Теориялық және қолданбалы механика


Домалау кезіндегі байланыстың реакциясы



бет7/45
Дата11.12.2023
өлшемі4,95 Mb.
#137566
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45
3.4 Домалау кезіндегі байланыстың реакциясы
3.2,а суретте домалау кезінде цилиндр тіреуші бетке жаншылып, онымен домалау бағыты жағына ығысқан СD доғасымен кескінделетін бетпен әрекеттескені көрсетілген.
Тіреуші беттің толық реакциясы беттің деформациясынан туындаған таралған күштердің қосындысы ретінде цилиндрдің домалауына кедергі жасайды. Бір дененің басқа дененің бетінде домалау кезінде пайда болатын кедергі домалау үйкелісі деп аталады. Инженерлік есептеулер жүргізуде керегі - домалауға кедергі моменті (3.2,б суретті қара). Құбылыстың сұлбасын жасағанда, домалау деформацияланбайтын бетінде қарастырылады, ал толық реакциясы А нүктеcінен δ шамасына ауытқыған В нүктесіне түсетін екі құраушы күш арқылы көрсетіледі (3.2,в суретті қара). күші – сырғанау үйкеліс күші, ал - нормаль реакциясы. Онда
N = P, F = Q, Qmax∙r = δ∙N. (3.11)
δ∙N = кед)max көбейтіндісі домалауға кедергі моменті деп аталады. Q күші аз болса, N күшінің ауытқуы да аз болады; Q өсуімен ауытқу артады. Qmax болғанда цилиндр тепе-теңдіктің шеткі қалпына жетеді, сонда N вертикаль диаметрден домалау үйкелісінің коэффициенті деп аталатын, δ шеткі қашықтығында өтеді. δ коэффициенті жанасатын денелер материалдардың қасиеттеріне және беттерінің қалпына тәуелді, ол тәжірибелік түрде анықталады (рельс үстімен домалаған дөңгелек δ = 0,005 см, шарикті подшипникте δ = 0,001 см).
3.5 Қатты дененің ауырлық центрі
Дененің А1, A2 нүктелерінде түсетін екі параллель және күшті қарастырайық (3.3 суретті қара). тең әсерлісінің әсер ету сызығы қосылатын күштерге параллель және A1A2 түзуінде жатқан С нүктесінен өтеді. С нүктесінің орнын Вариньон теоремасын қолданып анықтай аламыз, онда

. (3.12)
, күштерін А1, А2 нүктелерінің айналасында бірдей α бұрышына бұрғанда, тең әсерлі күші де сол бағытта α бұрышына бұрылады және дәл сол С нүктесіне түседі. С нүктесі параллель күштердің центрі деп аталады. Кез келген күштер саны үшін де осылай болады.

Дене бөлшектеріне түсетін , ,…, ауырлық күштерінің тең әсерлісін деп белгілейік (3.4 суретті қара). Оның модулі дененің салмағы деп аталады және келесідей анықталады
. (3.13)
С нүктесі параллель ауырлық күштерінің центрі болып келеді, ол дененің ауырлық центрі деп аталады. Сонымен, АҚД-нің ауырлық центрі – денемен өзгеріссіз байланысқан дененің кеңістікте кез келген орналасуында дене бөлшектеріне түсетін ауырлық күштерінің тең әсерлі күшінің ӘС өтетін нүкте; оның координаттары
, , (3.14)
мұндағы , , – ауырлық күштері түсетін нүктелердің координаттары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет