3.2 Денелер жүйесінің тепе-теңдігі. Статикалық түрде анықталатын және статикалық түрде анықталмайтын жүйелер Денелер жүйесінің бөліктерін қосатын байланыстар ішкі байланыстар деп аталады. Егер сыртқы байланыстарды күштерге ауыстырса, тепе-теңдік шарттары оларды анықтау үшін жеткіліксіз болады. Есептерді шешу әдістері:
а) қосымша тепе-теңдік шарттарын құрады, мысалы, ішкі топсаға қатысты моменттерінің қосындысы түрінде;
б) конструкцияны, оның ішкі байланыстарын күштерге ауыстырып, бөліктерге ойша жіктейді де әр бөлігі үшін тепе-теңдік теңдеулерін құрайды.
Егер байланыстар реакцияларының белгісіз құраушыларының саны тәуелсіз тепе-теңдік теңдеулерінің санына тең болса, қарастырылатын жүйе статикалық түрде анықталатын, одан артық болса статикалық түрде анықталмайтын жүйе (САЖ) деп аталады. САЖ жүйелердегі реакцияларды АҚД үшін қолданатын әдістермен табу мүмкін емес. Мұндай есептерді шешу үшін денелердің деформациялануын есепке алу керек.
3.3 Сырғанау үйкелісі. Тегіс емес беттің реакциясы Сырғанау үйкелісінің Кулон – Амонтон заңдары:
1. Бір денені басқа дененің үстінде жылжытуға тырысқан жағдайда олардың жанасу жазықтығында үйкеліс күші пайда болады, оның модулі 0≤F≤ Fmax . Денеге түсірілген үйкеліс күші күш түскен нүктесінің мүмкіндік жылдамдығына қарама-қарсы болады.
2. Максималды үйкеліс күші f үйкеліс коэффициенті мен N нормаль қысым күшінің көбейтіндісіне тең Fmax=f∙N. (3.9)
f - жанасатын денелердің материалдары мен беттерінің қалпына (кедір-бұдырлығына, температурасына, ылғалдылығына және т.б.) тәуелді, ол тәжірибе арқылы анықталады. Мәндері: ағаш пен ағаш - 0,4-0,7; метал мен метал - 0,15-0,25; болат пен мұз - 0,027.
Тыныштық үйкелісі мен сырғанау үйкелісі айыра танылады. Тыныштық үйкелісінің коэффициенті Fmax үйкеліс күші арқылы анықталады. Әдетте ол сырғанау үйкелісінің коэффициентінен артық. Сырғанау жылдамдығының өсуімен сырғанау үйкелісінің коэффициенті басында шамалы азаяды, содан кейін айтарлықтай өзгермейді.
3. Максималды үйкеліс күші жанасатын беттердің ауданына тәуелсіз.
Тегіс емес беттің реакциясы екі құраушы арқылы анықталады, олар (модулі нормаль қысым күшіне тең) және үйкеліс күші (3.1 суретті қара). Толық реакциясы нормаль бағыттан α бұрышына ауытқиды (tg α = F/N).
Горизонталь тегіс беттің үстінде тұрған денеге ауырлық күштен басқа сыртқы күш түспесе, онда F = 0, толық реакция R= = N және ол тіреуіш бетіне перпендикуляр болады. Денеге шамасы аз күшін түсіріп, біз оны қозғалтуға тырыссақ, қозғалыс бола қалмайды, өйткені үйкеліс күші пайда болады, және Fmax. күші артқан сайын үйкеліс күші де артады. F1 = Fmax болғанда тепе-теңдіктің шеткі қалпы орын алады, сонда толық реакция вертикальдан үйкеліс бұрышы деп аталатын αmax бұрышына ауытқиды. Оны φ арқылы белгілеп, мынаны анықтаймыз
tg φ= Fmax/N=f . (3.10)
Идеалды емес байланыстың реакциясының бағыты үйкеліс бұрышымен шеттеледі. Әдетте үйкеліс күші ескерілуімен денелер тепе-теңдігінің шеткі (үйкеліс күші максималды болғандағы) қалпы қарастырылады.