Теориялық сұрақтар
Теориялық сұрақтар.
Ішкі аурулар пропедевтикасында мейіргерлік үрдісті ұйымдастыру, оның мақсаты, даму кезеңдері, мейірбикенің науқасты тексерудегі рөлі. Гиппократ мектебі – клиникалық медицинаның негізін қалаушысы. Ғалымдардардың еңбектері.
Науқасты тексерудегі мейірбикенің ролі
Науқасты тексеруге науқас туралы ақпарат жинау, соның ішінде ауру тарихы, өмір тарихы жинау және обьективті тексеру әдістері жатады.науқасыт тексерудегі маңызды элементтің бірі науқастан сұрау арқылы ақпарат жинау.
Науқасты субъективті тексеру
Науқастың өзінен сұрап білу-белгілі схемамен жүреді.
Паспортты мәліметтер.
Науқастың шағымдары.
Қазіргі уақыттағы аурудың анамнезі.
Өмір анамнезі.
Паспортты мәліметтер: аты-жөні, әкесінің аты, жасы, мамандығы, тұрған жерінің мекен жайы.
Шағымдары:
Паспортты мәліметті анықталған соң, науқастың ме,дициналық көмекке келуіне тура келген шағымдарын анықтайды. Шағымдарын детальдап, егер ауыру сезімі болса, онда мыналарды анықтау керек:
қандай жағдайда ауыру сезімі пайда болды.
оның мінездемесі.
жиілігі.
ұзақтығы.
иррадиациясы.
қандай шаралардан кеін бәсеңдейтіндігі.
Науқастың шағымдарының негізгі және екіншілік шамамен бөліп алады.
Негізгі шағымдары деп – науқастың ең көп мазалайтын және өте айқын көрінетін шағымы.
Қазіргі кездегі аурудың тарихы.
Келесі жағдайларды анықтау керек.
ауру қашан басталғаны.
қалай басталды.
қалай өтіп жатыр.
қандай зерттеулер жүргізілген және олардың қортындысы.
қандай емдеу шаралары жүргізілген және олардың пайдасы.
егер ол созылмалы ауру болса, онда алғашқы көріністерін анықтайды, ал содан кейін хронологиялық тізім бойынша оның динамикасын, рецидивтердің бар екендігін, ремиссияны және олардың ұзақтығын анықтайды. Науқаста диспансерлік учетта тіркелгендігі туралы сұрайды. Ең соңында, стационарға жатқызылуына немесе дәрігерге келуіне қарай себеп болғанын анықтайды.
Өмір тарихы:
Науқастың өмірі туралы мәліметтерді білу арқылы қазіргі кездегі ауруды және оның әрі дамуына тұқым қуалаушылық және сыртқы фактордың әсерінен туындап отырғанын білуге болады. Хронологиялық тізім бойынша мыналарды анықтау:
Қысқа биологиялық мәліметтер – қашан және қайда туылғаны, қаншасыншы бала екендігі, ақыл-ой және физикалық даму, даму кезінде, бала кезінде және мектепте оқып жүргенде алғашқы аурулар туралы, жұмысқа қай жасында кіріскені, армиаға барғандығын, еңбек жағдайын, еңбек және демалу уақытын, туған-туысқандарының денсаулығын, ал әйелдерден етеккірінің қай жастан басталғанын, қанша рет жүкті болғанын, түсіктің неше рет болғаны, қанша рет босағаны, жасанды аборт неше рет жасағаны, климакстың қай жаста басталғаны жөнінде мәліметтер алады.
Тұқым қуалаушылық:
А) жалпы (туберкулез, ісіктер)
Б) осы ауру бойынша.
Жаман қылықтары немесе әдеттері: қай уақыттан темекі тартатындығы және күніне неше рет тартатыны және алкагольді қабылдайтындығын сұрайды.
Аллергиялық анамниз: тағамдар және дәрілік препараттарға т.б. аллергиясы бар ма, соны сұрау.
Достарыңызбен бөлісу: |