Теориялық сұрақтар



бет15/39
Дата19.12.2023
өлшемі325,07 Kb.
#141044
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39
Байланысты:
Теориялық сұрақтар-emirsaba.org

Негізгі шағымдар.
Өңеш ауыратын адамдардың басты шағымдарына тамақ жұтудың бұзылуы, өңеш бойының ауыруы, құсу және қан кету жатады.
Тамақ жұтудың бұзылу (дисфагия) түрлерiне тамакты киналып жұту мен тамақты жұта алмау жатады . Бұл шағым негiзiнен өңештің тарылғанынан болады . Өңештің тарылу себептері органикалык және функциялык болып екіге бөлінеді . Органикалык себептерге кылтамак , же дел және созылмалы эзофагит , өңештің күюі , күйіктен кейін тыртык тануы және өңеш дивертикулі жатады.
Өңеш бойынын ауыруы эзофагитке, өңештің күйгеніне тән. Сире гiрек бұл шағым кылтамакта да кездесiп калады. Өңеш бойының ауыруы көбiне тамак кабылдаған кезде болады. Кейде тамақ кабылдаудан тыс мезгiлiнде де кездеседі. Ауырғандық жауырын аралығына карай тарайды.
Құсу. Өңеш ауруларында құсу өңештiң тарылғанынан болады. Қабылдаған тамақ өңештiң тарылған бөлiгiнiң жоғарғы жағында жина лады . Өңеш ауруынан болатын құсық тамақ ішкеннен шамалы уақыт тан кейін басталады. Құсар алдында жүрек айну болмайды . Құсқан кезде кұрсак қабырғасының бұлшықеттері мен қарынның жиырылғаны бай қалмайды . Құсық көбiне ауру адам еңкейгенде , не жатканда өз салмағымен ауызға келiп куйылады , не болмаса жұткан тамақтын ауыз iшiне қайтуы өңештiн түйiлгенiнен болады . Өңеш құсығының себептерi қыл тамак, өңеш дискинезиясы ( спазмы ) және өңеш дивертикулі.
Өңештен кан кету. Өңеш венасының варикозды кеңігенiнде, эзофагитте, қылтамақта және қолқа аневризмасынын өңеш iшiне жарылғанында болады.
Асқазан ауруларында негізгі шағымдарына тәбеттің өзгеруі,іштің ауыруы, жүрек айну, құсу, қан кету, кекіру және қыжылдау жатады.
Асқа тәбеттің өзгеруі асказанның кiлегей қабығына көптеген факторлардың әсер етуінен болады . Олардын iшiнде асказан сөлі мен тағамның әсері шешуші рөл атқарады. Тәбеттің өзгерiсiне оның нашарлауы, не тәбет болмау, тәбеттін күшеюі және тағам емес заттарға ( бор кемiр т.б.) құштарлык жатады.
Іштің ауыруы асказанның әртүрлі ауруларында кездеседi. Асқа ауруларында болатын iштiн ауыруы асқазан және ұлтабардын түйіліп жиырылуынан болады. Кей жағдайда iштiн ауыруы асқазан кабырғасындағы нерв талшықтарының тiтiркенуiнен де болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет