Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде


«Білім алудағы ерекше қажеттіліктер» ұғымы



бет2/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107
«Білім алудағы ерекше қажеттіліктер» ұғымы.

Мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алудағы ерекше қажеттіліктері:

  • психологиялық-педагогикалық қолдауға қажеттілік анықтала салысымен бірден онымен қамтамасыз ету;

  • қалыпты дамыған балаларды оқытуға қатысты қолданылмайтын оқытудың арнайы құралдары мен тәсілдерін пайдалану;

  • оқытудың таңдалған бағдарламасының баланың даму деңгейіне, шынайы жетістіктеріне (білім беру мониторингісі) сәйкестігін үнемі бақылау;

  • балалардың психосоматикалық ерекшеліктеріне сәйкес келетін кеңістіктік және мезгілдік білім беру ортасын ұйымдастыру;

  • баланы қоршаған барлық ересектердің оның білім алудағы ерекше қажеттіліктерін шешуге қатысуы.




  1. Европадағы интеграция мен инклюзивті білім берудің пайда болу тарихы

Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90-жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарлама толық енгізілді.
Бүгінгі таңдағы білім беруді дамытудың негізгі сипаттамаларының бірі, жаңа бағыттағы арнайы білім беруді талап ететін балаларға тең дәрежеде білім беру мәселесі болып табылады. «Жалпыға бірдей білім» бағдарламасына сәйкес 1994 жылы Саламанка қаласында (Испания) арнайы қажеттілігі бар балаларға білім беруді дамытуға арналған бүкіләлемдік конференция болып өтті. Конференция соңында Саламан декларациясы жасалды.



  1. Инклюзивті білім берудің мақсаты мен міндеттері.

Мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға қалыпты балалармен бірге білім беру, яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру – мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы.
Міндеті:

  • әлеуметтік бейімделу, тәрбиелеу, білім беру үрдісіне барлық қатысушылармен ерекше сұранысқа ие балалардың жағымды, өзара қарым қатынасын қалыптастыру;

  • олардың сұраныстары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, жан-жақты дамуына жағдай туғызу керек және әлеуметтік тұрғыда дұрыс мінез құлық қалыптастыру;

  • мүмкіндігі шектеулі балаларға бөбекжайда қажетті құралдармен қамтамасыз ету;

  • балалардың денсаулықтарына, жүйке жүйесінің дамуына жүйелік бақылау ұйымдастыру;

  • баланың даму деңгейіне таңдап алынған бағдарламаның жеткен жетістіктеріне үнемі бақылау жүргізіп отыру;

  • көңіл – күйі және тұлғалық дамуының кемшіліктеріне, жоғары деңгейдегі түзетулер жасау.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет