Теориялық сұрақтар


Кеуде торын қарау және пальпациялау



бет9/39
Дата19.12.2023
өлшемі325,07 Kb.
#141044
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39
Байланысты:
Теориялық сұрақтар-emirsaba.org

Кеуде торын қарау және пальпациялау.
Кеуде торын қарауда алдымен кеуде торының пішіні анықталады – қалыпты жағдайда дене бітіміне сәйкес болады: нормостеникалық, гиперстеникалық, астеникалық.
Кеуде торының патологиялық пішіндері:
  1. Эмфизематозды (бошке тәрізді) – қысқа, қабырға аралығы үлкейген (өкпе эмфиземасында);


  2. Паралитикалық кеуде торы – тегіс, тар, ұзын (туберкулезде);


  3. Рахитикалық («тауық тәрізді») – алдыңғы, артқы өлшемдері үлкейген;


  4. «Воронка тәрізді» («етікші кеудесі») – төстің төменгі бөлігінде ойығы болады (ұзақ компрессияда, даму аномалиясы);


  5. Ладья (қайық) тәрізді кеуде клеткасы – төстің жоғарғы және ортаңғы бөлігінде ойығы болады.




Тыныс алу түрлері
Кеуде торына қарағанда тыныс алудың түріне, жиілігіне және ритміне назар аударылады.
Тыныс алудың түрлері:
кеуделік – әйелдерде.
құрсақты (диафрагмальді) – ер адамдарда.
аралас- баларда, қарт кісілерде байқауға болады.
Тыныс алу жиілігі қалыпты жағдайда 16-20 рет минутына. Қалыпты жағдайда өкпедегі ауаның көлемі 300-900мл, орташа көрсеткіші 500мл). Тыныс алу беткей және терең болады.
Тыныс алудың патологиялық түрлері:
1. Биот тыныс алуы;
2. Чейн – Стокс тыныс алуы;
3. Куссмауль тыныс алуы;
4. Грокк тыныс алуы;
Тыныс алудың патологиялық түрлері орталық нерв жүйесінің әр түрлі патологиялық жағдайларда болады: менингитте, инсультта, ауыр улануларда,
ми жарақаттарында, агонияларда және т.б.
Стандарт: Өкпеге салыстырмалы перкуссия жасау.
Мақсаты:өкпе ұлпасы және плевра қабатындағы патологиялық өзгерістерді анықтау.
Көрсеткіші:пневмония, туберкулез, ісік, ателектаз, өкпе инфаркті, экссудативті плеврит, гидраторакс, гематоракс, өкпе эмфиземасы, пневмоторакс, абцесс, өкпе туберкулезі.
Қарама-қарсы көрсеткіші:жоқ.
Асқынулары:жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет