі (КЖ) келесі түрлерде болуы мүмкін: тоғысатын, параллель және кез келген. Тоғысатын деп күштердің әсер ету сызықтары (ӘС) бір нүктеде қиылысатын КЖ-н атайды. Параллель деп ӘС өзара параллель КЖ-н атайды. Кез келген деп ӘС қиылыспайтын және параллель емес КЖ-сі аталады. Аталған күштер жүйелері жазық және кеңістік болуы мүмкін. Егер барлық күштердің ӘС бір жазықтықта жатса, КЖ жазық деп, керісінше жағдайда кеңістік деп аталады.
Денеге А, В, С, D нүктелерінде түсірілген әсер ету сызықтары О нүктесінде қиылысатын күштерін қарастырайық (1.1,а суретті қара). Күштерді олардың ӘС бойымен О нүктеге көшіріп, оларды тізбектеп күштер үшбұрышы ережесімен қосамыз (1.1,б суретті қара). Алдымен , күштерінің тең әсерлі күшін, сонан соң , күштерінің тең әсерлі күшін, сөйтіп т.б. табамыз. Сонда: , , = . Күштер саны n болса, онда
(1.1)
күшін былай да табуға болады: алдымен векторын тұрғызып, оның ұшынан векторын, содан кейін векторының ұшынан векторын және сөйтіп т.б. тұрғызамыз. Сонда күші бірінші вектордың басын соңғы вектордың ұшымен қосады. Сонымен, тоғысатын КЖ-нің тең әсерлісін геометриялық тәсілімен табу үшін күштердің қиылысу нүктесінде күш көпбұрышын тұрғызу керек; оның тұйықтаушысы болып келеді.
Тоғысатын КЖ-нің тең әсерлі күшін аналитикалық тәсілмен анықталуын қарастырайық. Ол үшін (1.1) теңдеуін декарт координаттар жүйесінің өстеріне проекциялап, тең әсерлі күшінің проекцияларын анықтаймыз
, , . (1.2)
Тең әсерлі күшінің модулі мен бағыты келесі формулалармен табылады
(1.3)
, , . (1.4)
Тоғысатын КЖ тепе-теңдікте болуы үшін , яғни болуы керек (тепе-теңдік шартының векторлық түрдегі жазылуы). Геометриялық түрде: күш көпбұрышы тұйықталу керек. Аналитикалық түрде: барлық күштердің үш өске проекцияларының қосындылары нөлге тең болуы,
, , . (1.5)
Тоғысатын жазық КЖ үшін , . (1.6)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет