Теориялық сұрақтар Инклюзивтік білім беру психологиялық-педагогикалық зерттеулер пәні ретінде


Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудің Италияда қолданылатын модельдерін сипаттаңыз



бет75/107
Дата16.12.2023
өлшемі274,91 Kb.
#140278
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   107
Байланысты:
Инклюзив-Ответы 2023-2024 (2)

Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудің Италияда қолданылатын модельдерін сипаттаңыз.

ЕБҚ ететін немесе қажет етпейтін балаларға сабақ беретін мектептегі инклюзивті процестердің негізгі координаторлары – арнайы мұғалімдер – көмекшілер басқа мұғалімдермен сабақ беру және оқыту мәселелері бойынша жауапкершілікті бөліседі, ЕБҚ ететін мектеп оқушыларының оқудағы жетістіктерін жоспарлау және бағалау процесіне қатысады. Арнайы мұғалім көмекші болу үшін, жоғарғы оқу орнында оқудан және машықтанудан өтуден (көлемі 300 сағаттан кем емес/12 кредит) басқа, арнайы біліктілікке (60 кредиттен кем емес) ие болу үшін екі жылдық арнайы курстан өту талап етіледі. Сонымен қатар, қосымша адами ресурстар тартылады оқытуды қолдау бойынша ассистент, көмекші персонал/ бейімделгіш педагог (жеке гигиена және алып жүруге көмек көрсету үшін). Италияда ЕБҚ ететін балаларға қосымша оқу-материалдық ресурстар ұсынылады – техникалық құралдар (мысалы, Брайль жазу машинкасы) және қызметтер (мысалы, мектепке тегін жеткізу және білім беру мен медициналық орталықтарға тегін жеткізу); мақсатқа сәйкес реттеу және бейімдеу (мысалы, емтихан кезінде қосымша уақыт, сурдоаудармашылар).



  1. Мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудің Ұлыбританияда қолданылатын модельдерін сипаттаңыз.

T. Brandon және J. Charlton Англияның инклюзивті білім беру тәжірибесін сипаттайды. Бұл елде педагогикалық шеберлікті жетілдіру орталықтары (Centre for Excellence in Teacher Training, CETT) құрылған. Мұндай ұйымдар педагог кадрларды оқытуға бағытталған бірқатар мемлекеттік реформалардың маңызды нәтижесі болып табылады. Олар жоғары мектеп, колледж, біліктілікті арттыру курстарының оқытушыларын және оқудағы қиындықтары немесе МШБ-мен жұмыс істейтін мұғалімдердің практикалық жұмыс тәжірибесін қамтамасыз ету мақсатында бірыңғай кәсіптік қоғамдастыққа (community of practice, CoP) біріктіретін бірнеше ұйымдардың әріптестігіне негізделген.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет