Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде


Инклюзивті білім беру мынадай нақты құндылықтар мен ұстанымдарға негізделеді



бет12/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   107
Инклюзивті білім беру мынадай нақты құндылықтар мен ұстанымдарға негізделеді:

  • әр адам білім алуға құқылы;

  • білім беру туылғаннан басталады. Ерте жаста білім беру ерекше қажет, бірақ ол ересек жаста аяқталмайды, себебі бұл үдеріс өмір бойы жалғасады;

  • барлық балалар білім алуы керек;

  • әр адам белгілі бір сала бойынша не белгілі бір уақытта оқыту бойынша қиындықтарға тап болуы мүмкін;

  • әр адам білім алу барысында көмекке мұқтаж;

  • мектеп, мұғалім, отбасы бала ғана емес, өзге тұлғаларды да оқытуға ықпал етуге жауапты;

  • әр түрлі болу табиғи жағдай, ол өте бағалы және қоғамды толықтырып отырады;

  • біреуді кемсіте қарым-қатынас құру әрі бұндай мінез-құлық таныту сынға түсу керек. Балаларды толеранттылық тән және әртүрлілікті қалыпты жағдайда қабылдайтын инклюзивті қоғамда өмір сүруге дайындау керек;

  • мұғалімдер өздерімен өздері өмір сүрмеу керек, олар да үнемі қолдауға мұқтаж.




  1. ҚР инклюзивті білім берудің құқықтық негіздері.

Қазақстан Республикасының заңдамалары, арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалардың құқықтарын қорғауды, осыған қатысты барлық құқықтық ережелерінің сақталуын және осы балалардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді, олардың жоғары сапалы білім беру қызметтерін алуын, қол жетімді орта құрылуын қарастырады. Инклюзивті білім беруді жүзеге асыру халықаралық құқықтық актілерге бейімделген: олардың арасында адам құқықтары мен кез келген себеппен кемсітушілікке жол бермейтін мәселелерге қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) және Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру, ғылым мен мәдениет мәселелері бойынша ұйымының (ЮНЕСКО) басшылығымен қол қойылатын декларациялар мен конвенциялар бар. Олардың арасында Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы (БҰҰ, 1948 ж.), Бала құқықтарының декларациясы (БҰҰ, 1959), БҰҰ-ның «Білім беру саласында кемсітушілікпен күрес туралы» Конвенциясы (1960 ж.), БҰҰ-ның «Ақыл-ойы 7 кешеуілдеген тұлғалардың құқықтары туралы» Декларациясы (1971 ж.), ҚРның Үкіметі 1994 жылы ратифицикациялаған БҰҰ-ның «Бала құқықтары туралы» Конвенциясы (1989 ж.), Жалпыға бір білім беру туралы дүниежүзілік декларация, Джомтьен, Тайланд (1990 ж.), Дели декларациясы (1993 ж.),БҰҰның мүгедектерге тең құқықтарды қамтамасыз ету бойынша стандартты ережелері (1993 ж.), Ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға білім беру саласында қағидалар, саясат пен практикалық әрекеттер және ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға білім беру бойынша қызметтердің шеңбері туралы Саламан декларациясы (Саламанка, Испания, 1994 ж.), ҚР 20.02.2015 ж. ратифицикациялаған БҰҰ-ның «Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенциясы (2006 ж.) бар.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет