Теориялық сұрақтар


Аурудың өмір тарихы анамнез vitae



бет13/39
Дата19.12.2023
өлшемі325,07 Kb.
#141044
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39
Байланысты:
Теориялық сұрақтар-emirsaba.org

Аурудың өмір тарихы анамнез vitae
Тұрмыстық жағдайы
Еңбек жағдайы
Жаман қылықтары немесе әдеттері
Тұқымқуалаушылық
Аллергиялық анамнез
  1. Жүрек-қантамырлар жүйесінің аурулары бар науқастарды тексеру әдістері. МҮҰ. Жалпы қарау. Диагностикалық маңызы.


Жалпы қарауды бір реттік жүйелілікпен жүргізу керек:


1. Науқастың жағдайы: қанағаттанарлық, орташа ауыр дәрежесінде, ауыр и өте ауыр.
2. Науқастың сана-сезім күйі: жүрек-тамыр ауруларында сананың бұзылуының себебі - мидың қан айналысының нашарлауы.
3. Науқастың қалпы: белсенді, енжар, мәжбүрлі
4. Науқастың жалпы келбеті: семіздік көбіне жүрек әлсіздігінің себебі, жүректің созылмалы әлсіздігі көп жағдайда аурудың арықтауына әкеліп соғады.
Жүрек ауруларында болатын тері түсі өзгерісі - оның ағаруы (қолқа ауруларында кездеседі) мен көгеруі (гемоглабиннің көбеюіне байланысты). Ал ақшыл-сары түс бактериялық эндокардитке тән.
  1. Жүрек-қантамырлар жүйесінің аурулары бар науқастарды тексеру әдістері. МҮҰ. Жүрекке пальпация жүргізу. Диагностикалық маңызы.




Пальпация тәсілімен жүрек-тамыр жүйесiн тексергенде жүрек ұшы соққысының қасиеттерiн, «мысық пырылы» феноменiн, артерия пульсiнiң қасиеттерiн және басқа да пульсацияларды тексереді.
Журек ушы соққысын әуелі оң қолдың алақаның журек тұсына көлденең қойып байқайды. Жалпы мәлімет алғаннан кейiн жүрек ұшы соққысын саусақтың ұшымен жан-жақты тексерiп шығады. Жүрек ұшы соққысын зерттеген кезде оның орнын, ауданын, биiктiгiн және күшiн анықтайды.

Пальпация тәсілімен жүрек ұшы соккысының орнын аныктауға болады. Іштен туа болатын декстрокардияда (жүректің оң жақта болуы) журек ұшы соққысының орны сол жақпен бiрдей, тек айырмашылығы оның оң жақта орналасатыны. Журек ұшы соққысының орны (локализациясы) аурудың төсектегі қалпына байланысты өзгерiп тұрады. Ауру сол жақ буйiрiне жатқанында ол солға карай 3-4 см-ге ығысады, науқас оң жақ буйiрiне жатқанында оңға қарай 1-2 см-ге ығысады. Демді ішке терең алғанда, диафрагманың төмен түсуiне байланысты, ол аздап төмен және iшке қарай ығысады. Демді барынша сыртқа шығарғанда, ол шамалы жоғары және солға ығысады. Патологиялық жағдайда журек ұшы соққысы орнының өзгеруiне журектен тыс себептер мен жүрек ауруларына байланысты себептер әсер етуi мүмкiн. Жүректен тыс себеп-терге кеуде куысы кысымының
өзгеруi мен диафрагма денгейiнiң өзгерiстерi жатады.
А. Кеуде қуысы қысымының өзгеруі. Жүрек кеуде қуысының ішінде тамырларға ілініп үлпершектің ішінде бос жатыр. Сондықтан да кеуденің бір жағында қысым көбейсе, ол қысымы аз жаққа ығысады. Гидро және пневматорокста жүрек қысымы аз сау жаққа ығысады. Өкпе басылғанда (ателектазында) және оның көлемі азайғанда, жүрек ауру жаққа (қысымы аз) ығысады. Жүрек ығысқан жаққа жүрек ұшы соққысы да ығысады.
кысы да ығысады.
Б. Іш куысының қысымы күшейгеннен (семіру, метеоризм, асцит және екіқабаттылық) диафрагма жоғары көтерiледi. Оған сәйкес жүректiң де аздап жоғары және солға ығысқаны байқалады. Диафрагманың төмен түсуi iш куысы қысымының азаюына (арықтау), өкпе эмфиземасына байланысты. Бұган сәйкес жүрек те, демек, жүрек ұшы соққысы да төмен және iшке карай ығысады.

Журек ұшы соққысы орнының жүрекке байланысты өзгеруi журек карыншаларының гипертрофиясы мен дилатациясына байланысты. Журек ұшы соққысының анағұрлым солға және төмен ығысуы жүректің сол жақ қарыншасының гипертрофиясы мен дилатациясында кездеседi. Сол жақ қарыншаның ең айтарлықтай гипертрофиясы мен дилатациясы қолқалық ақауларға және артериялық гипертонияға тән. Жүректің және журек ұшы соққысының солға ығысуы журектiн оң жақ қарыншасының гипертрофиясында да кездеседі. Соңғы жағдайда журек ұшы соққысының солға қарай ығысуы үлкейген оң жақ карыншаның сол жақ қарыншаны солға қарай жылжытатына байланысты.

Журек ұшы соққысының ауданы, жоғарыда көрсетiлгендей, калыпты жағдайда 2 см квадратқа тең. Егер оның ауданы бұдан көп болса, оны жайылмалы жүрек ұшы деп атайды. Егер журек ұшы соққысынын ауданы 2 см²-ден кем болса, оны шектеулі жүрек ұшы деп атайды. Жүрек ұшы соққысының ауданы журектiң кеуде кабырғасына тиiп жатқан ауданына байланысты. Қалыпты жағдайда жайылмалы жүрек ұшы демді барын ша іштен шығарғанда (өкпенiң шеттерi жүрек үстiнен сыртқа қарай ығысады) және екіқабат әйелдерде (диафрагманын көтерілуі) кездеседі.

  1. Жүрек – қантамыр жүйесін зертханалық және аспаптық зерттеу. МҮҰ. Электрокардиография, фонокардиограмма әдістері туралы жалпы ұғым. Диагностикалық маңызы.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет