Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде


Ерекше білімді қажет ететін балаларға білім берудің заманауи әдістері



бет56/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   107
Байланысты:
Инклюзив-Ответы 2023-2024 (2)

Ерекше білімді қажет ететін балаларға білім берудің заманауи әдістері.

Ойын технологиялары. Заманауи мектепке дейінгі білім беру жүйесінде ойын іс-әрекеті тұтас коммуникативті-ойын ортасында кіріктірілген білімдері негізінде жинақталатын ұғымдарды меңгеру үшін дербес технология ретінде қолданылады. Ойын әдісі басқа әдістерден айрықша ерекшеленеді, ол балаға зерттелетін құбылыстың қызметіне қатысуына, біршама уақыт «нақты» өмірлік жағдайларда өмір сүру мүмкіндігін береді. Ойын әдісінің ерекшелігін айтарлықтай деңгейде ойын ортасы анықтайды. Балалармен жұмыс барысында ойындар: бөлме, көше, компьютер, заттармен және заттарсыз, үстел үстіндегі баспа, басқару тетігі бар ойындар және т.б. қолданылады. Ойын технологияларының мазмұнына ойын іс-әрекетінің басқа да тәсілдерімен үйлесімділігінде түрлі компоненттерді қолдану кіреді: сұрақтар, нұсқаулар, түсіндірмелер, анықтамалар, көрсетулер. Оқытудың ойын түрін ұйымдастыруда балаларды танымдық іс-әрекетіне ынталандыруға құрал ретінде ойын шарттары құрылады. Заманауи «Сөйлейтін әліппе», «Электронды конструктор», «Сөйлейтін қалам», «Киіз үй», «Бал-бала» ойыншықтары, дамытушы ойындарымен ойнап қана қоймай, сонымен қатар, оқу тәрбие жұмысына мүмкіндік береді.
ТРИЗ технологиясы. ТРИЗ технологиясы арқылы баланың ойлауы, тілі, қиялы, есте сақтау қабілеті, зейінінің белсенді және бірлесіп дамуды тұспалдайтын ТРИЗ элементтерін және шығармашылық қиялды дамыту әдістері мен компьютерлік үйрету бағдарламаларын қолдану арқылы қоршаған орта туралы білімдерін кеңейтетін, игерген біліммен білікті өзіндік әрекет кезінде, көркем әдебиет, тілдік, ойын зерттеу, қатынас т.б әрекетте қолданатын адамның ойлауын дамытып тәрбиелеудің белгілі бір жүйесі.



  1. Инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету мәселелері.

Субъективті қиындықтар: стандарттық процедуралардың әзірленбегендігі мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу дәрежесін үнемі қадағалау мақсатында білімді мониторинг жүргізу үшін индикаторлардың жоқтығы және қазақ тілінде оқу әдістемелік құралдардың аздығы. Оқу тәрбие процесін ұйымдастыруда тәрбиеші педагогтардың арнайы білімдерінің болмауы және мамандар тарапынан тұрақты кеңестің аздығы. Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымға келетін мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы көліктің болмауы. Мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке проблемаларының болуы, яғни олардың ауырып қалуы, мектепке дейінгі ұйымға тұрақты қатыспауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет