Теориялық сұрақтар


Зертханалық тексеру әдістері



бет14/39
Дата19.12.2022
өлшемі215,89 Kb.
#58161
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39
Байланысты:
Пропедевтика емтихан сұрақтары MC2022-2023-1

Зертханалық тексеру әдістері:
Жалпы қан анализі
Қанның биохимиялық анализі: ақуыз,фибриноген,С – белсенді ақуыз, протромбин көрсеткіші, холестерин, трансаминазалар,лактатдегидрогеназа, креатинфосфокиназа
Аспаптық зерттеу әдістері:
Артериялық қан қысымды өлшеу
Электрокардиография
Рентген сәулесімен зерттеу
4Фонокардиография
5Эхокардиография
Электрокардиография-жүректе пайда болатын электр тогін жазу тәсілі.Электр тогының пайда болуы жүрек бұлшықетінің қозу қасиетіне байланысты .Қозған жердің электр заряді теріс,қозбаған жердің заряды оң.Бұл әдістер жүрек генерациялайтын электрлік импульстерді тіркеуге негізделген. Оларды жазу қисық сызық түрінде жүзеге асады. Кардиограмманы электродтардың көмегімен тіркейді, электродтар кеуде қуысына қойылып, арнайы аппаратқа қосылады.
Фонокардиограмма-жүректін тондары мен шуларын жазатын тәсіл.Клиникада бұл тәсіл 1893жылдан бері қолданылады.
Фонокардиография медицинада негізгі жүрек ақауларын, әсіресе тахикардия, аритмия кезінде аускультация арқылы анықталмағанда қолданылады. БұлФонокардиография медицинада негізгі жүрек ақауларын, әсіресе тахикардия, аритмия кезінде аускультация арқылы анықталмағанда қолданылады. Бұл әдістің ерекшелігі, тіптен ауыр жағдайдағы науқасқада жүргізуге болады. Функциональды диагностика орталығында фонокардиография жүргізу үшін арнайы температурасы 22 -26 г, дыбыс изоляциясы сақталған бөлмелер болуы керек.

  1. Асқорыту ағзаларының аурулары бар науқастарды тексеру әдістері.МҮҰ. Сұрастыру. Негізгі шағымдар және олардың механизмі.

Шағымдарын анықтау
Осы дерттің даму тарихын (дерттің анамнезі) анықтау – Дерттің басталу ерекшеліктері (себебі, қандай шағымнан), қалай (кенеттен, бірте-бірте), әрі қарай ағымы (шағымдар даму реттілігі, бәсеңсуі, өршуі) оның айқын көрінісіне дейін нақтыланады. Сонымен қатар жасалған емдік шаралар – өздігінше, дәрігер көмегі, оның тиімділігі.
Өмір тарихы – негізгі алынатын мәліметтер – өмірінің әр кезеңінде болған қолайсыз жайттар мен дерттері туралы мәлімет – бала кезіндегі дамуы мен өсуі (жасына сәйкес дамып өсті ме), оқуы (мектепте оқуы, қалыс қалған жоқ па?); еңбек жолын бастауы, әскер қатарында болуы, спортпен шұғылдануы.
Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы: тұрған жерінің жағдайы – бала кезінде, осы күндері; қаржылық жағдайы.
Тағамдану жағдайы: реттілігі мен тәртібі, құнарлығы, емдәм, ащыны, тәттіні, қышқылды, тұзды тағамдарды және т.б. жақсы көруі.
Жұмыс жағдайы: қызметінің түрі, жұмыс уақытының тәртібі, кәсіпшілік зиянды жайттар.
Зиянды әдеттері: темекі шегу – қанша жастан, қандай мөлшерде, арақ, анаша, қою шәйды пайдалану, кейбір дәрілік заттарға (кофеин, фенацетин, транквилизаторлар және т.б.) әуестенуі.
Болған деттері – балалық және ересек кезінде кезінде. Оталар, жарақаттар. Қан және оның қоспаларын құю.
Аллергиялық әсерленулер – тағамдық заттарға, әртүрлі дәрілерге, вакциналарға, қан сарысуына. Аллергиялық дерттердің болуы (ринит, есек жемі, Квинке ісігі, поллиноздар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет