Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде.
Инклюзивті білім берудің теориялық негізі деп әлеуметтік үйрету психологиялық теорияларын санауға болады (А.Бандура, Р.Сирс, К.Халл В.Скиннер, У.Бронфенбреннер, және т.б.). Отандық ғалымдар батыстық интеграциялау модельдерін сипаттайтын әлеуметтік үйрету теорияларына қарсы іс-әрекеттік бағытқа негізделеді. Бұл бағыттың мағынасы мүмкіндігі шектеулі балаларды нақты мақсатқа жетуге бағытталған біріккен іс-әрекеттерді орындау барысында құрдастарының ортасына (ойын немес оқу, қарым-қатынас немесе танымдық іс-әрекеттер) қосумен анықталады. Ойын немесе оқу кеңістігінде түрлі психофизикалық деңгейлі балалардың іс-әрекетінің мақсаттары мен себептері әртүрлі болуы мүмкін. Жас ерекшелігіне сай негізгі іс-әрекет түріне бағытталу, жоғары психикалық қызметтері қалыптасуындағы сезімталдық кезеңдерін ескеру, балаларға тән іс-әрекет түрлерінің уақытылы қалыптасуы мен жасерекшелік психикалық жаңа құрылымдар арасындағы байланыстарды түсіну арнайы дайындалған маманға мүмкіндігі шектеулі балаларды мақсатты оқыту мен тәрбиелеуді іске асыруға мүмкіндік береді. Сонымен, егер батыс теоретиктері бір қызметтің қалыптасып, басқасының дамуы іске асырылмауы жағдайындағы «іс-әрекеттің жетілуі» жайлы айтса, отандық мектептің өкілдері қалыптастырушы мүмкіндігі шамамен шексіз баланың жеке тұлғасының дамуына байланысты жүйелі, іс-әрекеттік бағытқа сүйенеді.
Интеграция – integrare (латынша) – толықтыру, қосу сөзінен шыққан. ХХІ ғасырдың басында шетелде интеграция кең әлеуметтану-философиялық тұрғыда қарапайым адамдар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың бірлескен өмірін білдіретін форма ретінде түсінілді және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың барлық әлеуметтік процестерге, білім берудің барлық деңгейлеріне, демалысын ұйымдастыруға, жұмыс істеуіне және әртүрлі әлеуметтік рөлдер мен қызметтерді жүзеге асыруға шектеусіз қатыстылығын білдіреді және бұл құқық әлемнің көптеген дамыған елдерінде заңмен бекітілген. Инклюзия – мүмкіндіктері әртүрлі бaлaлaрды кәдімгі бaлaлaр ортaсынa, яғни қолжетімді мектеп өмірінің бaрлық жaғымды жaқтaрынa толығымен қосу.