Ішектің кебуі ( метеоризм ) . Іштің кебуі деп iшiндегi газ көбейгендіктен қарын мен ішектін кебуін айтады.
Ішектен кан кету . Ішектен қан кетудiн себептері
1. Ішек қабырғасында жара болу ( он екi елi iшек жарасы , тоқ ішектің iшек сүзегiнде , дизентерияда , туберкулезде т.б. болатын жарасы ).
2. Ішек қабырғасында қан айналысынын нашарлауы (веналардын варикозды кеңуi, шажыркай тамырларының бітуі)
3. Геморрагиялык диатездер.
Асқорыту ағзаларының аурулары бар науқастарды тексеру әдістері. МҮҰ. Қарау. Диагностикалық маңызы.
Шағымдары: құрсақтағы ауру сезім, өңеш бойындағы ауру сезім, жұтудың және тағам өтуінің бұзылысы, жүрек айну, құсу, қыжылдау; іштің кебуі, тәбеттің бұзылысы, іштің өтуі, қатуы, қан кету, жүдеу, әлсіздік, шаршағыштық, жұмысқа қабылетінің төмендеуі, ашуланшақтық.
Дерттің даму тарихы – anamnesis morbi – анықталатын жағдайлар: а) дерттің басталу себебі ( тағам қабылдау реттілігінің, сапасының бұзылысы, психо – эмоционалдық тежеулер және т.б.); б) белгілері, олардың ағымы, дамуы; бәсеңсу себептері; в) қолданған ем, оның әсері; г) жүргізілген тексерістер, олардың қорытындылары; д) емханаға осы рет келген себебі, аурудың қайталану себебі;
Науқастың өмір тарихы – anamnesis vitae – осы дертке алып келген, себеп болған жағдайлар – тағамммен байланысты, көңіл-күйдің бұзылысы – шиеленістер; жіті немесе ас қорыту ағзаларының дерттерінің болуы және т.б. тұрмыстары немесе жұмысындағы уланулар; аллергия, тұқым қуалаушылық, ас қорыту жолдары ағзаларының оталары және т.б. себептер.
Объективті зерттеу.
Қарау. Жалпы қарағанда науқастың жалпы келбетіне көңіл бөлу керек: терісі қан кетуден бозарып тұрады, асқазан обырында науқас жүдейді, терісі бозғылт, жер түстес, көз қарасы мұңайлы.
Ауыз қуысын қарау. Ауыз қуысын қарағанда тістің бүтіндігіне, тұтастығына көңіл бөлінеді. Тісі толық болмаса науқас тамағын дұрыс шайнамайды деген қорытынды шығарылады, кариозды тіс болса ол инфекция ошағы болып саналады.т ілді қарағанда тіл үстін түбіне дейін көреді,ол өте көп мәлімет береді:
1.таза ылғалды - қалыпты жағдайда және асқазан ойық жарасының ремиссия кезеңінде
2.ақшыл - сұр тұтықпен қапталған және жағымсыз иіс беретін тіл - жедел гастритте
3.құрғақ тіл – перитонитте, асқазан перфорациясында, жедел панкреатитте
4.жылтыр тіл - асқазан рагінде
5.таңқұрай түсті жылтыр тіл - қан ауруларында
Ішті қарағанда оның топографиясын еске түсіре отырып конфигурациясын, көлемін байқайды. Өте арық адамдардаасқазандағы ісікте байқалып тұрады
Асқорыту ағзаларының аурулары бар науқастарды тексеру әдістері. МҮҰ. Зертханалық және аспаптық зерттеу. Асқазан сөлін тексеру әдістері. Диагностикалық маңызы.
Аурудың әртүрлі белгілерін анықтау үшін клиникалық зерттеу әдістері қолданылады. Олар науқасты сұрастырудан басталып, дене температурасын өлшеп және одан да күрделі зерттеулер, яғни микроскоппен қанның формалық элементтерін анықтап, ағзаның сұйықтықтарын химиялық зерттеулер, рентген сәулелерімен сәулелендіру және т. б.. жүргізіледі.
Асказан-ішек жолы мушелерінін рентгенологиялык зерттемесінін ерекшеліктері:
Зерттемеге дайындык кажет Рентгеноскопия кажет
Полипозициялы зерттеме кажет
Әркашанда контрастілеу жургізу керек
Зерттеуді уш сатыда откізеді - тығыз толтыру, шырышты кабаттын рельефін зерттеу, екі реттік контрастілеу жагдайында зерттеу.
Достарыңызбен бөлісу: |