Теориялық және қолданбалы механика



бет4/45
Дата11.12.2023
өлшемі4,95 Mb.
#137566
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
ТМ Сборник лекции каз (копия)

2.2 Параллель күштерді қосу
АҚД-ге түскен екі параллель және бір жаққа бағытталған күштің тең әсерлісінің модулі күштер модульдерінің қосындысына тең, оның бағыты күштерге параллель және осылармен бағыттас. Тең әсерлінің ӘС-ғы берілген күштердің ӘС арасындағы түзуді күштер модульдеріне кері пропорционал бөліктерге іш жағынан бөліп өтеді. Керісінше, кез келген күшті екі параллель және сол күшке бағыттас күшке жіктеуге болады.
Өзара тең емес, параллель және қарсы бағытталған екі күштің тең әсерлісінің модулі күштер модульдерінің айырмашылығына тең және оның бағыты үлкен күштің бағытымен бірдей. Тең әсерлінің ӘС-ғы үлкен күштің ӘС сыртынан, күштердің ӘС арасындағы түзу сызықты кесіндіні күштер модульдеріне кері пропорционал бөліктерге сыртқы жағынан бөліп өтеді.
2.3 Күштер жұбы. Күштер жұбының моменті
АҚД-ге түсетін күштер жұбы деп модульдері тең, параллель, бір біріне қарсы бағытталған және бір түзуде жатпайтын екі күштің жүйесін атаймыз (2.3 суретті қара). Күштердің қосындысы нөлге тең, бірақ күштер жұбы теңгерілмейді. Күштердің ӘС арасындағы ең қысқа қашықтық жұптың иіні d деп, ал күштер орналасқан жазықтық жұптың әсер ету жазықтығы деп аталады. Денеге түсетін бірнеше жұптың жиынтығы күштер жұптарының жүйесі деп аталады. Жұп тең әсерлі күшке келтірілмейді. Жұптың денеге әсері жұптың әсер ету жазықтығына перпендикуляр векторлық моментімен сипатталады, бұл вектордың шамасы F∙d тең және вектордың ұшынан қарағанда, жұп денені сағат тіліне қарсы айналдыруға тырысатын болып көрінеді. Күштер жұбын оның әсер ету жазықтығында және параллель жазықтыққа, күш модулі мен жұп иінін өзгертіп, бірақ жұп модулі мен оның денені айналдыруға тырысатын бағытын сақтап, көшіруге болады, яғни күштер жұбының векторлық моменті – еркін вектор.
Векторлық моменттері бірдей екі жұп баламалы болады.
Егер күштер жұптары бір жазықтықта орналасса, олардың моменттерін алгебралық шамалар ретінде қарастыруға болады. Жұп денені сағат тіліне қарсы айналдыруға тырысса, оның моменті оң, керісінше теріс болып саналады. Сонда күштер жұптарының жазық жүйесі үшін
(2.7)
Жұптарды қосу туралы теорема: күштер жұптарының жүйесі векторлық моменті барлық жұптардың векторлық моменттерінің қосындысына тең бір жұпқа баламалы, яғни және жұптар жүйесінің тепе-теңдік шарты
. (2.8)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет