Теориялық және қолданбалы механика


дәріс. Нүктенің және дененің қарапайым қозғалыстарының кинематикасы



бет8/45
Дата11.12.2023
өлшемі4,95 Mb.
#137566
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45
Байланысты:
ТМ Сборник лекции каз (копия)

4 дәріс. Нүктенің және дененің қарапайым қозғалыстарының кинематикасы
Дәрістің мазмұны: кинематиканың кіріспе ұғымдары, нүкте кинематикасы, траектория, нүктенің жылдамдығы мен үдеуі; қатты дененің ілгерілемелі, айналмалы және жазық параллель қозғалыстары.
Дәрістің мақсаты: нүкте қозғалысының және қатты дененің қарапайым қозғалыстарының кинематикалық сипаттамаларын қарастыру.
4.1 Кинематикаға кіріспе. Нүкте қозғалысының берілу тәсілдері
Дененің қозғалысы ретінде оның санақ жүйесіне (СЖ) қатысты кеңістікте орналасуының уақыт өтуімен өзгеруін түсінеді. СЖ басқа денелерден және осылармен байланысқан координат жүйесінен тұрады. Денелердің қозғалысы кеңістікте уақыт өтуімен орындалады. Кеңістік үш өлшемді Евклид кеңістігі деп қарастырылады. Кинематика есептерінде t уақыты аргумент болып алынады. Басқа айнымалылардың барлығы (арақашықтар, жылдамдықтар және т.б.) t -ның функциялары ретінде қарастырылады. Уақыт бір бастапқы мезгілден есептеледі.
Есептерді шешу үшін дененің (нүктенің) қозғалысы кинематикалық түрде берілу керек, яғни дененің (нүктенің) кез келген уақыт мезгілінде берілген СЖ-не қатысты орналасуы берілу керек. Қозғалысты зерттеу оның берілу тәсілдерін анықтаудан басталады. Кинематиканың мақсаты – нүктенің (дененің) қозғалыс заңын біле отырып, барлық кинематикалық шамаларды табу әдістерін анықтау.
Қозғалыстағы нүкте берілген СЖ-не қатысты жасайтын сызық нүктенің траекториясы деп аталады (түзу және қисық сызықты қозғалыс).
Нүктенің қозғалысы үш тәсілдің біреуімен берілуі мүмкін.
1. Векторлық тәсіл. Нүктенің орны оның радиус-векторымен (4.1 суретті қара) анықталады . (4.1)
2. Координаттық тәсіл. Нүктенің орнын оның координаттарымен анықталады . (4.2)



4.1 Сурет


3. Табиғи тәсіл. Нүктенің траекториясы (4.2 суретті қара), траекториясындағы санақ басы мен санақ бағыты және келесі түрде қозғалыс заңы беріледі . (4.3)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет