Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде


Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінде мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту тәжірибелері



бет60/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   107
Байланысты:
Инклюзив-Ответы 2023-2024 (2)

Қазақстанның жалпы білім беретін мектептерінде мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту тәжірибелері.

Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды жалпы білім беруге қосу нысандары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысымен бекітілген «Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидаларында» баяндалған. Қазақстан Республикасында балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау арқылы инклюзивті оқыту үшін жалпы білім беретін күндізгі мемлекеттік 7222 мектептетердің жалпы санынан 39% құрайтын 2858 білім беру ұйымдарында жағдай жасалған. Республиканың жалпы білім беретін мектептерінде арнайы жағдайларды қамтамасыз етудің оңтайлы динамика үрдісі байқалады. Республика бойынша жалпы білім беретін мектептерде 1219 – арнайы сыныптар тіркелді. Қазақстанда инклюзивті білім беру 2011 жылдан бастап енгізіліп келеді. Біздің елімізде инклюзивті білім берудің мақсаты тең құқылы білім беру қағидасын ұстана отырып барлық балалардың білім алуына мүмкіндік беру және өз мүмкіндігіне сай ыңғайлы білім алуға жағдай жасау. Бүгінгі таңда елімізде инклюзивті білім беруді жүзеге асырып отырған мектептер саны тым аз десек қателеспейміз. Инклюзивті білім беру тұжырымдамасына сәйкес елімізде МШБ өз мекен жайы бойынша мектепте инклюзивті білім алу құқығын толықтай пайдалана алмай отыр. Бірнеше мәселелер, оның ішінде мектепте арнайы мамандармен қамту, мұғалімдердің инклюзивтік оқытуда құзіреттіліктерінің және тәжірибенің аздығы, арнайы оқыту бағдарламасының болмауы, ата-аналардың инклюзивті білім беру жүйесін толық қолдамауы, МШБ-ды тәрбиелеуде функционалдық сауаттылығының төмен деңгейі, арнайы мамандардың кәсіби қызметі мен біліктілігі сияқты т.б. мәселелердің толық шешілмеуі осы бағдарламаның мектептерде жүзеге асырылуына кедергі тудырып отыр. Инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын білім беру ұйымдарындағы мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін білім беру үдерісі ПМПК (психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес) ұсынымдары бойынша жалпы білім беретін, сондай-ақ арнайы типтік оқу бағдарламалары бойынша да іске асырылады. 2014 жылы типтік оқу жоспарлар мен мүмкіндіктері шектеулі оқушыларға арналған бастауыш деңгейдің типтік оқу бағдарламалары әзірленді 





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет